169-бап. Мемлекеттің акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сатып алуы Мемлекеттік мүлік туралы Заңы
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін республикалық және коммуналдық мүліктің құрамына сатып алу туралы шешімді тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
2. Акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін бюджет қаражаты есебінен сатып алу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.
3. Акционерлік қоғамдардың акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын ақшадан басқа, өзге мүлікпен төлеу туралы шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік мүлікті беру осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.
4. Акционерлік қоғамдардың акцияларын республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдарды құрған кезде республикалық мүліктің құрамына түсетін, акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізіліміндегі акциялар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның жеке шотының есебіне жатқызылуға тиіс.
Акционерлік қоғамдардың акцияларын жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алған кезде, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөлініс қатысатын акционерлік қоғамдарды құрған кезде коммуналдық мүліктің құрамына түсетін, акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізіліміндегі акциялар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органның жеке шотының есебіне жатқызылуға тиіс.
5. Осы баптың ережелері мемлекеттің "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардағы акцияларды, үлестерді, пайларды және үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алуы жағдайларына да қолданылады.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.
Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы