Жер дауына қатысты азаматтық іс қаралғанда тиісті жауапкерлер яғни жер бөлуді ресімдейтін заңды тұлғалардың өкілдерінің қатысулары қамтамасыз етілмеген
Талапкер О. жауапкерлер –Е., С., Түлкібас ауданының әкімдігіне, Түлкібас аудандық жер қатынастары бөліміне, Түлкібас аудандық жер кадастр филиалына, Түлкібас аудандық Әділет басқармасына, мүдделі жақ жеке нотариус А.-ға қарсы сотқа талап арыз беріп, Түлкібас ауданы әкімінің 2006 жылғы 24 маусымындағы №345 қаулысын және 2006 жылғы 4 шілдедегі №359 қаулысын заңсыз деп танып, күшін жоюды, №19-300-089-686 мемлекеттік актіні және оның Түлкібас аудандық жер қатынастары бөлімінде тіркелуін жарамсыз деп танып, күшін жоюды, Е. мен С.-ның арасындағы нотариус А. куәлендірген сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тануды және даулы жерге меншік құқығын бекітіп, шешім шығарып беруді сұраған. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық сотының 2012 жылғы 22 қазандағы шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып, Түлкібас ауданы әкімінің Келтемашат ауыл округінде орналасқан пионер лагерінің жерінен О.- ға демалыс орнын ұйымдастыру үшін 1,15 га жерді жеке меншікке сатып беру туралы 2006 жылғы 4 шілдедегі №359 қаулысы жарамсыз деп танылып, күші жойылған. Түлкібас ауданы әкімінің Келтемашат ауылдық округінің аумағындағы арнайы жер қорының жерінен барлығы 28 500 шаршы метр жерді демалыс орнын ұйымдастыру үшін Е.-ге жеке меншікке сатып беру туралы 2006 жылғы 24 маусымдағы №345 қаулысы заңсыз және осы қаулының негізінде Е.-ге берілген жер теліміне жеке меншік құқын беретін №19-300-089-686 мемлекеттік акті жарамсыз деп танылып, күші жойылған. Нотариус А. 2012 жылғы 11 мамырда куәлендірген, Е. мен С.-ның арасындағы Келтемашат ауылдық округіндегі №686 жер телімін сатып алу-сату шарты және оның Түлкібас аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелуі жарамсыз деп танылған.
Талап арыздың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысымен сот шешімі өзгертіліп, шешімнің Түлкібас ауданы әкімінің Келтемашат ауылдық округінің аумағындағы арнайы жер қорының жерінен барлығы 28 500 шаршы метр жерді демалыс орнын ұйымдастыру үшін Е.-ге жеке меншікке сатып беру туралы 2006 жылғы 24 маусымдағы №345 қаулысын заңсыз және осы қаулы негізінде Е.-ге берілген жер теліміне жеке меншік құқын беретін мемлекеттік актіні жарамсыз деп танылған бөлігінің, Е. мен С.-ның арасындағы №686 жер телімін сатып алу-сату шарты мен оның мемлекеттік тіркелуі жарамсыз деп танылған бөлігінің күші жойылып, талап арыздың осы бөліктерін қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығарылып, шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған. Облыстық соттың кассациялық сот алқасының қаулысымен апелляциялық сот алқасы қаулысының күші жойылып, Түлкібас аудандық сотының шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Е. кассациялық сот шешімімен келіспей, Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасына берген өтінішінде істі қарау барысында материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуына байланысты іс бойынша қабылданған бірінші сатыдағы сот шешімінің және кассациялық сот алқасы қаулысының күшін жойып, апелляциялық сот алқасының қаулысын күшінде қалдыруды сұраған. О. қарсы шағымында кассациялық сот алқасының қаулысын заңды күшінде, ал Е.-нің өтінішін қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған. Тараптардың түсініктерін, прокурордың іс бойынша сот актілерінің күшін жойып, жаңа шешім қабылдауды сұраған қорытындысын тындап, азаматтық іс құжаттарын және өтініштің уәждерін тексеріп, қадағалау сот алқасы өтініш төмендегі негіздерге байланысты қанағаттандыруға жатады деген тұжырымға келді.
Жер дауына қатысты азаматтық іс қаралғанда тиісті жауапкерлер яғни жер бөлуді ресімдейтін заңды тұлғалардың өкілдерінің қатысулары қамтамасыз етілмеген
Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әріАІЖК) 387-бабының 3-бөлігіне сәйкес, материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады. Іс бойынша мұндай кемшіліктерге жол берілген. Іс құжаттарын қарағанда, Түлкібас аудандық сотының заңды күшіне енген 2004 жылғы 24 қарашадағы шешімімен және 2004 жылғы 26 қарашадағы қосымша шешімімен О. мен «Шопан Ата» ӨК арасындағы Келтемашат ауыл округінде орналасқан пионер лагерінің ғимараттары мен басқа да жылжымайтын мүліктерін сатып алу-сату мәмілесі жарамды деп танылған. Соттар дауды қарағанда, О. пионер лагеріне тиесілі жер теліміне құқық беру жөніндегі арызын Түлкібас ауданы әкіміне 2005 жылғы 6 шілдеде жазғанын, бірақ Жер кодексінің 43-бабының талаптары сақталмай, аудан әкімі заңда белгіленген мерзімде О.-ға сұраған жер телімін беру немесе одан бас тарту жөнінде шешім қабылдамағанын көрсеткен. Түлкібас ауданы әкімінің 2006 жылғы 24 маусымдағы №345 қаулысымен Е.-ге Келтемашат ауылдық округінің аумағындағы арнайы жер қорынан 28 500 шаршы метр жер телімі демалыс орнын ұйымдастыру үшін жеке меншік құқығымен берілген. Е.-ге бөлінген жер телімі бұрынғы пионер лагері аумағынан берілгенін аудандық жер қатынастары бөлімінің мамандары бекіткен. Түлкібас ауданы әкімінің 2008 жылғы 20 ақпандағы №86 қаулысымен О.-ға Келтемашат ауылдық округінде орналасқан бұрынғы пионер лагерінің жерінен жалпы көлемі 21519 шаршы метр жер телімі демалыс орнын ұйымдастыру үшін жеке меншік құқығымен берілген, бұл қаулыны ешкім дауламаған және бұзылмаған. Дау келтірілген сот актілерімен келіспегенде жауапкер Е. келесі мәнжайларды көрсеткен. Азаматтық іс бойынша іс қаралғанда тиісті жауапкерлер, яғни Түлкібас ауданы әкімшілігінің, Түлкібас аудандық жер қатынастары бөлімінің заңды өкілдерінің қатысулары қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 52-бабының 2-бөлігінде «үйлерге (қүрылыстарға, ғимараттарға) және басқа да жылжымайтын мүлікке меншік қүқығы не шаруашылық жүргізу қүқығы немесе оларды оралымды басқару қүқығы ауысқан жағдайда сатып алушыға меншік қүқығы ауысатындығы, ал осы Кодексте белгіленген жағдайларда бүкіл жер телімі не үй (қүрылыс, ғимарат) иеліктен шығарылған кезде дербес жер телімі бөлінген болса, оның белгілі бір бөлігіне түрақты немесе уақытша үзақ мерзімді жер пайдалану қүқығы, немесе егер жер телімі бөлінбесе немесе бөлінуге жатпайтын болса, жер теліміне ортақ меншік қүқығындағы немесе ортақ жер пайдалану қүқығындағы үлесі ауысатындығы» көзделген. Бұл ретте бірінші сатыдағы сот осы заң нормасын дұрыс қолданбаған.
Өйткені, бұрынғы ғимараттардың фундаменттері, сол жердегі жылжымайтын мүліктер «Шопан Ата» өндірістік кооперативі иелігінен талапкер О.-ға өткен кезде сол мүліктер орналасқан жер теліміне «Шопан Ата» өндірістік кооперативінің құқықтарын бекітетін дәлелдемелер сотқа ұсынылмаған және талап-арыздың пионер лагеріне қатысты жерге сатып алу-сату мәмілесі орын алғандығы жөніндегі бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған. АІЖК-нің 159-бабына сәйкес, бір тарап өкілінің екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасалған мәмілені сот жәберленуші тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін. Алайда, бірінші және кассациялық сот сатылары аталған заң нормасын дұрыс қолданбаған, себебі, даулы шарт басқа тараптардың араларында түзілген, ал талапкер ол шарт бойынша жәбірленуші тарап болып танылмайтынын және жер телімін сатып алушы С. ол жер телімінің даулы екенін білмегенін ескермеген. Мұндай жағдайда қадағалау сот алқасы дау келтірілген кассациялық сот алқасының қаулысының күшін жойып, апелляциялық сот алқасының қаулысын күшінде қалдыру қажет деп санайды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Жер дауына қатысты азаматтық іс қаралғанда тиісті жауапкерлер яғни жер бөлуді ресімдейтін заңды тұлғалардың өкілдерінің қатысулары қамтамасыз етілмеген
152 рет жүктеп алынды -
Жер дауына қатысты азаматтық іс қаралғанда тиісті жауапкерлер яғни жер бөлуді ресімдейтін заңды тұлғалардың өкілдерінің қатысулары қамтамасыз етілмеген
125 рет жүктеп алынды