Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 13-бап. Құқық бұзушылықтар мен мүдделер қақтығысына төзбеушілік Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

13-бап. Құқық бұзушылықтар мен мүдделер қақтығысына төзбеушілік Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Құқық бұзушылықтар мен мүдделер қақтығысына төзбеушілік Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 

      1. Мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін сақтауға, жеке және (немесе) заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге, сондай-ақ лауазымдық өкілеттігін атқаруы кезінде өзіне мәлім болған құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлауға міндетті.

      Мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл жасауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды қабылдауға міндетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет кепілдік беретін қорғау шаралары ұсынылады.

      Анонимдік айыптау жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптау анықталған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөніндегі шараларды қабылдауға және (немесе) оны сот тәртібімен даулауға міндетті.

      Мемлекеттік орган басшылығы ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, оны осындай бұзушылықтар жасауға итермелеу жағдайлары туралы өтініш бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті органдарға жолданымдар жіберу арқылы шаралар қабылдауға міндетті.

      2. Мемлекеттік қызметшіге "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүдделер қақтығысы болса, лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыруға тыйым салынады.

      Мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 19 мамырдағы № 290-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

 

 

_________________________ 

-Заңды күші жойылды Қазақстан Республикасының жаңа № 290-VIII ҚРЗ 22026 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы  Заңын қабылдаумен  

13-бап. Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы 

      1. Мемлекеттiк қызметшi: 

      1) өкiлдi органның депутаты болуға; 

      2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi , резервтегі әскери қызмет өткеруді қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға; 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық міндеттері болып табылатын не осы тармақтың 3-2) тармақшасында көрсетілген акцияларды басқару үшін қажетті, не саяси партияны, кәсіптік одақты, тұтыну кооперативін немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқаруға өтеусіз негізде қатысу болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымды басқаруға қатысуға;

3-1) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға; 

      3-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, бағалы қағаздарды сатып алуға құқылы емес. 

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарлары инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға құқылы емес.

      Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын және оның орынбасарларын, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның төрағасын және оның орынбасарларын қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алуға және (немесе) өткізуге құқылы; 

      4) өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға; 

      5) өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және цифрлық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға; 

      6) ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға; 

      7) лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалануға құқылы емес. 

2. Мемлекеттік қызметші, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, лауазымға орналасқан күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, өздеріне заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды), цифрлық активтерді, сондай-ақ мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті қоспағанда, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заттай құқықта тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытында сенімгерлік басқаруға беруге және көрсетілген мерзімде жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, осы баптың 6-тармағында аталған тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік қызметшілердің өздеріне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімгерлік басқаруға бермеуіне болады. -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 3 қаңтардағы № 251-VIII ҚРЗ 

4. Мемлекеттік қызметші, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адам өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруға және осындай тапсырудан кіріс алуға, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен және өзге де заңды көздерден кіріс алуға құқылы.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер тұрғын-жайларын мүліктік жалдауға беруге құқылы. 

      5. Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын уәкілетті орган бекітеді. 

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарлары көрсетілген мемлекеттік лауазымдарға тағайындалған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге және жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарлары инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға құқылы емес. -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 3 қаңтардағы № 251-VIII ҚРЗ 

      7. Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайды. 

 8. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер және мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер осы Заңда, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы