Өз бетінше иеленіп алған жерді мемлекет меншігіне қайтару, салынған құрылысты жауапкер есебінен бұзу туралы талап арыз
Талап қоюшы Шымкент қаласының әкімі жауапкер Л.-ның өз бетінше иеленіп алған жерді мемлекет меншігіне қайтару, салынған құрылысты жауапкер есебінен бұзу туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының 2016 жылғы 30 қыркүйектегі шешімімен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылған. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2016 жылғы 7 желтоқсандағы қаулысымен сот шешімінің күші жойылып, талап арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданған. Шымкент қаласы Қаратау ауданы, 194 орам, № 2518 учаскесінде (бұрынғы кадастрлық № 19-309-194-2518) орналасқан 1 қабатты, жалпы алаңы 358,9 шаршы метр, ұзындығы 17,2 метр, ені 22,3 метр іргетасы құймалы бетон, сыртқы қабырғасы күйген қыштан, ішкі қабырғалары лай қыштан, шатыры темір жабдықтан салынған тұрғын үй құрылысы жауапкер Л.-ның есебінен бұзылып, жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару міндеттелген. Өтінішхаттың уәждерін қуаттаған жауапкердің өкілінің түсінігін, прокурордың сот актісінің күші жойылып, іс қайта қарауға жіберілуге деген қорытындысын тыңдап, іс материалдарын зерттеп, кассациялық сот алқасы дауланып отырған апелляциялық сатыдағы соттың қаулысының күші төмендегі негіздерге байланысты жойылуға жатады деген қорытындыға келген. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Өз бетінше иеленіп алған жерді мемлекет меншігіне қайтару, салынған құрылысты жауапкер есебінен бұзу туралы талап арыз
Іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілген. АПК-нің 427-бабы 4-бөлігінің 3) тармақшасында істі қарау кезінде сот ісін жүргізу тілі туралы қағида бұзылған кез келген жағдайда бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылуға жататыны бекітілген. АПК-нің 14-бабы 3, 4-бөліктеріне сәйкес іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысатын адамдарға сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа да тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен айғақтар беру, өтінішхаттар беру, шағымдар жасау, сот актілеріне дау айту, іс материалдарымен танысу, сөз сөйлеу, осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметтерін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі. Сот азаматтық сот ісін жүргізуде сот ісін жүргізу тілін білмейтін адамдарға заң бойынша оларға қажетті іс материалдарының аудармасын тегін қамтамасыз етеді. Сот іске қатысатын адамдарға сотта сөйлейтіндердің басқа тілде сөйлейтін бөлігін сот ісін жүргізу тіліне аударуды тегін қамтамасыз етеді. Осы іс бойынша жауапкер Л. және оны өкілі Ш. іс жүргізіліп отырған тілді – қазақ тілін білмейтін болғандықтан, сотта аудармашы қатыстырылған. Алайда, іс кұжаттарына қарағанда, бірінші сатыдағы сотта өткен бес сот отырысының екеуіне жауапкердің өкілі Ш. қатысса, оның тек біреуіне ғана аудармашы шақырған. Іс апелляциялық тәртіпте қаралған кезде аудармашының қатысқанын дыбыс-бейнежазбаның сапасыз жазылуына байланыста тексеріп көру мүмкін емес. Бұдан басқа, іс құжаттарына қарағанда, сот актілері және талапкердің апелляциялық шағымы жауапкер жағына жазбаша түрде ресми тілге немесе ол білетін басқа тілге аударылып берілмеген. Осы мән-жайлар сот алқасының отырысына қатысқан жауапкер өкілінің уәждерімен өз дәлелін тапқан.
Бұл аталған кемшіліктер сот сатыларының жауапкердің қорғану құқықтарын қамтамасыз етпегенін және сот ісін жүргізу тілі туралы қағидаттарын сақтамағандығын көрсетеді. АПК-нің 5-бабының 2-бөлігінде азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттарын бұзу оның сипаты мен елеулілігіне қарай шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеледі деп көрсетілген. Істің мұндай тұрғысында, осы іс бойынша қабылданған бірінші және апелляциялық сатыдағы сот актілерін заңды және негізді деп тануға болмайды. Сондықтан жоғарыда аталғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі кассациялыық сот алқасы жергілікті сот актілерінің күшін жойып, азаматтық істі бірінші сатыдағы сотқа судьялардың басқа құрамында жаңадан қарауға жолдады. Жауапкер Л.-нің, мүдделі тұлға К.-нің өтініштері ішінара қанағаттандырылды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы