108-бап. Әрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімі Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Салық органы әрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімін жүргізеді.
Әрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне соңғы салықтық есептілікті ұсынғаннан кейін он екі ай ішінде салықтық есептілікті дербес ұсынбаған салық төлеуші енгізіледі.
Осы баптың ережелері осы Кодекске сәйкес салықтық есептілік ұсынуды тоқтата тұрған салық төлеушілерді қоспағанда, резидент-заңды тұлғаға, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаға немесе құрылымдық бөлімшеге, дара кәсіпкерге қатысты қолданылады.
2. Салық органы жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей салық төлеушіні әрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізу туралы шешім шығарады.
Әрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында осындай шешім шығарылған күннен кешіктірілмей орналастырылады.
3. Салық төлеуші салықтық есептілігі нөлдік көрсеткіштермен ұсынылған деп автоматты түрде танылған салықтық кезең үшін қосымша салықтық есептілікті ұсынған кезде әрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімінен шығарылады.
Салық органының әрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімінен шығару туралы шешімін салық органы қосымша салықтық есептілік ұсынылған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.
Әрекет етпейтін салық төлеушілердің жаңартылған тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында салық органы салық төлеушіні әрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімінен шығару туралы шешім шығарған күннен кешіктірілмей орналастырылады.
4. Салық төлеушіні нөмірлер тізілімінен алып тастаған немесе дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарған жағдайда мұндай салық төлеушілер бір мезгілде әрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімінен шығарылады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
108-бап. Мемлекеттiк баждың төленген сомаларын қайтару ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Мемлекеттiк баждың артық төленген сомасы:
1) талап қоюшы сотқа талап арыздар және өзге де өтініштер (шағымдар) берген кезде өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк баж осы Кодекс бойынша талап етiлгеннен көп мөлшерде енгiзiлген;
2) іс төрелікке берілген;
3) іс бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда тараптардың татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған жағдайда – толық көлемде, кассациялық сатыдағы сотта – сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат берген кезде төленген соманың 50 пайызы мөлшерінде;
4) азаматтың жолданымын Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, талап арызды немесе өзге де өтінішті (шағымды) сот қайтарған немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе осыған уәкiлеттiк берілген адамдар нотариаттық әрекеттердi жасаудан бас тартқан;
5) егер iс Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында, сотта қарауға жатпайтын болса, сондай-ақ егер талап қоюшы дауды алдын ала шешудiң осы санаттағы iстер үшiн белгiленген тәртiбiн сақтамаған не талапты әрекетке қабiлетсiз адам қойған болса, іс бойынша конституциялық іс жүргізу, iс жүргiзу тоқтатылған немесе талап қою қараусыз қалдырылған;
6) мемлекеттiк бажды төлеген адамдар заңдық мәні бар әрекеттердi жасаудан немесе осы заңдық мәні бар әрекеттердi жасайтын органға жүгiнгенге дейiн құжатты алудан бас тартқан;
7) сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат қайтарылған;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де жағдайларда iшiнара немесе толық қайтаруға жатады.
2. Мемлекеттік баж:
1) азамат Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өз жолданымын кері қайтарып алған, талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан;
2) талап қоюшы өз талаптарын азайтқан;
3) сот бұйрығының күші жойылған жағдайларда қайтарылмайды.
3. Салық органы мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды салық төлеуші ұсынған салықтық өтініштің және тиісті мемлекеттік органның қайтарудың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжатының негізінде жүргізеді.
4. Сот оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы шешім шығарған салық төлеушіге мемлекеттік баж сомасын қайтаруды салық органы салық төлеуші ұсынған салықтық өтініштің және заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жүргізеді.
5. Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды оның төленген жері бойынша салық органы қайтаруға арналған салықтық өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік баж сомасы есепке жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан салық төлеушінің банктік шотына жүргізеді.
6. Осы бапта көзделген мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруға арналған құжаттар салық органына мемлекеттік баждың мұндай сомасы бюджетке төленген күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін ұсынылуға тиіс.
Ескерту. 108-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы