840-бап. Арнаулы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге қатысты өтпелі ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Салық органы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы салық режимдерін патент негізінде және арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып қолданған, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін осы баптың 2-тармағында көзделген хабарламаны ұсынбаған салық төлеушілерді 2026 жылғы 1 наурызда дара кәсіпкерлер ретінде есептен автоматты түрде шығаруға тиіс.
Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күн мұндай салық төлеушілер дара кәсіпкерлер ретінде есептен шығарылған күн болып табылады.
Мыналар:
ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде қызметті жүзеге асырған жағдайда – осы Кодекстің 720-бабының 3-тармағына сәйкес бірінші төлем құжатында көрсетілген ай;
өзге жағдайларда – арнаулы мобильді қосымшада қалыптастырылған алғашқы чектің күні өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдану басталған күн болып табылады.
2. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы салық режимдерін қолданған салық төлеушілер осы Кодекстің 723-бабында белгіленген қолдану шарттарын ескере отырып, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану үшін 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламалар ұсынады.
Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күн осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған арнаулы салық режимдерін қолдану тоқтатылған күн және осындай салық төлеушілерге арналған режимді қолдану басталған күн болып табылады.
3. 2026 жылғы 1 наурызға дейін осы баптың 2-тармағына сәйкес қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынбаған салық төлеушілер (осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерден, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатындардан басқа) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданушылар деп танылады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы