⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Ақпаратты құқыққа қайшы контентке жатқызу негіздері, құқыққа қайшы контентті орналастыруды және таратуды тоқтата тұру, тоқтату Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Заңы

14-бап. Ақпаратты құқыққа қайшы контентке жатқызу негіздері, құқыққа қайшы контентті орналастыруды және таратуды тоқтата тұру, тоқтату Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Ақпаратты құқыққа қайшы контентке жатқызу негіздері, құқыққа қайшы контентті орналастыруды және таратуды тоқтата тұру, тоқтату Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының аумағындағы онлайн-платформаларда құқыққа қайшы контентті орналастыруға және таратуға тыйым салынады. 

      Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, өзін-өзі өлтіруді, порнографияны, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді және прекурсорларды, сепаратизм идеяларын, алаяқтықты, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты бұзатын ақпаратты үндеу, насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттілігіне және аумақтық тұтастығына күмән келтіретін мәлімдемелер, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашатын ақпарат және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған өзге де ақпарат құқыққа қайшы контент болып табылады. 

      2. Құқыққа қайшы контентті орналастыруды және таратуды тоқтата тұру, тоқтату "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады. 

      3. Онлайн-платформаның меншік иесі және (немесе) заңды өкілі уәкілетті органның нұсқамасын алғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты жою жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті. 

      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 94-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін онлайн-платформаларға байланысты қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-жарнаманы жасау, орналастыру, тарату және сақтау процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы