26-бап. Бірлескен құпия жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру Мемлекеттік құпиялар туралы Заң
1. Ұйымдарға немесе азаматтарға бірлескен құпия жұмыстарды орындауына байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер беруді осы Заңның 15-бабына сәйкес тиісті мәліметтерге билік ететін мемлекеттік органның рұқсатымен және осы жұмыстарды орындау үшін қажетті көлемде ғана осы жұмыстарға тапсырысшы жүзеге асырады. Бұл орайда тапсырысшы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер берілгенге дейін ұйымда тиісті құпиялылық дәрежесіндегі мәліметтерді пайдалану арқылы жұмыстар жүргізуге арналған рұқсаттың, ал азаматтарда - тиісті рұқсаттың болуына көз жеткізуге міндетті.
2. Ұйымдар бірлескен құпия жұмыстарды жүргізуі (мемлекеттік тапсырыстар алуы) және осыған байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланудың қажеттігі туындаған кезінде басқа ұйымдармен олардың мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің қызметтерін пайдалану туралы шарттар жасаса алады, ол туралы екі уағдаласушы тараптың мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыс жүргізуге рұқсаттарына тиісті белгі қойылады.
Бірлескен құпия жұмыстарды жүргізуге арнап белгіленген тәртіппен жасалған шартта тараптардың жұмыстарды жүргізу процесінде де, олар аяқталғаннан кейін де мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі өзара міндеттемелері, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) қаржыландыру шарттары көзделеді.
3. Бірлескен құпия жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік құпиялардың қорғалуын бақылауды ұйымдастыру тараптар жасасқан шарттың ережелеріне сәйкес осы жұмыстардың тапсырысшысына жүктеледі.
Бірлескен құпия жұмыстардың барысында атқарушы өзіне алған мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі міндеттемелерін бұзған жағдайда тапсырысшы жолсыздықтар жойылғанға дейін тапсырысты орындауды тоқтата тұруға, ал міндеттеме қайталап бұзылған жағдайда - мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге арналған тапсырыс пен рұқсаттың күшін жою туралы және кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы мәселе қоюға құқылы. Бұл орайда атқарушының тапсырысшы арқылы мемлекетке келтірген материалдық зияны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндіріліп алынуға тиіс.
4. Бірлескен құпия жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы