Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Қызметкерлердің жекелеген санаттарымен еңбек шартын бұзу немесе тоқтату ерекшеліктері

Қызметкерлердің жекелеген санаттарымен еңбек шартын бұзу немесе тоқтату ерекшеліктері

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қызметкерлердің жекелеген санаттарымен еңбек шартын бұзу немесе тоқтату ерекшеліктері 

Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 23) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзу заңды тұлға құрылтайшысының, мүлкі меншік иесінің не құрылтайшы, меншік иесі уәкілеттік берген тұлғаның (органның) немесе заңды тұлға уәкілетті органының шешіміне негізделуге тиіс. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының және заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелерінің, сондай-ақ ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің және корпоративтік хатшының  еңбегін реттеу ерекшеліктерін ескере отырып, заңды тұлға құрылтайшысының, мүлкі меншік иесінің еңбек шартының қолданылу мерзімі ішінде заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының, алқалы атқарушы органы мүшелерінің өкілеттіктерін немесе заңды тұлға атқарушы органының жекелеген мүшесінің, сондай-ақ «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің және корпоративтік хатшының өкілеттіктерін заңды тұлға құрылтайшысының, мүлкі меншік иесінің не құрылтайшы, меншік иесі уәкілеттік берген тұлғаның (органның) немесе заңды тұлға уәкілетті органының шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтату  туралы шешім қабылдауға құқылы.

 «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның 43-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзыретіне - «серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату» жатады.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 58-бабының 7,  8-тармақтарына сәйкес Директорлар кеңесінің шешіміне сот тәртібімен дау айту құқығы қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелеріне не акционерге тиесілі. Директорлар кеңесінің даулы шешімі жұмыс берушінің актісі болып табылмайды.

Директорлар кеңесінің қабылдаған шешімі заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының және заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.

Демек, Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 23) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзуға заңды тұлға құрылтайшысының, мүлкі меншік иесінің не құрылтайшы, меншік иесі уәкілеттік берген тұлғаның (органның) немесе заңды тұлға уәкілетті органының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ресімделген шешімі негізінде жол беріледі.

Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының, алқалы атқарушы органы мүшелерінің өкілеттіктері немесе заңды тұлға атқарушы органының жекелеген мүшесінің, сондай-ақ «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің және корпоративтік хатшының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Директорлар кеңесінің қабылдаған шешімі негізінде Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 23) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзу туралы бұйрық шығарылады.

Еңбек кодексінің 140-бабының 4-тармағына сәйкес жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы актісіне құрылтайшылардың, заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не құрылтайшылар, меншік иесі уәкілеттік берген адамның (органның) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімімен не олар бекітетін құжаттармен уәкілеттік берілген адам қол қояды. Еңбек кодексінің 54-бабында көзделген еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу мүмкіндігін шектеу жоғарыда көрсетілген санаттағы қызметкерлерге қолданылмайды.

2017 жылғы 28 сәуірде Серіктестіктің жалғыз қатысушысы Б.-ны үш жыл мерзімге директор етіп сайлау туралы шешім қабылдады.

2020 жылғы 16 наурызда Серіктестіктің жалғыз қатысушысының шешімімен Б.  директор қызметінен босатылды.

Б. өзінің талап қоюларында жұмыстан шығарылған кезінде еңбек заңнамасының талаптары бұзылғанын: оған еңбек шартын бұзу туралы бір ай бұрын ескертілмегенін, еңбек шарты Еңбек кодексінің 53-бабының талаптарын бұза отырып бұзылған алға тартады.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюшының талаптарын қанағаттандырудан бас тарта отырып, Серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату оның жалғыз қатысушысының айрықша құзыретіне жатқызылған деген тұжырымға келді. Жұмыстан шығару туралы шешім қабылданған күні Б. зейнеткерлік жасқа толған, сондықтан жұмыс берушінің Еңбек кодексінің 53-бабы 1-тармағының ережелерін сақтауына қажеттілік жоқ.

Сот шешімін өзгерте және талап қоюларды ішінара қанағаттандыра отырып, апелляциялық саты Еңбек кодексінің 30-бабының 4-тармағына сілтеме жасай отырып, жалғыз қатысушының шешімінде еңбек шартын тоқтатуға негіз жоқ екенін, оны қабылдаған сәтте Серіктестік басшысын өзгертуге МСО тыйым салғанын, осыған байланысты Серіктестік қатысушысының дау айтылған шешімі заңсыз болып табылатынын көрсетті.

Жоғарғы Соттың сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыра отырып, апелляциялық алқаның Еңбек кодексінің 30-бабы 4-тармағының талаптарының бұзылғаны туралы тұжырымдары негізсіз екенін,  заңның осы нормасы еңбек шартының мерзімін және ол аяқталғаннан кейін тараптардың әрекетін қарастыратынын көрсете отырып, апелляциялық сатыдағы сот қаулысының күшін жойды.

Алқа бірінші сатыдағы соттың Серіктестіктің басшысын өзгертуге тыйым салу туралы МСО қабылдаған шешімдері соңғының құқықтарын бұзады және ҚР Конституциясы мен Еңбек кодексінің нормаларына қайшы келеді деген тұжырымын негізге алды.

Талап қоюшының Еңбек кодексінің 53-бабының талаптарын бұза отырып, жұмыс беруші мен жұмыскерлердің өкілдерінің тең санынан құрылған комиссияның оң шешімі болмаса да, еңбек шартыныың бұзылғаны туралы уәждерін бірінші сатыдағы сот негізсіз деп таныды.

Бұл норма талап қоюшыға қатысты қолданылмайды, өйткені жұмыстан шығару туралы шешім қабылданған күні ол 64 жасқа, яғни зейнеткерлік жасқа толған.

 

Соттылық 

«Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 6 қазандағы № 9 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының (бұдан әрі - НҚ) 5-тармағына сәйкес еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша талаптар жауапкердің – заңды тұлға органының орналасқан жері бойынша немесе дауда жауапкер ретінде болатын жұмыс беруші жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша жалпы азаматтық сот ісін жүргізу қағидалары бойынша сотқа қойылуға жатады.

АПК-нің 29-бабының екінші бөлігіне сәйкес заңды тұлғаға талап қою құрылтай құжаттарына сәйкес және (немесе) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген мекенжайға сәйкес заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.

АПК-нiң 30-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен филиалдың немесе өкiлдiктiң орналасқан жерi бойынша талап қоюлар берiлген кезде тек заңды тұлғалар ғана жауапкер бола алады.

Қорытылатын санаттағы істер бойынша соттылық мәселелері қиындық туғызбайды.

Мысалы, Өскемен қалалық сотының ұйғарымымен Ж.-ның ЖШС-ға залалды өндіру, үстеме жұмыс үшін ақы төлеу, моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюға қатысты азаматтық іс мәні бойынша қарау үшін соттылығы бойынша Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына берілді.

Соттың ұйғарымы дұрыс, өйткені жауапкер - заңды тұлға Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі мекенжайында орналасқан және тіркелген, еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша талап қоюлар жауапкердің орналасқан жері бойынша азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша сотқа берілуге тиіс.

 

Бұдан басқа, соттардың назарын Еңбек кодексінің 19-бабының талаптарына аудару қажет деп есептеймін, оған сәйкес шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің басшысы осы заңды тұлға атынан жұмыс берушінің барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық міндеттерін атқарады.  Демек, қызметкер филиал басшысының заңды тұлғаның мүдделерін білдіру құқығын алдын ала тексеріп, шетелдік заңды тұлға филиалының орналасқан жері бойынша талап қоюмен жүгінуге құқылы.   

 

Жұмыс беруші оңалтылған не банкрот болған жағдайда еңбек дауларының соттылығын айқындау мәселесі 

Сонымен АПК-нің 35-бабы сегізінші бөлігінің ережелеріне сәйкес оңалту рәсімін және олардың банкроттығы рәсімін қолдану туралы шешім шығарған судья, соттылығы АПК-нің 31-бабында белгіленген даулар бойынша істерді қоспағанда, оңалту рәсімі және олардың банкроттығы рәсімі шеңберінде туындайтын даулар бойынша, оның ішінде борышкер жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, оңалтуды немесе банкроттықты басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істерді қарайды.

Ақтөбе қалалық сотының 2021 жылғы 15 ақпандағы ұйғарымымен     Ж.-ның ЖШС-ға жұмыстан шеттету, шығару туралы, жұмысқа қайта алу, үстеме жұмыс үшін жалақыны өндіріп алу туралы, бос жүруге мәжбүр болған уақыты үшін жалақыны өндіру, өсімпұлды, моральдық зиянды өндіру туралы бұйрықтардың күшін жою туралы талап қоюы осы соттың соттылығына жатпайтындықтан, КК-нің 152-бабы бірінші бөлігінің  2) тармақшасы негізінде қайтарылған.

Сот талап қоюды қайтара отырып, Ақтөбе облысы МАЭС-тің шешімімен Серіктестікке қатысты оңалту рәсімі қолданылғанын, осыған байланысты АПК-нің 35-бабының 8-бөлігіне сәйкес іс экономикалық соттың қарауына жататынын көрсетті.

Заңды күшіне енген Ақтөбе облысы МАЭС-тің 2016 жылғы14 қазандағы шешімімен Серіктестікке қатысты оңалту рәсімі іс жүзінде қолданылған.

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 5, 7) тармақшаларының ережелеріне сәйкес сот борышкер жауапкер ретiнде әрекет ететін мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iсті өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдайды, сондай-ақ оңалту рәсіміне қатысушылар арасындағы дауларды шешеді.

Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес еңбек дауы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс беруші (жұмыс берушілер), оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болғандар арасындағы келіспеушіліктер.

Тараптар арасындағы дау еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтыны, еңбек заңнамасының нормаларына және еңбек шарттарының талаптарына негізделгені және оңалту рәсімін жүзеге асырумен байланысты еместігі анықталды.

Сот АПК-нің 35-бабы сегізінші бөлігінің ережелерін дұрыс қолданбағандықтан, сот алқасының 2021 жылғы 12 наурыздағы ұйғарымымен мәселені бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға бере отырып, сот ұйғарымының күші жойылды.

Жұмыс беруші банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған жағдайда еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар (жұмысқа қайта алу, жалақыны өндіріп алу және т.б. туралы) жалпы юрисдикция соттарында қаралуға және шешілуге жатады, АПК-нің 35-бабының сегізінші бөлігі ережелерінің нормалары еңбек дауларына қолданылмайды.

 

Мемлекеттік баж 

СК-нің 610-бабы 7-тармағының талаптарына сәйкес мүлiктiк емес сипаттағы талап қою арыздарынан – 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

СК-нің 951-бабы 1-тармағының талаптары негізінде моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы.

АПК-нің 149-бабының талаптарына сәйкес, талап қоюға мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.

СК-нің 616-бабының 1) тармақшасына сәйкес соттарда талап қоюшылар еңбекке ақы төлеу сомасын өндіріп алу туралы талап қою және еңбек қызметіне байланысты басқа да талаптар бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Талап қою қанағаттандырылған жағдайда сот АПК-нің 117-бабына сәйкес мемлекет кірісіне мемлекеттік бажды оны төлеуден босатылмаған жауапкерден өндіріп алуға міндетті.

Соттардың АПК-нің 149-бабы 1-бөлігінің 2) тармақшасын бұза отырып, мемлекеттік баж төленбеген талап қоюларды соттың іс жүргізуіне қабылдаған жекелеген жағдайлары анықталды.

Іс материалдарынан анықталғандай, А. ЖШС-ға жалақыны, бос тұрып қалғаны үшін өтемақыны, моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен күшінде қалдырылған Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының 2022 жылғы 13 сәуірдегі шешімімен ЖШС-дан А.-ның пайдасына жалақыны өндіру бойынша берешекті, тұрақсыздық айыбын, моральдық зиян өтемақысын, өкілдің көмегіне ақы төлеу шығыстары өндірілді.

ЖШС-ға 2021 жылғы 22 маусымнан бастап 2021 жылғы тамызға дейін А.-ның еңбек қызметінің кезеңіне зейнетақы аударымдары мен басқа да міндетті төлемдерді жүргізу міндеті жүктелді.

 

Дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтау 

Еңбек кодексінің 159-бабының талаптарын қолдану практикасы

 АПК-нің 148-бабы талап қоюдың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың тізбесін қамтиды. АПК-нің 148-бабы 1-тармағының алтыншы бөлігіне сәйкес, егер бұл заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, арызда жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.

Еңбек тәртібінің 159-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыс беруші мен микрокәсіпкерлік субъектінің, жұмыскерлерінің саны он бес адамнан аспайтын коммерциялық емес ұйымның жұмыскері, үй жұмыскері, заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органы, заңды тұлға атқарушы органының басшысы, сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелері арасында туындайтын дауларды қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша дауларды соттар қарайды.

Яғни жұмыс беруші мен микрокәсіпкерлік субъектінің, жұмыскерлерінің саны он бес адамнан аспайтын коммерциялық емес ұйымның жұмыскері, үй жұмыскері, заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органы, заңды тұлға атқарушы органының басшысы, сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелері арасында туындайтын даулар бойынша келісу комиссиясында дауды алдын ала қарауды сақтау талап етілмейді.

Келісу комиссиясына жүгіну туралы талап еңбегі Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттелетін жұмыскерлердің жекелеген санаттарына, оның ішінде әскери қызметте тұратын жұмыскерлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды.

 Нормативтік база

Қорытылатын санаттағы істерді қарау кезінде қолдануға жататын негізгі нормативтік құқықтық актілер:

Қазақстан Республикасының Конституциясы;

1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім);

1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) (бұдан әрі - АК);

2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі - АПК);

2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі - Еңбек кодексі);

2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) (бұдан әрі - СК);

2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ Кәсіпкерлік кодексі;

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексі;

«Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Қазақстан Республикасының Заңы;

«Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155-I Қазақстан Республикасының Заңы;

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-1 Қазақстан Республикасының  Заңы;

«Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы  № 415 Қазақстан Республикасының Заңы;

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының:

«Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 6 қазандағы № 9;

«Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7;

«Азаматтық істер бойынша сот шешімі туралы» 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5;

«Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы» 2006 жылғы                        25 желтоқсандағы № 9 нормативтік қаулылары.

Назар аударыңыз! 

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.   

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

56-бап. Еңбек шартын жұмыскердің бастамасы бойынша бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

56-бап. Еңбек шартын жұмыскердің бастамасы бойынша бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс...

Толық оқу »

Сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелерімен еңбек шартын бұзу туралы дауларды жоғары тұрған кәсіподақ органының дәлелді пікірінсіз қарау

Сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелерімен еңбек шартын бұзу туралы дауларды жоғары тұрған кәсіподақ органының дәлелді пікірінсіз қарау"Кәсіптік одақтар туралы" ҚР Заңының...

Толық оқу »

Еңбек шартын бұзу туралы дауларды қарау яғни жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуі

Еңбек шартын бұзу туралы дауларды қарау яғни жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің...

Толық оқу »

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты, бұрынғы лауазымын қалпына келтірудіе, жалақысын өндіріп алуды және моральдық зиянды өтеуді даулауға байланысты еңбек даулары бойынша Соттылық

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты, бұрынғы лауазымын қалпына келтірудіе, жалақысын өндіріп алуды және моральдық зиянды өтеуді даулауға байланысты еңбек даулары бойынша Соттылы...

Толық оқу »

Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша және жұмыскердің бастамасы бойынша бұзу тәртібі

Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша және жұмыскердің бастамасы бойынша бұзу тәртібіЕңбек шартын тараптардың келісімі бойынша (Еңбек кодексінің 50-бабы) және жұмыскердің...

Толық оқу »

Сынақ мерзімінен өтпеген қызметкермен еңбек шартын бұзу туралы еңбек дауларын қарау

Сынақ мерзімінен өтпеген қызметкермен еңбек шартын бұзу туралы еңбек дауларын қарауЕңбек шартын жасасу кезінде қызметкердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тек...

Толық оқу »

Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері (Еңбек кодексінің 52-бабы).

Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздеріЖұмыскерлер санын немесе штатын қысқарту негізінде еңбек шартын бұзу (Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 2) тар...

Толық оқу »

52-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

52-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша...

Толық оқу »

59-бап. Еңбек шартын жұмыскердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуына немесе оның лауазымға тағайындалуына байланысты бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

59-бап. Еңбек шартын жұмыскердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуына немесе оның лауазымға тағайындалуына байланысты бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі  ...

Толық оқу »

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, бірақ еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтамай еңбек шартын бұзу туралы еңбек дауларын қарау

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, бірақ еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтамай еңбек шартын бұзу туралы еңбек дауларын қарауТәртіптік жазаларды қолдану тәртібі ТК-нің 65-...

Толық оқу »

53-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

53-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ...

Толық оқу »

Жұмыскермен, жұмыс берушінің бастамасы бойынша оның жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық болған жағдайда еңбек шартын бұзу негіздері

Жұмыскермен, жұмыс берушінің бастамасы бойынша оның жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық болған жағдайда еңбек шартын бұзу негіздеріЖұмыскермен...

Толық оқу »

50-бап. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

50-бап. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.      2....

Толық оқу »

Еңбек Кодексінің 52-б. 3) т. негізінде еңбек шартын бұзу туралы дауларды қарау (жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген).

Еңбек Кодексінің 52-б. 3) т. негізінде еңбек шартын бұзу туралы дауларды қарау (жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар...

Толық оқу »

Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша немесе жұмыскердің бастамасы бойынша бұзу тәртібі

Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша немесе жұмыскердің бастамасы бойынша бұзу тәртібіЕңбек шартын тараптардың келісімі бойынша (Еңбек кодексінің 50-бабы) және жұмыскерді...

Толық оқу »

Еңбек шартының мерзімі

Еңбек шартының мерзіміЕңбек шартының мерзімі (Еңбек кодексінің 30-бабы) Еңбек шартының мерзімі өткен кезде тараптар оны белгіленбеген немесе бір жылдан кем емес белгілі бір ме...

Толық оқу »

32-бап. Еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

32-бап. Еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Еңбек шартын жасау үшін мынадай құжаттар:      1) Қазақстан Республикасы азам...

Толық оқу »

Жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда бұзу негіздері

Жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда бұзу негіздері Жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастам...

Толық оқу »

58-бап. Еңбек шартын жұмыскер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан кезде тоқтату негіздері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

58-бап. Еңбек шартын жұмыскер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан кезде тоқтату негіздері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыскермен еңбек шарты жұмы...

Толық оқу »

24-бап. Еңбек шартының нысанасы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

24-бап. Еңбек шартының нысанасы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      Еңбек шарты бойынша жұмыскер жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесі қағ...

Толық оқу »

120-бап. Еңбек шарты тарапының келтірілген нұқсанды (зиянды) өтеу жөніндегі міндеті Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

120-бап. Еңбек шарты тарапының келтірілген нұқсанды (зиянды) өтеу жөніндегі міндеті Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Еңбек шарты тарапының еңбек шартының басқа...

Толық оқу »

Жұмыскер зейнеткерлік жасқа толған жағдайда еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.

Жұмыскер зейнеткерлік жасқа толған жағдайда еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.Өскемен қалалық соты Р.Ж.Р. «Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не жұмысқ...

Толық оқу »

27-бап. Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен ерекшелігі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

27-бап. Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен ерекшелігі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      Еңбек шартында мына талаптардың біреуінің болуы:      1) жұмыскердің...

Толық оқу »

25-бап. Еңбек шартын жасасу кезі мүмкіндіктер теңдігінің кепілдіктері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

25-бап. Еңбек шартын жасасу кезі мүмкіндіктер теңдігінің кепілдіктері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер тең...

Толық оқу »

Басқа адамдар үшін материалдық немесе өзге де пайда алу үшін жұмыс берушінің мүдделеріне жұмыс жасағаны бойынша жұмыскермен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы

Басқа адамдар үшін материалдық немесе өзге де пайда алу үшін жұмыс берушінің мүдделеріне жұмыс жасағаны бойынша жұмыскермен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзы...

Толық оқу »

28-бап. Еңбек шартының мазмұны Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

28-бап. Еңбек шартының мазмұны Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Еңбек шартында:      1) тараптардың деректемелері:      жұмыс беруші жеке тұлғаның тегі, аты, әк...

Толық оқу »

20-3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы

20-3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы      Қазақстан Ұлттық Ба...

Толық оқу »

15-12-бап. Уәкілетті органның қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

15-12-бап. Уәкілетті органның қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы Уәкілетті органның қ...

Толық оқу »

31-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

31-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.  ...

Толық оқу »

33-бап. Еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

33-бап. Еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған т...

Толық оқу »

Қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан кезде еңбек шартын тоқтатудың өзіндік негіздері

Қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан кезде еңбек шартын тоқтатудың өзіндік негіздеріТалапкер В.В.П. «КАЗИНТЕРАСТЫК» ЖШС-не талаппен Астана қаласының Алмат...

Толық оқу »

Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасымен бұзу үшін қызметкердің бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмағаны нақты дәлелдермен бекітілуге тиіс.

Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасымен бұзу үшін қызметкердің бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан д...

Толық оқу »

60-бап. Еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шартын тоқтату негіздері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

60-бап. Еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шартын тоқтату негіздері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      Егер еңбек шартын жасасу талаптарын бұз...

Толық оқу »

86-бапқа түсініктеме. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің еңбек шартын жасаспай адамды жұмысқа жіберу

86-бапқа түсініктеме. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің еңбек шартын жасаспай адамды жұмысқа жіберу 1. Жұмыс берушінің еңбек шартын жасаспай...

Толық оқу »

51-бап. Еңбек шартын мерзiмi өткеннен кейін тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

51-бап. Еңбек шартын мерзiмi өткеннен кейін тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Белгiлi бiр мерзiмге жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң өтуіне байланы...

Толық оқу »

Еңбек шартын тоқтату немесе бұзу туралы жұмыс беруші актісін жарамсыз деп тану

Еңбек шартын тоқтату немесе бұзу туралы жұмыс беруші актісін жарамсыз деп тануҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Еңбек дауларын шешу кезінде соттардың заңнаманы қолдануын...

Толық оқу »

Тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелсіз себептермен қайтадан орындамаған немесе тиісінше қайтадан орындамауына байланысты еңбек шартын бұзу

Тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелсіз себептермен қайтадан орындамаған немесе тиісінше қайтадан орындамауына байланысты еңбек шартын бұзуТәртіптік жазасы ба...

Толық оқу »

49-бап. Еңбек шартын тоқтату негіздері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

49-бап. Еңбек шартын тоқтату негіздері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      Еңбек шартын тоқтату үшін негіздер:      1) тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу;...

Толық оқу »

Адамды жұмысқа жіберу еңбек шарты жасалғаннан кейін ғана жүзеге асырылады

Адамды жұмысқа жіберу еңбек шарты жасалғаннан кейін ғана жүзеге асырылады"С. Қ. Қайшыбаев атындағы неврология институты "жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі-неврол...

Толық оқу »

55-бап. Еңбек шартын жұмыскердің басқа заңды тұлғаға ауысуына байланысты тоқтату негізі және тәртібі  Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

55-бап. Еңбек шартын жұмыскердің басқа заңды тұлғаға ауысуына байланысты тоқтату негізі және тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі       1. Жұмыскермен еңбек шарты...

Толық оқу »

61-бап. Еңбек шартының тоқтатылуын ресімдеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

61-бап. Еңбек шартының тоқтатылуын ресімдеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыс беруші - жеке тұлға қайтыс болған (сот қайтыс болды деп жариялаған немесе хаб...

Толық оқу »

Өзінің қызметтік жағдайын өз мүддесіне немесе жұмыс берушінің мүддесіне қайшы үшінші тұлғаның мүддесіне пайдаланатын жұмыс берушімен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу

Өзінің қызметтік жағдайын өз мүддесіне немесе жұмыс берушінің мүддесіне қайшы үшінші тұлғаның мүддесіне пайдаланатын жұмыс берушімен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бой...

Толық оқу »

26-бап. Еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

26-бап. Еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Мынадай:      1) медициналық...

Толық оқу »

Еңбек шартын жарамсыз деп тану

Еңбек шартын жарамсыз деп тануЖергілікті соттар талап қоюшының уәжіне құқықтық тұрғыдан баға бермеген және дауды қарау барысында іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтамаған Та...

Толық оқу »

54-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу мүмкіндігін шектеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

54-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу мүмкіндігін шектеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 1), 18) 20) ж...

Толық оқу »

96-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы құқығын іске асыру және еңбек шарты тоқтатылған кезде өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

96-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы құқығын іске асыру және еңбек шарты тоқтатылған кезде өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Еңбек шарт...

Толық оқу »

Еңбек шартының қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты оның тоқтатылуы туралы дауларды қарау

Еңбек шартының қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты оның тоқтатылуы туралы дауларды қарау Сот практикасында белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартын тоқтату тәртібі бо...

Толық оқу »

86-бап. Адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

86-бап. Адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасаспай жұм...

Толық оқу »

Тараптар арасында жасалған еңбек шарты жоқ болған кезде қатынастарды еңбек қатынастары деп тану туралы даулар

Тараптар арасында жасалған еңбек шарты жоқ болған кезде қатынастарды еңбек қатынастары деп тану туралы дауларЕңбек Кодексінің 33-б. 3-т. сәйкес адамды жұмысқа жіберу еңбек шар...

Толық оқу »

Ақша немесе тауарлық құндылықтарға тікелей қызмет көрсететін қызметкермен айыпты әрекеттер жасауынан еңбек шартын бұзу

Ақша немесе тауарлық құндылықтарға тікелей қызмет көрсететін қызметкермен айыпты әрекеттер жасауынан еңбек шартын бұзуАталған негіздеме бойынша еңбек шарты қызметкерлердің шек...

Толық оқу »

57-бап. Еңбек шартын тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша тоқтату негіздері

57-бап. Еңбек шартын тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша тоқтату негіздері      1. Еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мына мән-жайлар бойынша:      1) жергілікті атқар...

Толық оқу »