Ведомстволық бағыныстылығы және соттылығы Сот ісін жүргізу түрі дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы
АПК-нің 27-бабының 1-1-бөлігінің ережелеріне сәйкес МАЭС Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын және банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы істерді де қарайды.
АПК-нің 355-бабына, Заңның 3-бабының 2-тармағына сәйкес дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту, олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы iстердi сот осы Заңда белгiленген ерекшелiктерімен азаматтық сот iсiн жүргiзудiң жалпы қағидалары бойынша қарайды.
Лауазымды адамдарды (борышкерді) субсидиарлық жауапкершілікке тарту туралы дауларды қарау тәртібі де осындай.
АПК-нің 35-бабының сегізінші бөлігіне сәйкес оңалту рәсімі және банкроттық рәсімі шеңберінде туындайтын даулар бойынша, оның ішінде борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істерді, соттылығы осы Кодекстің 31-бабында белгіленген даулар бойынша істерді қоспағанда, оңалту рәсімін қолдану туралы немесе борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарған судья қарайды.
Заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы шешімдерді МАЭС судьялары қабылдағандықтан, олар сол соттарда қаралады.
Сонымен қатар заңнмалық актілерде борышкерді банкрот деп тану және оңалту рәсімін қолдану туралы азаматтық істердің соттылығының мәселесі реттелмеген.
АК-нің 39-бабының 2-тармағына сәйкес заңды тұлғаның орналасқан жері оның құрылтай құжаттарында толық пошталық мекенжайы жазыла отырып көрсетіледі.
АПК-нің 29-бабының екінші бөлігіне сәйкес заңды тұлғаға талап қою құрылтай құжаттарына сәйкес және (немесе) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген мекенжайға сәйкес заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.
АПК-нің 302-бабы бірінші бөлігі 11) тармақшасының, 303-304-баптарының ережелерінде ДК-нің және заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту, олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы істер ерекше іс жүргізумен қаралатыны белгіленген.
Өтініш борышкердің орналасқан жері бойынша ұсынылады, алайда бұл туралы Заңда тікелей нұсқау жоқ, осыған байланысты борышкердің орналасқан жері бойынша осы санатты қарау туралы нұсқаумен толықтыру енгізу қажет.
Банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының мәмілелерді жарамсыз деп тану, борышкердің мүлкін қайтару, дебиторлық берешекті өндіріп алу, субсидиарлық жауапкершілікке тарту және т.б. туралы талаптары бойынша даулар талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша қаралады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020-2021 жылдар кезеңінде және 2022 жылғы 1-жартыжылдықта соттар қараған істер бойынша оңалту және банкроттық туралы заңнаманы қолданудың сот практикасына қорыту
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Оңалту және банкроттық туралы заңнаманы қолданудың сот практикасын ҚОРЫТУ
12 рет жүктеп алынды