693-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң 83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 86, 87, 88, 89 (мемлекеттік қызметшімен қарым-қатынастағы жұмыс берушілерді қоспағанда), 90, 93 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 94, 95, 96, 97, 98, 230 (жұмыс берушiлер жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екiншi бөлiгiнде), 519-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) мемлекеттiк еңбек инспекторлары құқылы;
2) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы