Қарулы шабуыл жасап қоғамдық қауіпсіздікті бұзып, халықты үрейлендіру үшін адам өміріне қол сұғып террористік топтың мүшесі бола тұра террористік топтың әрекетіне және ол жасап жатқан терроризм актілеріне қатысқан
Сот сотталған Т.-ның жеке басына қатысты мәліметтерді, оның жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескеріп, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарға сай заңды жаза тағайындағандықтан жергілікті соттардың сот актілері өзгеріссіз қалдырылды Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 28 қарашадағы үкімімен Т. 2012 жылғы 3 тамызда ҚК-нің 103-бабы 2-бөлігінің «ж» тармағымен 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған, 2014 жылғы 19 ақпанда 1 жыл 3 айға мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған, - ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 1), 2), 6), 8), 11), 13), 15) тармақтарымен, 24-бабының 3-бөлігімен, 99-бабы 2-бөлігінің 1), 2), 6), 8), 11), 13), 15) тармақтарымен, 125-бабы 3-бөлігінің 1) тармағымен, 192-бабы 4-бөлігінің 1), 2) тармақтарымен, 200-бабының 4-бөлігімен, 24-бабының 3-бөлігімен, 200-бабының 4-бөлігімен, 255-бабының 4-бөлігімен, 257-бабының 2-бөлігімен, 269-бабының 3-бөлігімен, 287-бабының 1-бөлігімен, 287-бабының 2-бөлігімен, 287-бабының 5-бөлігімен, 291-бабы 4-бөлігінің 1), 2) тармақтарымен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабы 4-бөлігінің талабына сай түпкілікті мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалып, алғашқы 5 жылын түрмеде өтеу белгіленген. ҚК-нің 14-бабы 2-бөлігінің 2) тармағына сәйкес Т.-ның әркетінде қылмыстың қауіпті қайталануы танылған. Аталған сот үкімімен А., Д., Қ., К., С., Р., Ж., И., М., У., Х, Ы, Х., Г., Н., Т., Ж., І, В., Ғ., П., Ш., И., Б., У., Ю., Е., З.-лар да сотталған. Оларға қатысты қылмыстық іс қаралмайды. Сот үкімі бойынша Т. террористік топтың мүшесі бола тұра террористік топтың әрекетіне және ол жасап жатқан терроризм актілеріне қатысқан. Террористік актілерді жасау үшін қарулану мақсатында 2016 жылғы 5 маусымда Ақтөбе қаласы Ә.Молдағұлова даңғылындағы 12-үйде «Паллада» және Жанқожа батыр көшесіндегі 24-үйде орналасқан «Пантера» қару-жарақ дүкендеріне, Есет батыр көшесінің бойында орналасқан аумағы қарулы әскери күзетпен қорғалатын «Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланның № 6655 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарулы шабуыл жасаған. Қоғамдық қауіпсіздікті бұзып, халықты үрейлендіру үшін адам өміріне қол сұғып, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының шешiмдер қабылдауына ықпал ету және шешім қабылдау қатерін төндіріп, қару және қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып, шабуылға ұшыраған адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданып, ауыр зиян келтірген.
Қарулы шабуыл жасап қоғамдық қауіпсіздікті бұзып, халықты үрейлендіру үшін адам өміріне қол сұғып террористік топтың мүшесі бола тұра террористік топтың әрекетіне және ол жасап жатқан терроризм актілеріне қатысқан
Аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін және атыс қарулары мен оқ-дәрілерді жымқырып, суық қаруларды, жарақат салатын патрондар мен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруларын, сондай-ақ атыс қаруларын және оқ дәрілерді заңсыз иемденіп, беріп, сақтап, тасымалдап және алып жүрген. Көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен, қарақшылықпен ұштасқан діни өшпенділік, араздық уәжі бойынша құқық қорғау органдарының, әскери бөлімнің қызметкерлерін және бейбіт адамдарды қасақана өлтіріп және қасақана өлтіруге оқталып, қастандық жасаған. Көліктерді жымқыру мақсатынсыз заңсыз иемденіп және көліктерді заңсыз иемденуге оқталып, адамдарды ұрлап және олардың өмірлеріне қауіп төндіріп, елеулі мүліктік залал келтіріп, терроризм актісін жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2017 жылғы 12 қаңтардағы қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған. Сотталған Т. қылмыстық әрекеттерінің саралануы мен кінәсінің дәлелденуіне күмән келтірмей, жасаған әрекеттеріне шын жүректен өкінетінін, тағайындалған жаза тым қатал екендігін көрсетіп, отбасылық жағдайын ескере отырып, 20 немесе 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Қылмыстық іс құжаттарын зерделеп, қорғаушы Т.-ның өтінішхатын қолдаған уәждерін тыңдап, прокурордың сот актілерін күшінде қалдыруды сұраған қорытындысын, қылмыстық істегі дәлелдемелерді жан-жақты тексеріп, сот алқасы Т.-ға қатысты сот актілері төмендегі мән-жайлардың негізінде өзгеріссіз қалдыруға жатады деп есептейді. 2015 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы ратификациялаған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiнің 6-бабына сәйкес «Өмiр сүру құқығы - әрбір адамның ажырамас құқығы болып табылады. Бұл құқық заңмен қорғалады. Ешкiмнiң де өмiрi ерiксіз қиылуға тиiс емес». Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабында көрсетілгендей, адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадірқасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабының 3-бөлігіне сәйкес мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрлымдар құруға тыйым салынады. Сотталған Т.-ның үкімде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны жөніндегі соттың тұжырымы басты сот талқылауында жан-жақты зерттелген дәлелдемелермен толық негізделген. Атап айтқанда, көріністер бойынша үкімде толық егжей-тегжейлі келтірілген сотталғанның кінәсін толық мойындаған айғағымен, жәбірленушілер Ч., М., Т., О., А., К., Г., Ш., У., Ж., Е., Ғ.-лардың, куәлар З., Л., И., Д.-лардың, Ақтөбе қаласы ІІБ-ның ЖБО-ның қызметкерлері С., Д., П., І., В., Ю., Ш., Х.-лардың және тағы басқалардың айғақтарымен, сот-фонографиялық, сот-баллистикалық, психо-филологиялық, микробөлшектерге қатысты, молекулярлық-генетикалық, криминалистік, сот-психиатриялық сараптамалар қорытындыларымен, заттай дәлелдерді алу, оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен және басқа да іс бойынша жинақталған құжаттармен толық бекітілген. Сотталған Т.-ның қылмыстық әрекеттері дұрыс сараланған. Сот жаза тағайындағанда «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысының ережелеріне сәйкес жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, сотталғанның террористік акт жасауға түрткі болған мемлекеттік құрылымның негіздеріне, құқық қорғау ұйымдарының өкілдеріне өшпенділік сезімін уағыздайтын дәстүрлі емес діни ағымды ұстанғанын, оның жасаған қылмыстары қайтыс болған адамдар мен олардың туыстарының мүдделеріне ғана емес, Республиканың жалпы халқына және де бүкіл Қазақстанның мүддесіне нұқсан келтіргенін, сотталғандардың террористік топ құрамында қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасау кезінде белсенділік танытқанын, террористік топтың іс әрекеттері салдарынан бірнеше адам өліп, көптеген азаматтар жарақат алып және басқа да адамдардың өмірлері мен денсаулықтарына қауіп төнгенін, аса ірі көлемде материалдық шығындар мен басқа да ауыр зардаптар келтірілгенін ескерген. Сонымен қатар сот Т.-ның жеке басына қатысты мәліметтерді, оның жауаптылығы пен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескеріп, жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарына сай заңды жаза тағайындаған. Сондықтан сотталған Т.-ның оған тағайындалған жазаны жеңілдету туралы уәждері негізсіз болып табылады. Жоғары аталғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Т.-ға қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгеріссіз және сотталғанның өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдырды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Қарулы шабуыл жасап қоғамдық қауіпсіздікті бұзып, халықты үрейлендіру үшін адам өміріне қол сұғып террористік топтың мүшесі бола тұра террористік топтың әрекетіне және ол жасап жатқан терроризм актілеріне қатысқан
224 рет жүктеп алынды -
Қарулы шабуыл жасап қоғамдық қауіпсіздікті бұзып, халықты үрейлендіру үшін адам өміріне қол сұғып террористік топтың мүшесі бола тұра террористік топтың әрекетіне және ол жасап жатқан терроризм актілеріне қатысқан
236 рет жүктеп алынды