198-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау және жүргізу туралы тапсырма жіберуге құқылы.
Бұл ретте тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау және жүргізу туралы тапсырма және осындай тексерудің нәтижелері бойынша жасалған салықтық тексеру актісі бойынша алдын ала шешім шығару талап етілмейді.
Тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау және жүргізу туралы тапсырма тексеруге жататын мәселелер көрсетіле отырып ресімделеді.
2. Тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау және жүргізу туралы тапсырманы орындау кезінде мұндай тексеруді жүргізу, шағым жасалып отырған салықтық тексеруді уәкілетті салық органы жүргізген жағдайды қоспағанда, нәтижелеріне шағым жасалатын салықтық тексеруді жүргізген салық органына тапсырыла алмайды.
3. Тақырыптық салықтық тексеруді салық органы осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді және осындай тексеруді тағайындау және жүргізу туралы тапсырманы алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
4. Деректер жеткілікті дәрежеде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ тақырыптық салықтық тексеру барысында бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарға қатысты жаңа сұрақтар туындаған кезде уәкілетті орган оны қайтадан тағайындауға құқылы.
5. Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі тақырыптық және (немесе) қайталама тақырыптық салықтық тексерулердің нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте уәкілетті орган мұндай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеу уәжді болуға тиіс.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
198-бап. Бірлескен кәсіпкерлік кезінде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, бірлескен кәсіпкерлікті жүзеге асырған жағдайда салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы бапта айқындалған тәртіппен есепке алынады және оларға салықтар салынады.
Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік нысанында) негізінде бірлескен кәсіпкерлікті жүзеге асырған жағдайда салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы Кодекстің 199-бабында айқындалған тәртіппен есепке алынады және оларға салықтар салынады.
Осы Кодекстің ерекше бөлігінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алудың және оларға салықтар салудың өзгеше тәртібін көздейтін, шаруа және фермер қожалықтарына қатысты арнаулы салық режимдері белгіленуі мүмкін.
2. Бірлескен дара кәсіпкерлік шеңберіндегі қызмет бойынша, сондай-ақ бірлескен дара кәсіпкерлікте пайдаланылатын ортақ бірлескен меншікке қатысты салықтық міндеттемелерді орындауды:
1) шаруа қожалығы нысанында бірлескен дара кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде – шаруа қожалығының басшысы;
2) қалған жағдайларда – бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті тұлғасы жүзеге асырады.
3. Егер мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданғаннан кейін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған тұлғаның бірлескен дара кәсіпкерлік бойынша салықтық берешегі болса, осындай берешекті өтеу жөніндегі міндет бірлескен дара кәсіпкерліктің барлық мүшесіне тең үлестермен жүктеледі.
Бұл ретте осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған тұлға бірлескен дара кәсіпкерліктің барлық мүшесін бірлескен дара кәсіпкерлік бойынша салықтық берешектің болуы және осындай берешектің сомасы туралы салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы