52-бап. Кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
1. Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын және кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар өздерінің құрылу мақсатына, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, мемлекеттiк тiркеуге жатады.
2. Кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, олар заңды тұлға құқығын иеленбестен есептiк тiркеуге жатады.
3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (тіркеуші орган) жүзеге асырады.
4. Кәсіпкерлік субъектілері – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы