22-бап. Жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың төтенше жағдай режимiнiң талаптарын бұзғаны үшiн жауаптылығы Төтенше жағдай туралы Заңы
1. Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар төтенше жағдай режимiнiң талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз етуге қатысушы органдардың қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерiнiң дене күшiн, арнайы құралдарды, қызметтiк иттердi, қаруды заңсыз қолдануы және әскери техниканы заңсыз пайдалануы, сондай-ақ лауазымды адамдардың қызметтiк өкiлеттiгiн асыра пайдалануы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жергілікті жерлерiнде төтенше жағдайды енгiзудiң және оның қолданылуының негiздерiн, мерзiмдерiн, тәртiбiн, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін белгілейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы