39-бап. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, консультантқа, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) үшін негіздер Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
1. Осы Кодекстің 38-бабы бірінші бөлігінің 2), 3) тармақшаларында көрсетілген қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) үшін негіздер істі қарауға және шешуге қатысатын прокурорға, сот отырысының хатшысына, маманға, аудармашыға, консультантқа, сарапшыға да қолданылады.
2. Сарапшы, маман, аудармашы бұдан басқа, егер:
1) ол іске қатысатын адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет бабымен немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып келсе;
2) ол ревизия немесе тексеру жүргізіп, оның нәтижелері сотқа жүгіну үшін негіз болса не осы азаматтық істі қарау кезінде пайдаланылса;
3) оның құзыретіне жатпайтындығы анықталса, оның ішінде іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау оның арнайы білімдерінің шегінен шықса, соттың істі қарауына және шешуіне қатыса алмайды.
3. Прокурордың, маманның, аудармашының, консультанттың, сот отырысы хатшысының істі мұның алдында қараған және сот шешкен кезде тиісінше прокурор, маман, аудармашы, консультант, сот отырысының хатшысы ретінде қатысуы оларға қарсылық білдіру үшін негіз болып табылмайды. Адамның іске сарапшы ретінде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен жүргізілген сараптамадан кейін сараптама қайта тағайындалатын жағдайларды қоспағанда, іс бойынша қосымша сараптама жүргізуді оған тапсыруды болдырмайтын мән-жай болып табылмайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы