30-бап. Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпияларға рұқсат етуден бас тарту үшін негіздер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң
1. Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпияларға рұқсат етуден бас тартуға:
оны соттың әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеті шектеулі деп тануы, онда заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығының болуы;
денсаулық сақтау саласындағы өкілеттікті жүзеге асырушы мемлекеттік орган бекіткен тізбеге сәйкес онда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалану арқылы жұмыстар жүргізу үшін медициналық тұрғыдан қарсы дәлелдемелердің болуы;
оның өзінің шетелде тұрақты тұруы және оның басқа мемлекетте тұрақты тұруға кету үшін құжаттарды ресімдеуі;
тексеру шараларының нәтижесінде ресімделуші адамның Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін іс-әрекеттерінің анықталуы;
Қазақстан Республикасы лауазымды адамының және (немесе) азаматының Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленген шектеулерді қабылдамауы;
лауазымды адам немесе мемлекеттік қызметші активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырмаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, -Алынып тасталды 16.06.2029 жылдан бастап Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 12 маусымда № 311-VIIІ ҚРЗ Заңымен
мемлекеттік құпияларға рұқсат ету ресімделгенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылуы;
сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауы;
ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін онда сотталғандығының болуы немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылуы;
қылмыстық топ құрамында қылмыс жасауы;
азаматтың тексеру шараларынан жалтаруы;
осы Заңның 31-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің екінші абзацында көзделген талаптарды сақтамауы;
осы тармақта көрсетілген мәліметтерді ұсынбауы немесе бұрмалауы негіз болып табылады.
2. Лауазымды адамға немесе азаматқа мемлекеттік құпияларға рұқсат етуден бас тарту туралы шешімді жеке тәртіппен тексеру шараларының нәтижелерін ескере отырып, мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы қабылдайды.
3. Лауазымды адамның немесе азаматтың бұл шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы