Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / 1997 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы

1997 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1997 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 27 наурыздағы N 3432

"Көшiп келу туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 26 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 314-құжат) сәйкес және тарихи отанына қайтып оралуға тiлек бiлдiрген босқын-репатрианттардың қоныс аударуын және оларды жайластыруды ұйымдастыру мақсатында 

қаулы етемiн:      

1. Қазақстан Республикасының Үкiметi ұсынған 1997 жылға арналған көшiп келу квотасы қосымшаға сәйкес 2180 отбасы болып бекiтiлсiн.      

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстардың әкiмдерi және Алматы қаласының әкiмi осы Жарлықты iске асыру жөнiнде практикалық шаралар қолдансын.      

Осы мақсатта:      

босқын-репатрианттардың қоныс аударуын, оларды қабылдау мен жайластыруды ұйымдастыруға арналған шығыстарды жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн;      

босқын-репатрианттардың туыстық және шаруашылық өндiрiстiк байланыстарын, мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылуын ескере отырып, олардың отбасылары жинақы қоныстанатын аудандарды айқындасын;      

оларды қабылдауды, жайластыруды және олар үшiн қажеттiәлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасауды қамтамасыз етсiн; белгiленген тәртiппен босқын-репатрианттардың тұрғын үй салуына және шаруашылық қызметiне орналған жер учаскелерiн бөлу туралы мәселенi шешетiн болсын;

қажет болған жағдайда облыстық бейiмдеу пункттерiн ұстауға қаражат бөлудi қарастырсын.

3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 27 наурыздағы N 3432 Жарлығына қосымша 1997 жылға арналған шет елдерден көшiп келу КВОТАСЫ отбасылар

______________________________________________________________________ Көшiп келушiлер |Иран Ислам|Қытай Халық|Монғо.|Сауд Аравия.|Ресей | қоныстанатын |Республи. |Республика.|лиядан|сы Корольдi.|Федера.| облыстар |касынан |сынан | |гiнен |циясы. | ___________________|__________|___________|______|____________|_нан___| Ақмола - - - 120 Ақтөбе - - - 80 Алматы - 10 - 5 Атырау - - - 50 Шығыс Қазақстан - 10 10 10 Жамбыл - - - - Жезқазған - - - 20 Батыс Қазақстан - - - 200 Қарағанды - 15 10 10 Қызылорда - - - - Көкшетау - - 10 - Қостанай - - 25 150 Маңғыстау 40 - - 40 Павлодар - - 20 120 Солтүстiк Қазақстан - - 20 10 Семей - 20 20 140 Талдықорған - 10 10 15 Торғай - - - 10 Оңтүстiк Қазақстан 25 5 - 15 20 Алматы қаласы 2 5 3 10 ЖИЫНЫ 67 75 128 15 1010 ____________________________________________________________________ Көшiп келушiлер |Тәжiкстан |Түркмен.|Түрiк Рес.|Өзбекстан|Барлығы| қоныстанатын |Республи. |станнан |публикасы.|Республи.| | облыстар |касынан | |нан |касынан | | ___________________|__________|________|__________|_________|_______| Ақмола - - - - 120 Ақтөбе - 30 - 40 150 Алматы - 5 - 5 25 Атырау - - - - 50 Шығыс Қазақстан - - - - 30 Жамбыл - - - - - Жезқазған 20 20 - 70 130 Батыс Қазақстан - - - - 200 Қарағанды - 5 - 10 50 Қызылорда - - - 5 5 Көкшетау - - - - 10 Қостанай - - - 25 200 Маңғыстау - 350 - 70 500 Павлодар - - - - 140 Солтүстiк Қазақстан - - - - 30 Семей - - - - 180 Талдықорған 5 - - 10 50 Торғай - - - - 10 Оңтүстiк Қазақстан 20 10 30 135 <*> 260 Алматы қаласы 5 - - 15 40 ЖИЫНЫ 50 420 30 385 <*> 2180 ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгертiлдi және жаңа бағанмен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 1997.10.24. N 3717 жарлығымен. U973717_ 

 

  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы