27-бап. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шет мемлекеттерге және (немесе) халықаралық ұйымдарға беру тәртібі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң
1. Мемлекеттік органдар мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шет мемлекетке және (немесе) халықаралық ұйымға беру туралы шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға осы Заңның 15-бабына сәйкес мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерге билік ету жөнінде өкілеттік берілген мемлекеттік органмен келісіп, дәлелді ұсыныс енгізеді.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бұл мәліметтерді берудің мүмкіндіктері мен орындылығы туралы сараптамалық қорытынды шығарады.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шет мемлекетке және (немесе) халықаралық ұйымға беру туралы шешімді, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
4. Қабылдаушы тараптың өзіне берілетін мәліметтерді қорғау жөніндегі міндеттемесі онымен жасалатын шартта көзделеді.
5. Алып тасталды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы