49-бап. Салық органының және салық төлеушінің (салық агентінің) құжаттар мен ақпаратты ұсыну жөніндегі жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Салық органы және салық төлеуші (салық агенті) құжаттарды және (немесе) ақпаратты осы Кодекстің 50 және 51-баптарында айқындалған тәртіппен береді.
Салық органының шешімдері де осы параграфтың мақсатындағы құжаттарға жатады.
2. Құжат және (немесе) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан мен мазмұнға қойылатын талаптар сақтала отырып беріледі.
Құжаттарды және (немесе) ақпаратты электрондық тәсілмен беру Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.
3. Салық органының шешімдері мынадай нысандарда қабылданады:
1) хабархат;
2) хабарлама;
3) қорытынды;
4) ұсыным;
5) талап;
6) шешім;
7) бұйрық;
8) өкім;
9) акт;
10) қаулы;
11) анықтама;
12) куәлік;
13) хаттама;
14) нұсқама;
15) сертификат;
16) резиденттікті растайтын құжат.
Салық органының шешім қабылдау тәртібі, оны ұсыну және орындау мерзімдері осы Кодекске сәйкес белгіленеді.
4. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, салық органының шешімінде міндетті түрде мынадай ақпарат:
1) күні мен нөмірі;
2) тақырыбы;
3) салық органының сәйкестендіру деректері;
4) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру деректері;
5) қабылдану негізі;
6) салық органының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзу фактісін айғақтайтын дәлелдерді негіздеген және мән-жайларды ашып көрсеткен қорытындысы;
7) осы Кодексте көзделген жағдайларда осындай шешімнің орындалу тәртібі мен мерзімі;
8) осы Кодексте көзделген орындалу тәртібі мен мерзімін бұзудың салдары қамтылуға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6), 7) және 8) тармақшаларында айқындалған ақпарат салық органының шешімдерінде анықтама, куәлік, хаттама, нұсқама, сертификат және резиденттікті растайтын құжат нысанында көрсетілмеуі мүмкін.
Салық органының шешімдері осы Кодексте көзделген жағдайларда қосымша ақпаратты қамтуы мүмкін.
Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық органы шешімдерінің нысандарын уәкілетті орган бекітеді.
Салық органының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып қабылданатын салық органының шешімдері осындай ақпараттық жүйенің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылуы мүмкін.
5. Осы параграфтың құжаттар мен ақпарат алмасу бөлігіндегі ережелері салық органының осы Кодексте ұсынудың ерекше тәртібі айқындалған немесе таратылуына тыйым салынған шешімдеріне қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
49-бап. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Осы Кодексте белгіленген төлену мерзімін неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру не салықтық берешекті өтеу мерзімдерін ұзарту салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту деп танылады. Осы тармақтың ережелері айыппұлдар сомасына қатысты қолданылмайды.
Осы тараудың мақсаттары үшін төлемақылар деп:
жер учаскелерін пайдаланғаны;
жер беті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны;
қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақылар түсініледі.
2. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту ұсынылған салықтық есептілікке сәйкес салық төлеуші есептеген, сондай-ақ салықтық тексеру нәтижелері бойынша, уәкілетті мемлекеттік органдардың деректері бойынша салық органы есепке жазған салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту нысанында жүзеге асырылады.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімі салықтың және (немесе) төлемнің төленуге тиіс бүкіл сомасына не оның бір бөлігіне қатысты өзгертілуі мүмкін.
3. Төлем көзінен ұсталатын салықтар, акциздер, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы, қол қою бонусы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін салықтар бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдері өзгертілуге жатпайды.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту осы баптың 9 және 10-тармақтарында айқындалған тәртіппен осы Кодекске сәйкес таңбалауға жататын импортталатын тауарлар бойынша акцизді қоспағанда, қосылған құн салығы мен акциз бойынша жүргізіледі.
4. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдері салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш берген күннің алдындағы үш жылдың ішінде салықтық міндеттемені орындау графигін салық төлеушінің бұзуына байланысты салық органы салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы бұрын шығарылған шешімнің қолданылуын тоқтатқан жағдайда өзгертілмейді.
5. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қоюмен және (немесе) банк кепілдігімен жүргізіледі.
6. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы салықтық өтінішті салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеудің болжамды графигін қоса бере отырып, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынады.
7. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды немесе мерзімін ұзартуды беру жағдайын қоспағанда, осы Кодекстің 117-бабына сәйкес салық төлеушіні өсімпұлды уақтылы төлемегені үшін оларды төлеуден:
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген берешекті қайта құрылымдау рәсімі шеңберінде;
осы Кодекстің 51-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша босатпайды.
8. Осы тараудың ережелері өсімпұл төлеу бойынша кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды берген кезде де қолданылады.
9. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына ұсынылған, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларация импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгертуге негіз болып табылады.
Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту:
1) осындай импортталатын тауарларды толық көлемде кедендік тазарту үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттар кеден органына ұсынылған;
2) егер тұлғалар уәкілетті орган белгілеген тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде тәуекел дәрежесі төмен тұлғалар санатына жатқызылған жағдайда жүргізіледі.
Осы бапқа сәйкес импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ішкі тұтыну үшін импортталатын тауарларды шығару жүргізілген айдан кейінгі айдың 20-күнгі мерзімі бойынша жеке шотта есептелген салық сомасын салық органының көрсетуі арқылы беріледі.
10. Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту:
1) осындай импортталатын тауарларды толық көлемде кедендік тазарту үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттар кеден органына ұсынылған;
2) тауарды импорттайтын тұлға Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор болып табылған;
3) тауарды порттық арнайы экономикалық аймақтың немесе логистикалық арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импорттаушы тұлға порттық арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе логистикалық арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылған жағдайда жүргізіледі.
Кемінде 167 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салықтар төлеуді қамтамасыз етудің болуы осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгертудің қосымша негізі болып табылады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына ұсынылған, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларация импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгертуге негіз болып табылады.
Осы бапқа сәйкес импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару жүргізілген айдан кейінгі үшінші айдың 20-күнгі мерзім бойынша жеке шотта есептелген салық сомасын салық органының көрсетуі арқылы беріледі.
Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 402-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы