25-бап. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беруі 6-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге билік ету Мемлекеттік құпиялар туралы Заң
1. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер беруді осы Заңның 15-бабына сәйкес осы мәліметтерге билік ететін мемлекеттік органның рұқсатымен, бағыныстылық қатынаста тұрмайтын және бірлескен жұмыстар атқармайтын мемлекеттік органдар мен ұйымдар жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге сауал салушы мемлекеттік органдар мен ұйымдар бұл мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ететін жағдай жасауға міндетті. Олардың басшылары мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен танысу жөнінде белгіленген тәртіптің сақталуы үшін дербес жауап береді.
Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға беруге арналған міндетті шарт олардың осы Заңның талаптарын орындауы болып табылады.
3. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы