Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Президент Жарлықтары / Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімді бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 ақпандағы N 751 Жарлығы.

 "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 15-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. 2008 жылғы 30 қазанда Минск қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісім бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының 
ПрезидентіН. Назарбаев

 

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағыҚұпия ақпаратты өзара қорғау туралыКЕЛІСІМ (2009 жылғы 28 қыркүйекте күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені, 2009 ж., № 5, 33-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы,

      Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы сыртқы саяси, әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, барлау, қарсы барлау және өзге де ынтымақтастық барысында пайдаланылатын мемлекеттік құпияларды, сондай-ақ осындай ынтымақтастық процесінде пайда болған мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету мақсатында,

      Тараптардың заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын және Беларусь Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғауды қамтамасыз етуде Тараптардың өзара мүддесін ескере отырып,

      2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімді назарға ала отырып,

      мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап. Ұғымдар анықтамасы

      Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

      1) құпия ақпарат - олардың рұқсатсыз таратылуы Қазақстан Республикасының және (немесе) Беларусь Республикасының қауіпсіздігіне және мүдделеріне залал келтіруі мүмкін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын және (немесе) Беларусь Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын, кез келген нысанда көрініс тапқан, Тараптардың әрқайсысының заңнамасына сәйкес қорғалатын, сондай-ақ Тараптардың ынтымақтастығы процесінде пайда болған мәліметтер;

      2) құпия ақпаратты қорғау - Тараптардың заңнамасына және осы Келісімге сәйкес құпия ақпаратты заңсыз таратуды болдырмау жөніндегі құқықтық, ұйымдастыру, техникалық, криптографиялық, бағдарламалық және өзге де шараларды қабылдау;

      3) құпия ақпарат жеткізгіштері - құпия ақпарат оларды тануға және сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нышандар, үлгілер, белгілер, техникалық шешімдер және процестер түрінде өз көрінісін табатын материалдық объектілер, оның ішінде физикалық өрістер;

      4) құпиялылық белгісі - құпия ақпаратты жеткізгіште қойылатын және (немесе) ілеспе құжаттамада көрсетілетін, жеткізгіште қамтылған мәліметтердің құпиялылық дәрежесін куәландыратын деректеме;

      5) құпия ақпаратты құпиясыздандыру - құпия ақпараттың таратылуына шектеулерді алу жөніндегі іс-шаралар жиынтығы және оны жеткізгіштерге рұқсат беру;

      6) уәкілетті орган - құпия ақпаратты беруге, алуға, сақтауға, қорғауға және пайдалануға Тарап уәкілеттік берген мемлекеттік орган немесе ұйым;

      7) құзыретті орган - осы Келісімнің іске асырылуына жауапты Тараптың мемлекеттік органы;

      8) құпия ақпаратқа рұқсат беру - жеке адамның құпия ақпаратқа қол жеткізу құқығы немесе уәкілетті органның Тараптардың заңнамасына сәйкес ұсынылған құпия ақпаратты пайдалана отырып, қызметті жүзеге асыру құқығы;

      9) құпия ақпаратқа қол жеткізу - құпия ақпаратқа рұқсаты бар жеке адамды құпия ақпаратпен таныстыру;

      10) шарт - оның шеңберінде құпия ақпаратты пайдалану, оның ішінде оқыту процесінде де пайдалану көзделетін уәкілетті органдар арасында жасалатын шарт (келісім-шарт).

2-бап. Құпиялылық дәрежелерінің салыстырмалылығы

      Тараптар Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының заңнамаларына сәйкес құпиялылық дәрежелері және оларға сәйкес құпиялылық белгілері былайша салыстырылады деп белгілейді:

       Қазақстан Республикасында: Беларусь Республикасында:

       "Аса маңызды" ("Особой важности") "Особой важности"

       "Өте құпия" ("Совершенно секретно") "Совершенно секретно"

       "Құпия" ("Секретно") "Секретно"

3-бап. Құзыретті органдар

      Тараптар өздерінің заңнамаларына сәйкес құзыретті органдарды белгілейді, ол туралы дипломатиялық арналар арқылы бірін-бірі хабардар етеді.

4-бап. Құпия ақпаратты қорғау жөніндегі шаралар

      1. Тараптар:

      1) ынтымақтастық процесінде басқа Тарап берген және (немесе) пайда болған құпия ақпаратты қорғауға;

      2) берген Тараптың жазбаша келісімінсіз алынған құпия ақпараттың құпиялылық белгісін өзгертпеуге;

      3) ынтымақтастық процесінде алынған және (немесе) пайда болған құпия ақпаратқа қатысты өзінің осындай құпиялылық дәрежесіндегі (осы Келісімнің 2-бабына сәйкес салыстырылатын) құпия ақпаратына қатысты қолданылатын сондай қорғау шараларын қолдануға;

      4) басқа Тараптан алынған құпия ақпаратты тек оны беру кезінде көзделген мақсаттарда пайдалануға;

      5) басқа Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз ынтымақтастық процесінде алынған, сондай-ақ пайда болған құпия ақпаратқа үшінші тараптың қол жеткізуін болдырмауға міндеттенеді.

      2. Құпия ақпаратқа қол жеткізу оны беру кезінде, оның ішінде оқыту процесінде көзделген мақсаттарда қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті адамдарға ғана тиісті құпиялылық дәрежесіндегі құпия ақпаратқа олардың рұқсаты болған кезде рұқсат етіледі.

      3. Қажет болған жағдайда құпия ақпаратты қорғау жөніндегі қосымша талаптар (құпия ақпаратпен жұмыс істеу жөніндегі міндеттемелері жазылып және оны қорғау жөніндегі шаралар көрсетіліп) тиісті шарттарға енгізіледі.

5-бап. Құпия ақпаратты беру

      1. Шарт жасасу кезінде Тараптардың уәкілетті органдарының өзара іс-қимылын ұйымдастыру құзыретті органдармен келісім бойынша жүзеге асырылады.

      Егер бір Тараптың уәкілетті органы басқа Тараптың уәкілетті органына құпия ақпаратты беру ниетін білдірсе, ол өз Тарапының құзыретті органынан басқа Тараптың уәкілетті органында құпия ақпаратқа рұқсатының бар екендігін жазбаша растауды алдын ала сұратады.

      Бір Тараптың құзыретті органы басқа Тараптың құзыретті органынан басқа Тараптың уәкілетті органында құпия ақпаратқа рұқсаттың бар екендігіне жазбаша растама сұрайды.

      2. Құпия ақпаратты беру туралы шешімді Тараптардың заңнамасына сәйкес әрбір жекелеген жағдайда Тараптар қабылдайды.

      3. Шартты орындау барысында Тараптардың уәкілетті органдарының өзара іс-қимылын олар шартта және Тараптардың заңнамасында көзделген тәртіппен тікелей жүзеге асырады.

      4. Құпия ақпаратты бір мемлекеттен екіншісіне беру дипломатиялық арналар арқылы, фельдъегерлік қызмет немесе оған уәкілеттік берілген қызмет арқылы Тараптар арасында қолданылатын келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады. Тиісті уәкілетті орган құпия ақпаратты алғандығын растайды.

      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген қызметтер арқылы берілуі мүмкін емес құпия ақпаратты беру үшін уәкілетті органдар Тараптардың заңнамасына сәйкес тасымалдау тәсілі, алып жүру бағыты және нысаны туралы уағдаласады.

6-бап. Құпия ақпаратпен жұмыс істеу

      1. Құпия ақпараттың алынуына жауапты уәкілетті орган берілген жеткізгіште қосымша осы Келісімнің 2-бабына сәйкес салыстырылатын құпиялылық белгісін қояды.

      Алынған құпия ақпарат басқа тілге аударылған, ол көшірілген немесе көбейтілген жағдайда құпия ақпараттың алынған жеткізгішіне түпнұсқаның құпиялылық белгісіне сәйкес келетін құпиялылық белгісі қойылады.

      Берілген құпия ақпарат негізінде пайда болған құпия ақпараттың жеткізгішіне берілген құпия ақпараттың құпиялылық белгісінен төмен емес құпиялылық белгісі қойылады.

      2. Құпия ақпарат өзінің құпия ақпаратына қатысты қолданыстағы талаптарға сәйкес оны алған уәкілетті органда есепке алынады және сақталады.

      3. Құпия ақпараттың құпиялылық дәрежесі және оны жеткізгіштегі құпиялылық белгісі оны берген Тараптың уәкілетті органының жазбаша келісімінсіз өзгертілуі мүмкін емес.

      Тараптардың ынтымақтастығы процесінде пайда болған құпия ақпараттың құпиялылық дәрежесі Тараптардың уәкілетті органдарының өзара келісімі бойынша анықталады немесе өзгертіледі.

      Ынтымақтастық процесінде пайда болған құпия ақпаратты құпиясыздандыру Тараптардың уәкілетті органдарының келісімі бойынша жүзеге асырылады.

      Құпия ақпараттың құпиялылық дәрежесінің өзгергені немесе оның құпиясыздандырылғаны туралы оны берген Тараптың уәкілетті органы мүмкіндігінше қысқа мерзімде басқа Тараптың уәкілетті органын жазбаша хабардар етеді.

      4. Құпия ақпаратты (оны жеткізгіштерді) көшіру (көбейту) оны берген Тараптың уәкілетті органының жазбаша келісімі бойынша жүзеге асырылады.

      Құпия ақпаратты (оны жеткізгіштерді) жою құжат жүзінде расталады, ал жою процесінің өзі оны жаңарту мен қалпына келтірудің мүмкін болмауын қамтамасыз етуге тиіс. Құпия ақпараттың (оны жеткізгіштің) қайтарылғаны туралы немесе жойылғаны туралы оны берген Тараптың уәкілетті органына жазбаша хабарланады.

7-бап. Шарттар

      Тараптардың уәкілетті органдарымен жасалатын шарттарға жеке бөлім қосылады, онда мыналар айқындалады:

      ынтымақтастық процесінде пайдалану жоспарланып отырған құпия ақпараттың тізбесі және оның құпиялылық дәрежесі;

      ынтымақтастық процесінде берілетін және (немесе) пайда болған құпия ақпаратты қорғау ерекшеліктері, оны пайдалану шарттары;

      даулы жағдайларды шешу және ынтымақтастық процесінде берілетін және (немесе) пайда болған құпия ақпаратты рұқсатсыз таратудан болуы мүмкін залалды өтеу тәртібі.

8-бап. Құзыретті органдардың өзара іс-қимылы

      1. Құзыретті органдар өздерінің өкілеттіктері шегінде тікелей өзара іс-қимыл жасайды және осы Келісімді іске асыру мақсатында олардың бірінің өтініші бойынша бірлескен консультациялар өткізеді.

      2. Құзыретті органдар осы Келісімді іске асыру үшін қажетті көлемде құпия ақпаратты қорғау саласындағы тиісті нормативтік құқықтық актілермен алмасады.

9-бап. Сапарлар

      1. Бір Тараптың уәкілетті органдары өкілдерінің екінші Тараптың құпия ақпаратына қол жеткізуін көздейтін сапарлары қабылдайтын Тараптың заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Мұндай сапарларға рұқсат тек осы Келісімнің 4-бабының 2-тармағында көрсетілген адамдарға ғана беріледі.

      2. Сапарларды, оның ішінде көп мәрте сапарларды жүзеге асыру туралы өтініш болжанып отырған сапарға дейін бір айдан кешіктірмей жіберіледі.

      Болжанып отырған сапар туралы өтініш мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:

      уәкілетті орган өкілінің тегі мен аты, туған күні мен жері, азаматтығы мен төлқұжат нөмірі;

      уәкілетті орган өкілінің кәсібі мен лауазымы, ол жұмыс істейтін уәкілетті органның атауы;

      тиісті құпиялылық дәрежесіндегі құпия ақпаратқа рұқсатының бар-жоғы туралы;

      сапардың болжанып отырған күні және жоспарланып отырған ұзақтығы;

      сапардың мақсаты;

      келуі жоспарланып отырған уәкілетті органдардың атауы;

      уәкілетті органның өкілі (болған кезде) кездесуді болжап отырған адамдардың лауазымы, тегі және аты.

      3. Бір Тараптың уәкілетті органдарының өкілдері екінші Тараптың құпия ақпаратымен жұмыс істеу ережелерімен танысады және осы ережелерді сақтайды.

10-бап. Құпия ақпаратты қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға арналған шығыстар

      Уәкілетті органдар осы Келісімді іске асыру процесінде туындайтын барлық шығыстарды өздері көтереді.

11-бап. Құпия ақпаратты қорғау жөніндегі талаптарды бұзу және зиянның мөлшерін анықтау

      Басқа Тараптың уәкілетті органы берген және (немесе) ынтымақтастық процесінде пайда болған құпия ақпараттың рұқсатсыз таралуына әкелген құпия ақпаратты қорғау жөніндегі талаптар бұзылған жағдайда тиісті Тараптың уәкілетті немесе құзыретті органы екінші Тараптың уәкілетті немесе құзыретті органына осы туралы дереу хабарлайды, қажетті тексеру жүргізеді және құпия ақпаратты берген Тараптың құзыретті органына тексеру нәтижелері және аумағында бұзушылық орын алған Тараптың заңнамасына сәйкес қабылданған шаралар туралы хабарлайды.

      Құпия ақпаратты рұқсатсыз таратудан келтірілген зиянның мөлшері мен оны өтеу тәртібі Тараптардың заңнамасына, олар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес, сондай-ақ консультациялар барысында анықталады.

12-бап. Басқа уағдаластықтарға қарым-қатынас

      Тараптар арасында бұрын жасалған, құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етуді көздейтін халықаралық шарттар осы Келісімге қайшы келмейтін бөлігінде әрекет етуін жалғастырады.

13-бап. Даулы мәселелерді шешу

      Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты даулар Тараптардың құзыретті органдары арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі.

14-бап. Осы Келісімнің күшіне енуі, өзгертілуі және оның қолданылуын тоқтату

      1. Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді және белгіленбеген мерзімге жасалады.

      2. Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша енгізіледі, олар жеке хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

      3. Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы өзінің ниеті туралы жазбаша хабарлама жіберу жолымен осы Келісімнің қолданылуын тоқтата алады. Мұндай жағдайда осы Келісімнің қолданылуы көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап алты ай еткен соң тоқтатылады.

      4. Осы Келісімнің қолданылуы тоқтатылған жағдайда ынтымақтастық процесінде берілген және (немесе) пайда болған құпия ақпаратқа қатысты осы Келісімнің 4-бабында көзделген қорғау шаралары ол құпиясыздандырылғанға дейін қолданылуын жалғастырады.

      2008 жылдың 30 қазанында Минск қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, бұл ретте екі мәтіннің бірдей күші бар. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

185-бап. Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

185-бап. Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерді заңсыз жинау,...

Толық оқу »

410-бап. Тараптардың бастамасы бойынша дәлелдемелердiұсыну және жинау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

410-бап. Тараптардың бастамасы бойынша дәлелдемелердiұсыну және жинау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалғаны ту...

Толық оқу »

410-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі тараптарының бастамасы бойынша дәлелдемелерді ұсыну және жинау

410-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі тараптарының бастамасы бойынша дәлелдемелерді ұсыну және жинауЖәбірленуші, жасалған қылмыстық құқ...

Толық оқу »

173-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалту

173-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалту 1. Егер жоғалту көрсетілген құжаттармен немесе...

Толық оқу »

186-бап. Мемлекеттiк құпиялары бар мәліметтер жеткізгіштерді жоғалту  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

186-бап. Мемлекеттiк құпиялары бар мәліметтер жеткізгіштерді жоғалту ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Адамның өзiне қызмет, жұмыс бабымен не Қазақстан Респу...

Толық оқу »

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі құпия ақпаратты қорғау туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органды айқындау туралы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі құпия ақпаратты қорғау туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органды айқындау туралыҚазақстан Республикасы Пр...

Толық оқу »

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының 2005 жылғы 15...

Толық оқу »

91-бап. Сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

91-бап. Сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот отырысының хатшысы және сот пристав...

Толық оқу »

Шағым сот хатшысының өзіне міндеттелген жұмысын жасамай қызмет бабын асыра пайдаланғаны жайлы

Шағым сот хатшысының өзіне міндеттелген жұмысын жасамай қызмет бабын асыра пайдаланғаны жайлыҚазақстан Республикасы Сот әкімшілігі департаментініңАлматы қаласы бойынша басшысы...

Толық оқу »

Сот хатшысы өзіне міндеттелген жұмысын жасамай қызмет бабын асыра пайдаланғаны бойынша шағым

Сот хатшысы өзіне міндеттелген жұмысын жасамай қызмет бабын асыра пайдаланғаны бойынша шағымҚазақстан Республикасының Сот әкімшілігінің басшысыН.Р. Ахметзакировқакөшірме: Қаза...

Толық оқу »

12-бап. Экономика, білім, ғылым және техника саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын мәліметтер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

12-бап. Экономика, білім, ғылым және техника саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын мәліметтер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      Экономика...

Толық оқу »

37-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

37-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      1. Мемлекеттік құпиялар туралы заңдарды...

Толық оқу »

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымы шеңберiндегi құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету туралы келiсiмдi ратификациялау туралы

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымы шеңберiндегi құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету туралы келiсiмдi ратификациялау туралыҚазақстан Республик...

Толық оқу »

Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімді бекіту туралы

Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімді бекіту туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 7 ма...

Толық оқу »

28-бап. Құқық қатынастары субъектілерінің меншік нысандары мен міндеттері өзгерген кезде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау 7-тарау. Мемлекеттік құпияларды қорғау Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

28-бап. Құқық қатынастары субъектілерінің меншік нысандары мен міндеттері өзгерген кезде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау7-тарау. Мемлекеттік құпияларды қор...

Толық оқу »

22-бап. Мәліметтерді құпиясыздандырудың негіздері 5-тарау. Мәліметтер мен олардың көздерін құпиясыздандыру Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

22-бап. Мәліметтерді құпиясыздандырудың негіздері5-тарау. Мәліметтер мен олардың көздерін құпиясыздандыру Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      1. Мәліметтерді құпиясыздандыру...

Толық оқу »

24-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мәліметтерді құпиясыздандыру туралы сауалдарын орындау Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

24-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мәліметтерді құпиясыздандыру туралы сауалдарын орындау Мемлекеттік құпиялар туралы Заң     ...

Толық оқу »

2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдары Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдары Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдары Қазақст...

Толық оқу »

39-бап. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, консультантқа, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) үшін негіздер Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

39-бап. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, консультантқа, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) үшін негіздер Қазақстан Республикасының Аза...

Толық оқу »

36-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

36-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      1. Мемлекеттік мекемелердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің мемл...

Толық оқу »

6-бап. Қазақстан Республикасы Құрылтайының өкілеттігі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

6-бап. Қазақстан Республикасы Құрылтайының өкілеттігі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      Қазақстан Республикасының Құрылтайы өз өкілеттігі шегінде:      1) мемлекеттік құпия...

Толық оқу »

10-бап. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілеттігі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

10-бап. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілеттігі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      Мемлекеттік органдар мен ұйымдар мемлекеттік құпияларды қорғау органдарымен өзара і...

Толық оқу »

14-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі мен өзге де қызмет саласындағы мәліметтер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

14-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі мен өзге де қызмет саласындағы мәліметтер Мемлекеттік құпи...

Толық оқу »

30-бап. Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпияларға рұқсат етуден бас тарту үшін негіздер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

30-бап. Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпияларға рұқсат етуден бас тарту үшін негіздер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      1. Қазақ...

Толық оқу »

504-бапқа түсініктеме. Мемлекеттік құпияларды қорғау саласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің таралуы шектелген қызметтік ақпаратпен жұмыс істеуде белгіленген талаптарды бұзу

504-бапқа түсініктеме. Мемлекеттік құпияларды қорғау саласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің таралуы шектелген қызметтік ақп...

Толық оқу »

13-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын сыртқы саяси және сыртқы экономикалық салалардағы мәліметтер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

13-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын сыртқы саяси және сыртқы экономикалық салалардағы мәліметтер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      Сыртқы...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органды айқындау туралыҚаза...

Толық оқу »

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-тарау. Жалпы ережелер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар1-тарау. Жалпы ережелер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:      мемлекеттік қ...

Толық оқу »

27-бап. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шет мемлекеттерге және (немесе) халықаралық ұйымдарға беру тәртібі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

27-бап. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шет мемлекеттерге және (немесе) халықаралық ұйымдарға беру тәртібі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      1. Мемлекеттік орг...

Толық оқу »

23-бап. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің көздерін құпиясыздандырудың тәртібі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

23-бап. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің көздерін құпиясыздандырудың тәртібі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      1. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге қол қою туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 5 тамыз...

Толық оқу »

140-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының және заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелерінің, сондай-ақ ішкі аудит қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет жұмыскерлерінің және корпоративтік хатшының еңбегін реттеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

140-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының және заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелерінің, сондай-ақ ішкі аудит қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы...

Толық оқу »

2-1-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғаудың мақсаты мен міндеттері Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

2-1-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғаудың мақсаты мен міндеттері Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      1. Мемлекеттік құпияларды қорғаудың мақсаты оларды жария ету және жоғалту...

Толық оқу »

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ Акционерлік қоғамның (директорлар кеңесінің) корпоративтік хатшысына

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚАкционерлік қоғамның (директорлар кеңесінің) корпоративтік хатшысына Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің...

Толық оқу »

3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары мен олардың көздеріне меншік құқығы Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары мен олардың көздеріне меншік құқығы Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      Мемлекеттік құпиялар мен мемлекеттік құпияны құ...

Толық оқу »

5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      Қазақстан Республикасының Президенті:      1) мемлекеттік құпияларды қорғау саласын...

Толық оқу »

458-бап. Әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәлiметтер жеткізгіштерді жоғалту  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

458-бап. Әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәлiметтер жеткізгіштерді жоғалту ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Мемл...

Толық оқу »

2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы р...

Толық оқу »

95-бап. Судьялардың, алқабилердiң, прокурорлардың, тергеушiлердiң, анықтаушылардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот отырысы хатшыларының, сот приставтарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

95-бап. Судьялардың, алқабилердiң, прокурорлардың, тергеушiлердiң, анықтаушылардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот отырысы хатшыларының, сот приставтарының қа...

Толық оқу »

91-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық білдіру

91-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық білдіру1 сот отырысының хатшысы мен сот прист...

Толық оқу »

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы аясындағы Құпия ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi келiсiмiне қол қою туралы

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы аясындағы Құпия ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi келiсiмiне қол қою туралыҚазақстан Республикас...

Толық оқу »

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде құпия ақпаратты қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде құпия ақпаратты қорғау туралы келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 280-V ҚРЗ    ...

Толық оқу »

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы шеңберінде құпия ақпаратты алмасу және қорғау туралы келісімге қол қою туралы

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы шеңберінде құ...

Толық оқу »

Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы

Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралыҚаз...

Толық оқу »

34-бап. Мемлекеттік құпиялар туралы Заңның мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыс істеуге рұқсат

34-бап. Мемлекеттік құпиялар туралы Заңның мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыс істеуге рұқсат Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пай...

Толық оқу »

Мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерін реттейтін заңнаманың кейбір нормаларын қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 3 нормативтік қаулысы.

Мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерін реттейтін заңнаманың кейбір нормаларын қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 1...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі туралыҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 13 мамыр N 139 Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы

1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаман...

Толық оқу »

39-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің прокурорына, сарапшысына, маманына, аудармашысына, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) үшін негіздер

39-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің прокурорына, сарапшысына, маманына, аудармашысына, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру (ө...

Толық оқу »

37-1-бап. Адвокаттардың мемлекеттік құпияларға рұқсат алуы мен қол жеткізуі Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы Заңы

37-1-бап. Адвокаттардың мемлекеттік құпияларға рұқсат алуы мен қол жеткізуі Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы Заңы      1. Адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезе...

Толық оқу »

21-1-бап. Министрліктің жауапты хатшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

21-1-бап. Министрліктің жауапты хатшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы Ескерту. 21-1-бап алып тасталды – ҚР Конституциялық заңымен 30.12.2020 № 3...

Толық оқу »

32-бап. Рұқсат етуді ресімдеу кезеңінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларға рұқсат етілген немесе бұрын рұқсат етілген лауазымды адамның немесе азаматының құқықтарын шектеу Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

32-бап. Рұқсат етуді ресімдеу кезеңінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларға рұқсат етілген немесе бұрын рұқсат етілген лауазымды адамның немесе азаматының құқықта...

Толық оқу »

25-бап. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беруі 6-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары болып табылатын мәліметтерге билік ету Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

25-бап. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беруі6-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге б...

Толық оқу »

172-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК мемлекеттік құпияларын заңсыз алу, жария ету

172-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК мемлекеттік құпияларын заңсыз алу, жария ету 1. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді құжаттар...

Толық оқу »

4-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

4-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      1. Мемлекеттік құпияларды қорғау органдарына:      Қазақстан Республикасының мемлекеттік құ...

Толық оқу »

29-бап. Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарына, азаматтарына, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік құпияларға рұқсат ету Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

29-бап. Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарына, азаматтарына, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік құпияларға рұқсат ету Мемлекеттік құпиялар тура...

Толық оқу »

9-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның органдарының құзыреті Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

9-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның органдарының құзыреті Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011...

Толық оқу »

12-бап. Қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысының өкілеттіктері Қоғамдық кеңестер туралы Заңы

12-бап. Қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысының өкілеттіктеріҚоғамдық кеңестер туралы Заңы      1. Қоғамдық кеңестің төрағасы:      1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;...

Толық оқу »

18-бап. Мәліметтердің құпиялылық дәрежелері мен бұл мәліметтер көздерінің құпиялылық белгілері Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

18-бап. Мәліметтердің құпиялылық дәрежелері мен бұл мәліметтер көздерінің құпиялылық белгілері Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      1. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметт...

Толық оқу »

11-бап. Қазақстан Республикасының әскери саладағы мемлекеттік құпияларына жатқызылатын мәліметтер 3-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын мәліметтер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

11-бап. Қазақстан Республикасының әскери саладағы мемлекеттік құпияларына жатқызылатын мәліметтер3-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын мәліме...

Толық оқу »

26-бап. Бірлескен құпия жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

26-бап. Бірлескен құпия жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      1. Ұйымдарға немесе азаматтарға...

Толық оқу »