20-3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату мынадай негіздер:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында олардың болу мерзімін жыл сайын ұзарту құқығымен, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толу;
3) міндетті арнаулы тексерудiң терiс нәтижелерi;
4) кірістері мен мүлкі туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi ұсыну;
5) осы Заңда және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттер мен шектеулерді сақтамау;
6) инвестициялық қорлардың тиесілі пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлікпен басқаруға бермеу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкіне және оның ведомстволарына жұмысқа кiру кезiнде жұмысқа қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болуы мүмкiн көрiнеу жалған құжаттар мен мәлiметтерді ұсыну;
8) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;
8-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің функцияларын, өкілеттіктерін және (немесе) штат бірліктерін, оның ішінде оны жою (тарату) немесе қайта ұйымдастыру кезінде басқа мемлекеттік органға беруге байланысты басқа мемлекеттік органға ауыстыру;
8-2) Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары, өкілеттіктері және (немесе) штат бірліктері, оның ішінде оны жою (тарату) немесе қайта ұйымдастыру кезінде берілген басқа мемлекеттік органға ауысудан бас тарту;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары, өкілеттіктері және (немесе) штат бірліктері, оның ішінде оны жою (тарату) немесе қайта ұйымдастыру кезінде берілген мемлекеттік орган Қазақстан Ұлттық Банкінің берілген функцияларды, өкілеттіктерді орындап жүрген және (немесе) сол штат бірліктерін атқарып жүрген қызметшілеріне олардың біліктілігіне сәйкес лауазымдарды ұсынады. Тең дәрежелі лауазым болмаған жағдайда, Қазақстан Ұлттық Банкі қызметшісінің келісуімен оған мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген төмен тұрған лауазым ұсынылуы мүмкін.
Қазақстан Ұлттық Банкі жұмыскерлерінің санын немесе штатын қысқарту негізінде еңбек шартын бұзу кезінде Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқартылатын лауазымды атқарып жүрген қызметшісіне кемінде үш жыл жұмыс өтілі болған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.
Ескерту. 20-3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 18.11.2015 № 411-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы