22-бап. Мәліметтерді құпиясыздандырудың негіздері 5-тарау. Мәліметтер мен олардың көздерін құпиясыздандыру Мемлекеттік құпиялар туралы Заң
1. Мәліметтерді құпиясыздандыру үшін:
Қазақстан Республикасында мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді ашық алмасу жөнінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелер қабылдауы;
объективті мән-жайлар өзгеріп, соның салдарынан мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді одан әрі қорғаудың мәні болмауы;
осы Заңның 11, 12, 13 және 14-баптарында белгіленген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды құрайтын Мәліметтер тізбесінің өзгеруі;
мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді құпияландыру мерзімінің аяқталуы;
жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметінің нәтижелерін қылмыстық процесте пайдалану қажеттігі негіздер болып табылады.
2. Басшыларына мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар дүркін-дүркін, бірақ кемінде әрбір бес жылда осы органдар мен ұйымдарда қолданылып жүрген, құпияландыруға жататын мәліметтер тізбесінің мазмұнын мәліметтерді құпияландырудың негізділігі мен олардың бұрын белгіленген құпиялық дәрежесіне сәйкес келуі бөлігінде қайта қарауға міндетті.
3. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қолданылып жүрген құпияландыруға жататын мәліметтер тізбесін өзгерту құқығы оларды бекіткен, мәліметтерді құпиясыздандыру жөнінде өздері қабылдаған шешімдердің негізділігі үшін дербес жауап беретін басшыларға беріледі. Аталған басшылардың құпияландырылуға жататын мәліметтердің тізбесін өзгертуге байланысты шешімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы