37-2-бап. Өз бетінше жұмысқа орналасу шеңберінде шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы Халықтың көші-қоны туралы Заңы
1. Шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдар еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы жергілікті атқарушы органдар үш айдан аспайтын мерзімге берген анықтаманың негізінде Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыра алады.
2. Экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып айқындайды.
3. Шшетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама алу үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтініш береді, ол өтініште көрсетілген жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
Шшетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында болған жағдайда өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама алу үшін шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтінішпен жүгінеді.
Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасқан кезде шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама берілген күннен бастап үш ай ішінде оны еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту үшін жергілікті атқарушы органға жүгінеді.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңы.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326-VIII ҚРЗ
Осы Заң халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы