36-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру Мемлекеттік құпиялар туралы Заң
1. Мемлекеттік мекемелердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен, ал қалған ұйымдарда – мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстарды орындау кезінде олардың негізгі қызметінен алынатын қаражаттың есебінен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі шараларды жүргізуге бөлінетін қаржы қаражатының жұмсалуына бақылау жасауды мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, жұмыстардың тапсырысшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің арнайы уәкілдік берілген өкілдері жүзеге асырады. Егер бұл бақылауды жүзеге асыру мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсат етілуге байланысты болса, аталған адамдардың тиісті құпиялылық дәрежесіндегі мәліметтерге рұқсаты болуға тиіс.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы