166-бап. Мекеме әкiмшiлiгiнiң босатылатын сотталғандардың жұмысқа және тұрмыста орналасуына жәрдемдесу жөніндегі мiндеттерi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
1. Мекеме әкiмшiлiгi бас бостандығынан айыру мерзiмi аяқталғанға дейiн бір жылдан кешiктiрмей, сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарын, ішкі істер органдарын оның алдағы уақытта босатылатыны, оның тұрғынжайының бар-жоғы, оның еңбекке қабiлеттілігi және алған мамандықтары туралы хабардар етеді.
Мекеме әкімшілігі бұл ретте сотталған адамға босатылғаннан кейін әлеуметтік бейімделу үшін қажетті әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемі бойынша жеке бағдарлама жасайды, ол сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органға жолданады.
2. Сотталған адамды бостандыққа дайындау мақсатында онымен ұйымдастыру-тәрбиелеу іс-шаралары жүргiзiледi, оның құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi.
3. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, сондай-ақ алпыс үш жастан асқан ерлер мен елу сегіз жастан асқан әйелдерді олардың жазбаша өтiнiшi және мекеменiң ұсынуы бойынша әлеуметтiк қорғау органдары қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға) жiбередi.
Әлеуметтік көмекке мұқтаж өзге де адамдар олардың жазбаша өтініші және мекеменің ұсынуы бойынша әлеуметтік бейімдеу орталықтарына жіберіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы