32-бап. Рұқсат етуді ресімдеу кезеңінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларға рұқсат етілген немесе бұрын рұқсат етілген лауазымды адамның немесе азаматының құқықтарын шектеу Мемлекеттік құпиялар туралы Заң
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларға рұқсат етілген немесе бұрын рұқсат етілген лауазымды адамы немесе азаматы өзінің құқықтары жөнінен уақытша шектелуі мүмкін.
Шектеу:
мемлекеттік құпияларға рұқсат ету туралы шартта көзделген мерзімге Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге (оның ішінде тұрақты тұрғылықты жерге) шығу құқығына;
мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар жаңалықтар мен өнертабыстарын пайдалану және мұндай мәліметтерді тарату құқығына;
мемлекеттік құпияларға рұқсат етуді ресімдеу кезеңінде тексеру шаралары жүргізілген кезде жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқығына қатысты болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы