Дауды (жанжалды) сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісімнің ҮЛГІСІ
20___жылғы «___»__________ __________қаласы
Бұдан әрі «Талап қоюшы» деп аталатын _____ (А.Ә.Т.) бір тарап және бұдан әрі «Жауапкер» деп аталатын ______________ (А.Ә.Т.) екінші тарап, бұдан әрі «Тараптар» деп аталады, төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты:
- Тараптар ______________ (талаптың мәні) туралы дау бойынша медиация рәсімін «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (бұдан әрі – АПК) сәйкес аяқтайды.
- Осы Келісім Тараптардың еркіндігі және адалдығы қағидаттарының негізінде орындалуға жатады.
- Осы Келісім, егер Тараптар басқаша келіспесе, құпия болып табылады және үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайды. Осы Келісімнің мазмұны Келісімде көрсетілген әрекеттерді жасау үшін және заңда көзделген өзге жағдайларда ғана ашылуы мүмкін.
- Тараптар медиация рәсімінде өздері ұсынған, оның негізінде осы Келісімге қол қойылатын ақпараттың толық және дұрыс екендігін растайды.
- Тараптар бір-біріне өзара көну негізінде мынадай шарттармен Келісімді жасасты: 1) (келісім шарттары); 2) (келісім шарттары); 3) (келісім шарттары);
- Ерікті түрде орындалмаған Келісім осы өтінішхат туралы мәлімдеген кезде атқару парағының негізінде АПК-нің 19-тарауының қағидалары бойынша мәжбүрлеп орындауға жатады.
- Келісім сот бекіткеннен кейін күшіне енеді және Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданыста болады.
- Тараптардың АПК-нің 176-бабының төртінші бөлігіне сәйкес сот шығындарын бөлу бойынша бір-біріне қояр талаптары жоқ (сот шығындары бойынша қол жеткізген келісімді көрсету қажет).
- АПК-нің 278-бабында көзделген іс бойынша іс жүргізуді тоқтату тәртібі мен салдары Тараптарға танысуға ұсынылды, түсіндірілді және ол оларға түсінікті.
- Тараптар АПК-нің 174, 179 және 180-баптарының талаптарын басшылыққа ала отырып, осы Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуді, талап қоюшыға талап қою кезінде төленген мемлекеттік бажды қайтарып беру мәселесін шешуді, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрайды.
- Тараптар талап қоюды қамтамасыз етуі шараларының күшін жоюды сұрайды. 12. Тараптар АПК-нің 434-бабының екінші бөлігі 2) тармақшасының ережелерімен таныстырылды.
- Осы Келісім бірдей заңды күші бар үш данада жасалды, Тараптар үшін бір-бір данадан, бір данасы бекіту және іс материалдарына қоса тіркеу үшін сотқа беріледі.
Тараптардың деректемелері: 1-тарап Талап қоюшы: __________________ ЖСН: ___________________ Мекенжайы: _____________ Қолы :___________________
2-тарап Жауапкер: _____________ ЖСН: ___________________ Мекенжайы: _____________ Қолы: ___________________ Медиатор:___________________ Сертификат: ______________ Күні:
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Дауды (жанжалды) сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісімнің ҮЛГІСІ
456 рет жүктеп алынды -
Дауды (жанжалды) сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісімнің ҮЛГІСІ
334 рет жүктеп алынды