316-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектiлердi және олардың кешендерін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделiжөндеу) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектiлердi және олардың кешендерін, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не сараптама жүргізу талап етілетін, белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу) –
жеке тұлғаларға – бір жүз жиырма, лауазымды адамдарға – бір жүз алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау –
жұмыстарды тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бір жүз алпыс, лауазымды адамдарға – екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алты жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы