353-бап. Қызметі Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келмейтін бейрезидент-заңды тұлғалардың кірістеріне салық салу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі
Қызметі Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келмейтін бейрезидент-заңды тұлғалардың осы Кодекстің 351-бабының 2-тармағында белгіленген кірістерінен корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсыну осы Кодекстің 72-тарауында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
353-бап. Төлем көзінен салық салынатын кірісті айқындау Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Жұмыскердің салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
жұмыскердің салықтық кезеңге есептелген, төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерінің сомасы, алу осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, салықтық кезеңдегі кірісті түзету сомасы, алу осы Кодекстің 342-бабында көрсетілген тәртіппен салықтық шегерімдер сомасы.
1-1. Егер жұмыскердің салықтық кезең үшін есепке жазылған кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен аспаса, жұмыскердің салық салынатын кірісінің осы баптың 1-тармағында айқындалған сомасы 90 пайызға азайтылады.
2. Мүліктік кірістен басқа, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алған салық салынатын кіріс мөлшері мынадай тәртіппен айқындалады:
мүліктік кірістен басқа, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден ағымдағы салықтық кезеңде алған, төлем көзінен салық салуға жататын кірістер сомасы, алу осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген ағымдағы салықтық кезеңде кірісті түзету сомасы, алу міндетті зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар түріндегі салықтық шегерімдердің және осы Кодекстің 346-бабы 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген стандартты шегерімдердің сомасы.
3. Зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын кіріс мөлшері мынадай тәртіппен айқындалады:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан:
салық салуға жататын, зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс сомасы, алу осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы алу осы Кодекстің 345-бабының 1-тармағында және 346-бабы 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген тәртіппен және мөлшерлерде салықтық шегерімдер сомасы;
2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан – салық салуға жататын, зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс мөлшерінде.
3-1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын кірістің мөлшері мынадай тәртіппен айқындалады:
біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс сомасы алу осы Кодекстің 346-бабы 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген салықтық шегерімдердің сомасы.
4. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салық салынатын кіріс мөлшері мынадай тәртіппен айқындалады:
салық салуға жататын, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс сомасы, алу осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген кірісті түзету сомасы, алу осы Кодекстің 345-бабының 2-тармағында көрсетілген тәртіппен және мөлшерде салықтық шегерім сомасы.
5. Салық агентінен салық салынатын кірістердің, оның ішінде осы баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтарында көрсетілмеген кіріс түрлері бойынша мөлшері мынадай тәртіппен айқындалады:
төлем көзінен салық салуға жататын, осы баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтарында көрсетілмеген, ағымдағы салықтық кезеңде алынған барлық кірістердің сомасы, алу
осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, ағымдағы салықтық кезеңде кірісті түзету сомасы, алу
осы Кодекстің 346-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген стандартты шегерім сомасы.
6. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістің шетел валютасындағы сомасы кіріс төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледі.
7. Егер осы баптың 1 – 5-тармақтарында көзделген тәртіппен айқындалған сома теріс болып табылса, онда мұндай сома салықтық шегерімдердің асып кетуі деп танылады.
Салықтық шегерімдердің асып кету сомасы осы салықтық кезеңдерде салық салынатын кіріс есебінен өтеу үшін күнтізбелік жыл шегінде кейінгі салықтық кезеңдерге ауыстырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 353-1-баппен толықтыру көзделген – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы