518-бап. Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Қабылдаушы тұлғаның шетелдiктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болуы құқығына құжаттарды ресімдеу не болудың белгілі бір мерзiмi өткеннен кейін олардың Қазақстан Республикасынан кетуі жөнінде шаралар қабылдамауы не өздерінде көшіп келушілердің болуы туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабардар етпеуі –
жеке тұлғаларға – ескерту жасауға, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға тұрғынжай беру не белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасынан кетуден жалтару –
жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 5. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы