105-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Салық органы салық төлеушіні қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде лицензиялауға жатпайтын қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен:
1) осы Кодекстің 104-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған;
2) барлық салық салу объектілерін және тіркеу деректерінде көрсетілген салық салуға байланысты объектілер есептен шығарылған жағдайларда шығарады.
2. Лицензиялауға жататын қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен шығаруды салық органы рұқсаттардың және лицензияның қолданылуын тоқтату туралы хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алынған мәліметтер негізінде жүргізеді.
3. Салық төлеушіні жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тіркеу есебінен шығару салық органының шешімі негізінде мынадай:
1) осы Кодекстің 104-бабы 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің:
мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісін жалға алу;
мұнай өнімдері базасын (резервуарды), автожанармай құю станциясын жалға алу;
автожанармай құю станциясының иесі (сенім білдірілген өкіл) тапсырма шарты бойынша өтініш берушінің (сенім білдірушінің) атынан және тапсырмасы бойынша бензинді (авиациялықтан басқа) және (немесе) дизель отынын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын автожанармай құю станциясының иесімен тапсырмалар;
мұнай өнімдерін өндірушімен мұнай жеткізушінің мұнайын өңдеу;
темекі бұйымдарын көтерме саудада сату кезінде қойма үй-жайын жалға алу шартының қолданылуы тоқтатылған;
2) осы Кодекстің 104-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша болмаған;
3) осы Кодекстің 104-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші акциз бойынша декларацияны және (немесе) есеп-қисапты осы Кодексте белгіленген ұсыну күнінен кейінгі күннен бастап үш айлық кезең ішінде ұсынбаған жағдайларда жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
105-бап. Қосылған құн салығын өзге де негіздер бойынша қайтару Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Осы Кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген негіздер бойынша:
1) грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген;
2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдік төлеген қосылған құн салығының сомасы бюджеттен қайтарылуға жатады.
2. Грант алушыға қайтарылуға жататын қосылған құн салығын қайтаруды салық органы грант алушының тұрған жері бойынша оның банктік шотына осы Кодекстің 102-бабына сәйкес есепке жатқызулар жүргізілгеннен кейін осы Кодекстің 435-бабында белгіленген қайтару мерзімі ішінде жүргізеді.
3. Қазақстан Республикасында акредиттелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне және бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдарға, бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдарға, консулдық қызметшілерге қосылған құн салығын қайтаруды салық органы олардың банктік шотына осы Кодекстің 436-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүргізеді.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы