Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 15-5-бап. Бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату не одан айыру үшін негіздер Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы

15-5-бап. Бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату не одан айыру үшін негіздер Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  15-5-бап. Бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату не одан айыру үшін негіздер Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірінші санаттағы төлем ұйымына бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан:

      1) пруденциялық нормативтердің және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің бұзылуы;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қадағалап ден қою шараларының орындалмауы;

      3) бірінші санаттағы төлем ұйымының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан тексерудің жүргізілуіне кедергі келтіруі;

      4) бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны алу үшін ұсынылған құжаттарда анық емес мәліметтер мен ақпараттың анықталуы;

      5) Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы және (немесе) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік және (немесе) валюталық реттеу және валюталық бақылау және (немесе) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзылуы;

      6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес келмеуі негіздері бойынша бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірінші санаттағы төлем ұйымына бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан:

      1) лицензияның қолданысын тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлардың жойылмауы;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қадағалап ден қою шараларының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) орындалмауы;

      3) төлем қызметтерінің қатарынан күнтізбелік алты ай бойы көрсетілмеуі;

      4) осы Заңның 15-4-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген мән-жайлардың анықталуы;

      5) осы Заңда көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы;

      6) бірінші санаттағы төлем ұйымын тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;

      7) бірінші санаттағы төлем ұйымының өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауы негіздері бойынша бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдауға құқылы.

      3. Бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтату "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтатуға өтінішке бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру кезінде туындаған міндеттемелердің орындалуын растайтын құжаттар мен мәліметтер қоса беріледі.

      4. Бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысы осындай шешім бірінші санаттағы төлем ұйымының назарына жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрды деп есептеледі.

      Бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы қабылданған шешім туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешіміне шағым жасау осы шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.

      6. Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған бірінші санаттағы төлем ұйымы бұрын басталған төлем қызметтерін көрсету мен жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.

      7. Лицензиясынан айырылған не лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған бірінші санаттағы төлем ұйымы төлем қызметтерін көрсетуге құқылы емес.

      8. Бірінші санаттағы төлем ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттік қайта тіркеу және атауында "төлем ұйымы" деген сөздер болған кезде атауын өзгерту рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ. 

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 23 шілдедегі № 352-VIII ҚРЗ 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу және оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау