34-бап. Мемлекеттік құпиялар туралы Заңның мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыс істеуге рұқсат
Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға, мемлекеттік құпияларды қорғау құралдарын құруға, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізуге және (немесе) қызметтер көрсетуге байланысты ұйымдардың қызметі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның органдары беретін рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
Рұқсат ұйымдарды арнайы сараптау және олардың басшыларын аттестаттау нәтижелері негізінде беріледі, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-1 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, билік етуге, қорғауға және құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы