Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Президент Жарлықтары / Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы шеңберінде құпия ақпаратты алмасу және қорғау туралы келісімге қол қою туралы

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы шеңберінде құпия ақпаратты алмасу және қорғау туралы келісімге қол қою туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы шеңберінде құпия ақпаратты алмасу және қорғау туралы келісімге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 408 Жарлығы.

"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы шеңберінде құпия ақпаратты алмасу және қорғау туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Сапарбекұлы Сәденовке Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы шеңберінде құпия ақпаратты алмасу және қорғау туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентіҚ.Тоқаев

 

 

 Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2023 жылғы 7 желтоқсандағы№ 408 ЖарлығыменМАҚҰЛДАНҒАНЖоба

 

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы шеңберінде құпия ақпаратты алмасу және қорғау туралы КЕЛІСІМ

      Есірткі қүралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығына қатысушы мемлекеттер (бұдан әрі - қатысушы мемлекеттер) және Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (бұдан әрі - Орталық).

      2006 жылғы 24 шілдеде Астана қаласында қол қойылған Әзербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын құру туралы келісімнің (бұдан әрі - ОАӨАҮО құру туралы келісім) ережелерін басшылыққа ала отырып,

      есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылда қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында,

      ынтымақтастық процесінде құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,

      Орталық қызметінің шеңберінде құпия ақпаратты орталықтандырылған жинауды, өңдеуді, сақтауды, қорғауды, талдауды және алмасуды жүзеге асыру қажеттілігін негізге ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін ОАӨАҮО құру туралы келісімде айқындалған ұғымдардан басқа, төменде санамаланған ұғымдар мынадай мағынада қолданылады:

      құпия ақпарат - осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің бірінің кез келген нысанда білдірілген, қатысушы мемлекеттердің заңнамасына және Орталықтың нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қорғалатын, осы Келісімді іске асыру тәртібімен берілген (алынған), сондай-ақ қатысушы мемлекеттер мен Орталықтың ынтымақтастығы процесінде жасалған, санкциясыз таратылуы және (немесе) жоғалуы қатысушы мемлекеттің және (немесе) Орталықтың қауіпсіздігіне немесе мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін, мемлекеттік құпияларды (мемлекеттік құпияны) құрайтын мәліметтер;

      құпия ақпаратты қорғау - құпия ақпараттың санкциясыз таралуына және (немесе) оның жоғалуына жол бермеу мақсатында қатысушы мемлекеттердің заңнамасына, осы Келісімге және Орталықтың нормативтік актілеріне сәйкес қабылданатын ұйымдастырушылық, құқықтық, инженерлік-техникалық, криптографиялық және өзге де шаралар кешені;

      құпия ақпаратқа қол жеткізу - құпия ақпаратқа тиісті рұқсаты бар жеке тұлғаның құпия ақпаратпен санкцияланған танысу және (немесе) онымен жұмыс істеу процесі;

      құпия ақпаратқа рұқсат беру - қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес ресімделген жеке тұлғаның құпия ақпаратқа қол жеткізуге, ал заңды тұлғаның осындай ақпаратты пайдалана отырып жүмыс жүргізуге қүқығы;

      құпия ақпаратты жеткізгіштер - құпия ақпарат таңбалар, бейнелер, сигналдар, техникалық шешімдер мен процестер түрінде өз көрінісін табатын материалдық объектілер, оның ішінде физикалық өрістер;

      құпиялылық грифі - құпия ақпарат жеткізгіштегі мәліметтердің құпиялылық дәрежесін куәландыратын, жеткізгіштің өзіне және (немесе) оған ілеспе қүжаттамаға қойылатын деректеме;

      құпия ақпараттық ресурстар - Орталықтың және уәкілетті органдардың қызметін жүзеге асыруға қажетті құпия ақпаратты жеткізгіштерде қамтылатын құпия ақпараттың ақпараттық жинақтары;

      ақпараттық жүйе - құпия ақпаратты сақтауға, іздеуге, өңдеуге, алмасуға және қорғауды қамтамасыз етуге арналған ұйымдастырушылық, бағдарламалық және аппараттық шешімдер жиынтығы;

      уәкілетті органдар - қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құпия ақпаратты беруге, алуға, сақтауға, қорғауға және пайдалануға уәкілеттік берілетін, функцияларына есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылды жүзеге асыру кіретін қатысушы мемлекеттердің органдары;

      қүзыретті органдар - қатысушы мемлекеттердің осы Келісімді іске асыруға жауапты органдары;

      құпия ақпаратты санкциясыз тарату - құпия ақпаратты жария ету немесе осындай ақпаратты таратудың белгіленген тәртібін (қағидаларын) бүзу, соның салдарынан ол құпия ақпаратқа рұқсаты және қолжетімділігі жоқ адамдарға мәлім болады;

      құпия ақпаратты жоғалту - құпия ақпараттың және (немесе) оны жеткізгіштердің жоғалту не ұрлану нәтижесінде заңды иеленуден немесе пайдаланудан шығуы, оның ішінде уақытша шығуы;

      құпия ақпаратты пайдаланушы - Орталық немесе өкілдерінің құпия ақпаратқа рұқсаты және қолжетімділігі бар уәкілетті органның атынан қатысушы мемлекет.

2-бап

      Орталық шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде құпия ақпаратты алмасуды және қорғауды ұйымдастыру, сондай-ақ құпия ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану тетігін белгілеу осы Келісімнің нысанасы болып табылады.

3-бап

      Әрбір қатысушы мемлекет құзыретті органды және уәкілетті органдардың тізбесін айқындайды, бүл туралы осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы хабарламаны бір мезгілде жібере отырып Орталыққа дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлайды.

4-бап

      Уәкілетті органдар мен Орталық арасында құпия ақпарат алмасу:

      келіп түскен біржолғы сұрау салулар бойынша:

      тиісті ақпараттың келіп түсуіне қарай тұрақты жұмыс істейтін тақырыптық сұрау салулар бойынша;

      бастамашылық хабарлау тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.

5-бап

      Құпия ақпаратты беру туралы шешім әрбір жеке жағдайда оны беретін қатысушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес қабылданады.

      Уәкілетті органдар мен Орталықтың ынтымақтастығы процесінде жасалған құпия ақпаратты беру туралы шешім олардың арасындағы келісу бойынша қабылданады.

      Орталық уәкілетті органдар берген, олардың ынтымақтастығы процесінде жасалған құпия ақпаратты алмасуды, жинақтауды, жүйелеуді, талдауды, сақтауды және қорғауды жүзеге асырады.

7-бап

      Орталыққа мазмұны бойынша қолда бар ақпаратқа ұқсас құпия ақпарат келіп түскен жағдайда, Орталық бұл туралы осы ақпаратты берген уәкілетті органдарды хабардар етеді.

      Орталық құпия ақпаратқа толықтыруды жеке ақпарат ретінде ескереді.

8-бап

      Құпия ақпаратты пайдаланушылар мыналарды:

      ақпаратқа осы ақпаратты берген уәкілетті орган белгілеген құпиялылық грифінен төмен емес құпиялылық грифінің берілуін;

      алынған құпия ақпаратқа қатысты тиісті құпиялылық грифі бар өз ақпаратына қатысты қабылданатын қорғау шараларының қабылдануын;

      қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес ресімделген құпия ақпаратқа рұқсаттарды өзара тануды;

      басқа қатысушы мемлекеттің уәкілетті органына құпия ақпаратты осы ақпаратты берген уәкілетті органның жазбаша келісімімен ғана беруді;

      құпия ақпаратты пайдаланушылардың алдында тұрған міндеттерді іске асыру мақсатында құпия ақпаратты пайдалануды;

      құпия ақпаратты пайдалану кезінде азаматтардың заңды құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етеді.

9-бап

      Құпия ақпараттың құпиялылық дәрежесін осы ақпаратты берген уәкілетті орган белгілейді және өзгертеді.

      Орталық дайындаған құпия ақпарат жеткізгіштің құпиялылық грифі Орталық құпия ақпарат жеткізгішті дайындау кезінде пайдаланған құпия ақпарат құпиялылығының ең жоғары дәрежесіне сәйкес келеді.

      Құпиялылық дәрежелері мен оларға сәйкес келетін грифтер осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес салыстырылады, ол ОАӨАҮО құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің (бұдан әрі - Кеңес) шешімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.

      Құпия ақпаратты берген уәкілетті орган оны пайдалануға және жекелеген не барлық уәкілетті органдарға беруге қосымша шектеулер қоюға және оны өзгертуге құқылы.

      Орталық құпиялылық грифінің өзгеруі және қосымша шектеулер туралы осындай ақпаратты алған уәкілетті органдарға хабарлайды.

10-бап

      Лауазымды адам өкілі болып табылатын уәкілетті орган беретін құпия ақпаратқа рұқсаттың болуы туралы анықтамаға сәйкес Орталықтың директоры және (немесе) оны алмастыратын адам Орталықтың лауазымды адамына құпия ақпаратқа қол жеткізуге рұқсат береді.

      Орталықта құпия ақпаратпен жұмыс істеу тиісті тексеруден және сертификаттаудан өткен техникалық және бағдарламалық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылады. Тексеру және сертификаттау Кеңес белгілеген рәсім бойынша жүзеге асырылады.

      Құпия ақпарат алмасу оның құпиялылық грифіне сәйкес келетін қорғау деңгейін қамтамасыз ететін арналар арқылы жүзеге асырылады және Орталықтың уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындалады.

11-бап

      Орталықта ақпараттық жүйелерді құру, құпия ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану мынадай:

      сыныптаудың және кодтаудың бастапқы жүйелерін, деректемелік құрамын және дереккөз атрибуттарының бастапқы мәндерін сақтай отырып, құпия ақпаратты алу параметрлерін (дереккөз, алынған күні және басқалар) тіркей отырып, әртүрлі көздерден алынған құпия ақпаратты бөлек сақтау;

      құпия ақпараттың тұтастығы мен сақталуы;

      құпия ақпаратқа санкциясыз қол жеткізуді болдырмау;

      құпия ақпаратқа көп деңгейлі авторландырылған қолжетімділікті жүзеге асыру;

      құпия ақпаратты пайдаланушылардың барлық өтініштерін есепке алу және тіркеу қағидаттарына негізделеді.

12-бап

      Құпия ақпаратты қорғау мақсатында Орталық:

      уәкілетті органдардың қатысушы мемлекеттердің заңнамасымен қорғалатын дербес деректерді алуға сұрау салулардың негізділігін сұратады;

      тиісті уәкілетті органдардан құпия ақпаратқа рұқсатты растауды сұратады;

      Орталық персоналының сенімділігін, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып тексереді;

      Орталықтың үй-жайлары мен техникалық құралдарының қорғалуын тексереді;

      ақпараттық жүйеде деректердің тұрақты резервтік көшірмесін жүргізеді және Орталықта құпия ақпаратпен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес көшірмелерді сақтауды жүзеге асырады;

      қажетті өкілеттіктерді бере отырып, лауазымды адамдар қатарынан ақпараттық қауіпсіздік шараларын әзірлеуге және қолдануға жауаптыларды айқындайды;

      құпия ақпаратты, оның ішінде ынтымақтастық процесінде жасалған ақпаратты Орталық жанындағы байқаушыға, үшінші тарапқа осы құпия ақпаратты берген уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз, ал ынтымақтастық процесінде жасалған ақпарат жағдайында - барлық уәкілетті органдардың жазбаша келісімінсіз бермейді;

      өз құзыреті шегінде осы Келісімді іске асыру үшін басқа да шараларды қабылдайды.

13-бап

      Орталықта құпия ақпаратпен жұмыс істеу және оны қорғау тәртібі Кеңес бекітетін Орталықтағы құпия ақпаратпен жұмыс істеу қағидаларында регламенттеледі.

14-бап

      Құпия ақпаратты және (немесе) оның жеткізгіштерін санкциясыз тарату және (немесе) жоғалту фактісі анықталған жағдайда мүдделі уәкілетті органдар және (немесе) Орталық бір-біріне дереу хабарлайды, консультациялар жүргізеді және қажет болған кезде құзыретті органдарды тарта отырып, талқылауды жүзеге асырады.

      Құпия ақпаратты және (немесе) оның жеткізгіштерін санкциясыз таратуға және (немесе) жоғалтуға жол берген адам өзі азаматы болып табылатын қатысушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      Құпия ақпаратты және (немесе) оның жеткізгіштерін санкциясыз таратудан және (немесе) жоғалтудан келтірілген нұқсанның мөлшері мен оны өтеу тәртібі қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес уәкілетті органдар мен Орталық арасындағы қажет болған кезде құзыретті органдар тартылатын консультациялар арқылы айқындалады.

15-бап

      Орталыққа берілетін құпия ақпарат осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар бойынша сыныпталады.

16-бап

      Егер әрбір нақты жағдайда өзгеше тәртіп келісілмесе, қатысушы мемлекеттер мен Орталық осы Келісімді орындау барысында туындайтын шығыстарды өздері дербес көтереді.

17-бап

      Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға байланысты даулы мәселелер мүдделі құзыретті органдар мен Орталық арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.

18-бап

      Осы Келісім қатысушы мемлекеттердің осы Келісімнің нысанасы болып табылатын мәселелер бойынша басқа шарттар жасасу немесе бұрын жасалған халықаралық шарттарды орындау құқықтарын шектемейді.

19-бап

      Осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

20-бап

      Орталықтың болатын мемлекеті осы Келісімнің депозитарийі болып табылады.

      Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және оған қол қойған Орталыққа қатысушы мемлекеттердің оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы төртінші жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап 30 (отыз) күн өткен соң күшіне енеді. Орталық үшін осы Келісім осы күннен бастап күшіне енеді. Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған осы Келісімге қатысушы мемлекеттер үшін ол депозитарийге тиісті хабарламалар тапсырылған күннен бастап 30 (отызыншы) күні күшіне енеді.

21-бап

      Осы Келісім ОАӨAYO құру туралы келісімге қосылған мемлекеттердің қосылуы үшін ашық.

      Осы Келісімге қосылған мемлекет үшін ол депозитарий қосылу туралы құжатты дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.

22-бап

      Әрбір қатысушы мемлекет шығу күніне дейін 3 (үш) айдан кешіктірмей депозитарийге дипломатиялық арналар арқылы бұл туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Келісімнен шыға алады.

      Қатысушы мемлекет осы Келісімнен шыққан жағдайда өзі берген және алған, сондай-ақ оның басқа да қатысушы мемлекеттермен және Орталықпен ынтымақтастығы процесінде жасалған құпия ақпаратқа қатысты мүдделі уәкілетті органдардың және Орталықтың келісімімен одан құпиялылық грифі алынғанша, оны қорғау жөніндегі шаралардың белгіленген тәртіппен қолданылуы жалғасады. Мұндай ақпаратты одан құпиялылық грифі алынғанға не ол жойылғанға дейін пайдалануды осы Келісімнен шығуға ниет білдірген мемлекет осы Келісімнен шығатын күніне дейін қатысушы мемлекеттермен және Орталықпен келіседі.

      Орталықтың қызметі қайта ұйымдастырылған немесе тоқтатылған жағдайда Орталықтағы құпия ақпаратты қорғау және пайдалану мәселелері, қажет болған кезде құзыретті органдарды тарта отырып, уәкілетті органдар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.

23-бап

      Депозитарий 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде дипломатиялық арналар арқылы қатысушы мемлекеттерді осы Келісімнің күшіне енгені туралы, соның ішінде оның бұл үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындаған немесе осы Келісімге кейінірек қосылған қатысушы мемлекеттер үшін күшіне енгені туралы, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердің осы Келісімнен шығуы және оның қолданысын тоқтату туралы хабардар етеді.

      20 жылғы " " Алматы қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Келісімнің төлнұсқа данасы депозитарийде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әрбір қатысушы мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жолдайды.

 

Әзербайжан Республикасы үшін__________________________
Тәжікстан Республикасы үшін___________________________
Қазақстан Республикасы үшін___________________________
Қырғыз Республикасы үшін_____________________________
Өзбекстан Республикасы үшін___________________________
Ресей Федерациясы үшін________________________________
ОАӨАҮО үшін_________________________________________

 

 

 Есірткі құралдарының,психотроптық заттармен олардың прекурсорларыныңзаңсыз айналымына қарсы күресжөніндегі Орталық Азия өңірлікақпараттық үйлестіру орталығышеңберінде құпия ақпараттыалмасу және қорғау туралыкелісімге1-қосымша

 

Құпиялылық дәрежелері мен оларға сәйкес келетін грифтердіңКЕСТЕСІ

 

Жүктеу

Әзербайжан РеспубликасыӨте құпияҚұпия
Қазақстан РеспубликасыӨте құпияҚұпия
Қырғыз РеспубликасыӨте құпияҚұпия
Ресей ФедерациясыӨте құпияҚұпия
Тәжікстан РеспубликасыӨте құпияҚұпия
ТүрікменстанӨте құпияҚұпия
Өзбекстан РеспубликасыӨте құпияҚұпия
ОАӨАҮООрталық 001Орталық 02

 

 

 Есірткі құралдарының,психотроптық заттар менолардың прекурсорларыныңзаңсыз айналымына қарсы күресжөніндегі Орталық Азия өңірлікақпараттық үйлестіру орталығышеңберінде құпия ақпараттыалмасу және қорғау туралыкелісімге2-қосымша

 

Ақпаратты сыныптау

Ақпарат көзі1 бойынша:

      A. Ақпарат көзінің шынайылығы мен құзыреттілігі күдік тудырмайды.

      B. Ақпарат алынған дереккөз көпшілік жағдайда өзінің сенімділігін дәлелдеді.

      C. Ақпарат алынған дереккөз көпшілік жағдайда өзінің сенімсіздігін көрсетті.

      D. Ақпарат көзінің сенімділігі бағаланбаған немесе белгісіз.

Ақпараттың дәлдік және сенімділік дәрежесі бойынша:

      1. Ақпарат күдік тудырмайды.

      2. Ақпарат дереккөздің жеке өзіне белгілі болса да, ол берілген құзыретті орган қызметкерінің жеке өзіне белгісіз.

      3. Ақпарат дереккөздің жеке өзіне белгісіз болса да, тіркеліп қойған басқа ақпаратпен расталды.

      4. Ақпарат дереккөздің жеке өзіне белгісіз және оның расталуы мүмкін емес.

      __________________________________

      1Ресми органдар және ұйымдар;

      Құқық қорғау органдарының қызметкерлері;

      Арнаулы іс-шаралар;

      Құзыретті органдарға көмек көрсететін тұлғалар;

      Жекелеген азаматтар;

      БАҚ және басқалар. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

185-бап. Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

185-бап. Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерді заңсыз жинау,...

Толық оқу »

410-бап. Тараптардың бастамасы бойынша дәлелдемелердiұсыну және жинау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

410-бап. Тараптардың бастамасы бойынша дәлелдемелердiұсыну және жинау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалғаны ту...

Толық оқу »

410-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі тараптарының бастамасы бойынша дәлелдемелерді ұсыну және жинау

410-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі тараптарының бастамасы бойынша дәлелдемелерді ұсыну және жинауЖәбірленуші, жасалған қылмыстық құқ...

Толық оқу »

173-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалту

173-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалту 1. Егер жоғалту көрсетілген құжаттармен немесе...

Толық оқу »

186-бап. Мемлекеттiк құпиялары бар мәліметтер жеткізгіштерді жоғалту  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

186-бап. Мемлекеттiк құпиялары бар мәліметтер жеткізгіштерді жоғалту ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Адамның өзiне қызмет, жұмыс бабымен не Қазақстан Респу...

Толық оқу »

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі құпия ақпаратты қорғау туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органды айқындау туралы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі құпия ақпаратты қорғау туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органды айқындау туралыҚазақстан Республикасы Пр...

Толық оқу »

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының 2005 жылғы 15...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімді бекіту туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 ақпан...

Толық оқу »

91-бап. Сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

91-бап. Сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот отырысының хатшысы және сот пристав...

Толық оқу »

Шағым сот хатшысының өзіне міндеттелген жұмысын жасамай қызмет бабын асыра пайдаланғаны жайлы

Шағым сот хатшысының өзіне міндеттелген жұмысын жасамай қызмет бабын асыра пайдаланғаны жайлыҚазақстан Республикасы Сот әкімшілігі департаментініңАлматы қаласы бойынша басшысы...

Толық оқу »

Сот хатшысы өзіне міндеттелген жұмысын жасамай қызмет бабын асыра пайдаланғаны бойынша шағым

Сот хатшысы өзіне міндеттелген жұмысын жасамай қызмет бабын асыра пайдаланғаны бойынша шағымҚазақстан Республикасының Сот әкімшілігінің басшысыН.Р. Ахметзакировқакөшірме: Қаза...

Толық оқу »

12-бап. Экономика, білім, ғылым және техника саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын мәліметтер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

12-бап. Экономика, білім, ғылым және техника саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын мәліметтер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      Экономика...

Толық оқу »

37-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

37-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      1. Мемлекеттік құпиялар туралы заңдарды...

Толық оқу »

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымы шеңберiндегi құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету туралы келiсiмдi ратификациялау туралы

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымы шеңберiндегi құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету туралы келiсiмдi ратификациялау туралыҚазақстан Республик...

Толық оқу »

Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімді бекіту туралы

Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімді бекіту туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 7 ма...

Толық оқу »

28-бап. Құқық қатынастары субъектілерінің меншік нысандары мен міндеттері өзгерген кезде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау 7-тарау. Мемлекеттік құпияларды қорғау Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

28-бап. Құқық қатынастары субъектілерінің меншік нысандары мен міндеттері өзгерген кезде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау7-тарау. Мемлекеттік құпияларды қор...

Толық оқу »

22-бап. Мәліметтерді құпиясыздандырудың негіздері 5-тарау. Мәліметтер мен олардың көздерін құпиясыздандыру Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

22-бап. Мәліметтерді құпиясыздандырудың негіздері5-тарау. Мәліметтер мен олардың көздерін құпиясыздандыру Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      1. Мәліметтерді құпиясыздандыру...

Толық оқу »

24-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мәліметтерді құпиясыздандыру туралы сауалдарын орындау Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

24-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мәліметтерді құпиясыздандыру туралы сауалдарын орындау Мемлекеттік құпиялар туралы Заң     ...

Толық оқу »

2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдары Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдары Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдары Қазақст...

Толық оқу »

39-бап. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, консультантқа, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) үшін негіздер Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

39-бап. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, консультантқа, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) үшін негіздер Қазақстан Республикасының Аза...

Толық оқу »

36-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

36-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      1. Мемлекеттік мекемелердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің мемл...

Толық оқу »

6-бап. Қазақстан Республикасы Құрылтайының өкілеттігі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

6-бап. Қазақстан Республикасы Құрылтайының өкілеттігі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      Қазақстан Республикасының Құрылтайы өз өкілеттігі шегінде:      1) мемлекеттік құпия...

Толық оқу »

10-бап. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілеттігі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

10-бап. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілеттігі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      Мемлекеттік органдар мен ұйымдар мемлекеттік құпияларды қорғау органдарымен өзара і...

Толық оқу »

14-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі мен өзге де қызмет саласындағы мәліметтер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

14-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі мен өзге де қызмет саласындағы мәліметтер Мемлекеттік құпи...

Толық оқу »

30-бап. Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпияларға рұқсат етуден бас тарту үшін негіздер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

30-бап. Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпияларға рұқсат етуден бас тарту үшін негіздер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      1. Қазақ...

Толық оқу »

504-бапқа түсініктеме. Мемлекеттік құпияларды қорғау саласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің таралуы шектелген қызметтік ақпаратпен жұмыс істеуде белгіленген талаптарды бұзу

504-бапқа түсініктеме. Мемлекеттік құпияларды қорғау саласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің таралуы шектелген қызметтік ақп...

Толық оқу »

13-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын сыртқы саяси және сыртқы экономикалық салалардағы мәліметтер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

13-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын сыртқы саяси және сыртқы экономикалық салалардағы мәліметтер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      Сыртқы...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органды айқындау туралыҚаза...

Толық оқу »

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-тарау. Жалпы ережелер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар1-тарау. Жалпы ережелер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:      мемлекеттік қ...

Толық оқу »

27-бап. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шет мемлекеттерге және (немесе) халықаралық ұйымдарға беру тәртібі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

27-бап. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шет мемлекеттерге және (немесе) халықаралық ұйымдарға беру тәртібі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      1. Мемлекеттік орг...

Толық оқу »

23-бап. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің көздерін құпиясыздандырудың тәртібі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

23-бап. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің көздерін құпиясыздандырудың тәртібі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      1. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге қол қою туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 5 тамыз...

Толық оқу »

140-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының және заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелерінің, сондай-ақ ішкі аудит қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет жұмыскерлерінің және корпоративтік хатшының еңбегін реттеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

140-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының және заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелерінің, сондай-ақ ішкі аудит қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы...

Толық оқу »

2-1-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғаудың мақсаты мен міндеттері Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

2-1-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғаудың мақсаты мен міндеттері Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      1. Мемлекеттік құпияларды қорғаудың мақсаты оларды жария ету және жоғалту...

Толық оқу »

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ Акционерлік қоғамның (директорлар кеңесінің) корпоративтік хатшысына

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚАкционерлік қоғамның (директорлар кеңесінің) корпоративтік хатшысына Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің...

Толық оқу »

3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары мен олардың көздеріне меншік құқығы Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары мен олардың көздеріне меншік құқығы Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      Мемлекеттік құпиялар мен мемлекеттік құпияны құ...

Толық оқу »

5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      Қазақстан Республикасының Президенті:      1) мемлекеттік құпияларды қорғау саласын...

Толық оқу »

458-бап. Әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәлiметтер жеткізгіштерді жоғалту  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

458-бап. Әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәлiметтер жеткізгіштерді жоғалту ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Мемл...

Толық оқу »

2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы р...

Толық оқу »

95-бап. Судьялардың, алқабилердiң, прокурорлардың, тергеушiлердiң, анықтаушылардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот отырысы хатшыларының, сот приставтарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

95-бап. Судьялардың, алқабилердiң, прокурорлардың, тергеушiлердiң, анықтаушылардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот отырысы хатшыларының, сот приставтарының қа...

Толық оқу »

91-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық білдіру

91-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық білдіру1 сот отырысының хатшысы мен сот прист...

Толық оқу »

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы аясындағы Құпия ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi келiсiмiне қол қою туралы

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы аясындағы Құпия ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi келiсiмiне қол қою туралыҚазақстан Республикас...

Толық оқу »

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде құпия ақпаратты қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде құпия ақпаратты қорғау туралы келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 280-V ҚРЗ    ...

Толық оқу »

Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы

Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралыҚаз...

Толық оқу »

34-бап. Мемлекеттік құпиялар туралы Заңның мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыс істеуге рұқсат

34-бап. Мемлекеттік құпиялар туралы Заңның мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыс істеуге рұқсат Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пай...

Толық оқу »

Мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерін реттейтін заңнаманың кейбір нормаларын қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 3 нормативтік қаулысы.

Мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерін реттейтін заңнаманың кейбір нормаларын қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 1...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі туралыҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 13 мамыр N 139 Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы

1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаман...

Толық оқу »

39-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің прокурорына, сарапшысына, маманына, аудармашысына, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) үшін негіздер

39-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің прокурорына, сарапшысына, маманына, аудармашысына, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру (ө...

Толық оқу »

37-1-бап. Адвокаттардың мемлекеттік құпияларға рұқсат алуы мен қол жеткізуі Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы Заңы

37-1-бап. Адвокаттардың мемлекеттік құпияларға рұқсат алуы мен қол жеткізуі Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы Заңы      1. Адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезе...

Толық оқу »

21-1-бап. Министрліктің жауапты хатшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

21-1-бап. Министрліктің жауапты хатшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы Ескерту. 21-1-бап алып тасталды – ҚР Конституциялық заңымен 30.12.2020 № 3...

Толық оқу »

32-бап. Рұқсат етуді ресімдеу кезеңінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларға рұқсат етілген немесе бұрын рұқсат етілген лауазымды адамның немесе азаматының құқықтарын шектеу Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

32-бап. Рұқсат етуді ресімдеу кезеңінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларға рұқсат етілген немесе бұрын рұқсат етілген лауазымды адамның немесе азаматының құқықта...

Толық оқу »

25-бап. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беруі 6-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары болып табылатын мәліметтерге билік ету Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

25-бап. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беруі6-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге б...

Толық оқу »

172-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК мемлекеттік құпияларын заңсыз алу, жария ету

172-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК мемлекеттік құпияларын заңсыз алу, жария ету 1. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді құжаттар...

Толық оқу »

4-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

4-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      1. Мемлекеттік құпияларды қорғау органдарына:      Қазақстан Республикасының мемлекеттік құ...

Толық оқу »

29-бап. Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарына, азаматтарына, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік құпияларға рұқсат ету Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

29-бап. Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарына, азаматтарына, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік құпияларға рұқсат ету Мемлекеттік құпиялар тура...

Толық оқу »

9-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның органдарының құзыреті Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

9-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның органдарының құзыреті Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011...

Толық оқу »

12-бап. Қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысының өкілеттіктері Қоғамдық кеңестер туралы Заңы

12-бап. Қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысының өкілеттіктеріҚоғамдық кеңестер туралы Заңы      1. Қоғамдық кеңестің төрағасы:      1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;...

Толық оқу »

18-бап. Мәліметтердің құпиялылық дәрежелері мен бұл мәліметтер көздерінің құпиялылық белгілері Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

18-бап. Мәліметтердің құпиялылық дәрежелері мен бұл мәліметтер көздерінің құпиялылық белгілері Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      1. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметт...

Толық оқу »

11-бап. Қазақстан Республикасының әскери саладағы мемлекеттік құпияларына жатқызылатын мәліметтер 3-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын мәліметтер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

11-бап. Қазақстан Республикасының әскери саладағы мемлекеттік құпияларына жатқызылатын мәліметтер3-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын мәліме...

Толық оқу »

26-бап. Бірлескен құпия жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

26-бап. Бірлескен құпия жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру Мемлекеттік құпиялар туралы Заң      1. Ұйымдарға немесе азаматтарға...

Толық оқу »