129-бап. Салық төлеушілердің жекелеген санаттарына салықтың асып кету сомасын қайтару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Салықтың асып кету сомалары қайтарылуға жататын салық төлеушілердің жекелеген санаттарына:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда) шеңберінде қызметін жүзеге асыратын;
2) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлардың ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша құрылысына байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын салық төлеушілер жатады.
2. Салықтың асып кету сомасы:
1) геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңінде;
2) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлардың құрылысына байланысты сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылған салық сомасы бөлігінде қайтарылуға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық бітіріп берілетін құрылыс кезінде де қолданылады.
3. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңі деп кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт жасалған күн мен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталған күн арасындағы уақыт кезеңі түсініледі.
4. Құрылыс басталған күн мен ғимараттарды, құрылысжайларды пайдалануға беру күні арасындағы уақыт кезеңі құрылыс кезеңі деп түсініледі.
Салықтың асып кету сомасын қайтару мақсатында мына күндердің неғұрлым ертерегі:
1) құрылысты жүзеге асыруға арналған келісімшарт (шарт) жасалған күн;
2) жобалау жұмыстарын жүзеге асыруға арналған келісімшарт (шарт) жасалған күн құрылыстың басталуы деп танылады.
5. Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға:
1) өнеркәсіптік ғимараттар мен қоймалар;
2) көлік, байланыс және коммуникация ғимараттары;
3) тұрғын емес ауыл шаруашылығы ғимараттары жатады.
Спорт пен демалу орындарына, әкімшілік мақсаттарға, автомобильдер тұрағына немесе орынтұрағына арналған, сондай-ақ мәдени-ойын-сауық, қонақ үй, мейрамхана мақсатындағы құрылысжайлардан басқа құрылысжайлар өндірістік мақсаттағы құрылысжайларға жатады.
Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайларды осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген ғимараттар мен құрылысжайларға жатқызу негізгі қорлардың сыныптауышына сәйкес жүргізіледі.
6. Салықтың асып кету сомасының анықтығын растау мақсатында салық төлеуші осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайлар басталғанға дейін салықтық өтінішті ұсынуға құқылы.
7. Салық төлеуші мынадай:
1) талап қоюдың ескіру мерзімін ескере отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталған күнге тура келетін салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін – геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылған салық сомасының бір бөлігін қайтару үшін;
2) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын орган құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдағаннан кейін инвестициялық жоба шеңберінде жүргізілген, орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының актісіне қол қойылған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін – құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 150 000 000 еселенген мөлшерінен асатын инвестициялық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлардың құрылысына байланысты 2024 жылғы 1 қаңтардан кейін сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылған салық сомасының бір бөлігін қайтару үшін;
3) талап қоюдың ескіру мерзімін ескере отырып, ғимараттарды, құрылысжайларды пайдалануға беру жүргізілген салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін – осы тармақтың 2) тармақшасында көзделмеген жобалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлардың құрылысына байланысты сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылған салық сомасының бір бөлігін қайтару туралы талапты ұсынады.
8. Салықтық өтініш пен қайтару туралы талап негізінде осы Кодекстің 15-тарауына сәйкес тақырыптық салықтық тексеру жүргізіледі.
9. Салықтың асып кету сомасын қайтару:
1) осы баптың 7-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес қайтару туралы талап ұсынылған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен бастап және салықтық тексеру актісіне қорытынды негізінде әрбір салықтық кезеңнің екінші айының 25-інен кешіктірілмей тең үлестермен жиырма салықтық кезең ішінде жүргізіледі. Салықтық тексеру актісіне қорытынды қайтару туралы талап ұсынылған тоқсанның екінші айының 5-інен кешіктірілмей жасалады және салық төлеушіге табыс етіледі;
2) осы баптың 7-тармағының 2) тармақшасына сәйкес салықтың асып кету сомасын қайтару туралы талап көрсетілген салық бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін осы Кодексте белгіленген соңғы күн өткеннен кейін елу бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
10. Жобада көрсетілген мерзімде құрылыс аяқталмаған жағдайда, осы баптың 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұрын бюджеттен қайтарылған салықтың асып кету сомасы бюджеттен қайтарылған күнінен бастап бюджетке есепке жатқызылған күніне дейінгі әрбір күн үшін өсімпұл есепке жазыла отырып, салық төлеушінің бюджетке төлеуіне жатады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
129-бап. Жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Салықтық мониторинг салық төлеушілердің қаржылық-шаруашылық қызметін талдау арқылы олардың нақты салық салынатын базасын айқындау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатында жүзеге асырылады.
2. Салықтық мониторинг:
1) ірі салық төлеушілер мониторингінен;
2) деңгейлес мониторингтен тұрады.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы