23-бап. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің көздерін құпиясыздандырудың тәртібі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң
1. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің көздері оларды құпияландыру кезінде белгіленген мерзімдерден кешіктірмей құпиясыздандырылады. Егер мемлекеттік органда немесе ұйымда олар құпияландырылған кезде негізге алынған, қолданылып жүрген ережелер өзгерсе, көздер бұл мерзімдер біткенге дейін құпиясыздандырылуға тиіс.
Ерекше жағдайларда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің көздерін құпияландырудың бастапқыда белгіленген мерзімдерін ұзарту құқығы белгіленген тәртіппен өздері тағайындаған сараптама комиссиясы қорытындысының негізінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген басшыларына беріледі.
2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына өздеріне бағынатын лауазымды адамдар негізсіз құпияландырған мәліметтердің көздерін құпиясыздандыру жөнінде өкілеттік беріледі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағаттарының басшыларына қорды құрушы ұйым немесе оның құқықтық мұрагері оларға мұндай өкілеттік берген жағдайда, бұл мұрағаттардың жабық қорларында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің көздерін құпиясыздандыру жөнінде өкілеттік беріледі. Қорды құрушы ұйым таратылған және оның құқықтық мұрагері болмаған жағдайда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің көздерін құпиясыздандыру тәртібі туралы мәселені Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қарайды.
3. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің көздерін құпиясыздандыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы