26-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың немесе орын алған мүдделер қақтығысының салдарынан жасалған мәмілелердің, шарттардың, актілердің және әрекеттердің жарамсыздығы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы
1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың немесе орын алған мүдделер қақтығысының салдарынан жасалған мәмілелерді, шарттарды уәкілетті мемлекеттік органдардың, мүдделі тұлғалардың немесе прокурордың талап қоюы бойынша Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен сот жарамсыз деп таниды.
2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың немесе орын алған мүдделер қақтығысының салдарынан актілерді қабылдау және әрекеттерді жасау тиісті актілердің күшін жоюға (қолданысын тоқтатуға) уәкілеттік берілген адамдардың не мүдделі тұлғалардың немесе прокурордың талап қоюы бойынша сот тәртібімен олардың күшін жою (жарамсыз деп тану) үшін негіз болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде және Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен, жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына алып келген мүдделер қақтығысы жағдайында қабылданған немесе жасалған актілердің, шарттардың, мәмілелердің немесе басқа да шешімдердің күші жойылуы немесе олар жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ.
Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы