185-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарындағы ақша есебінен салықтық берешекті өндіріп алу Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарындағы ақша есебінен салықтық берешекті өндіріп алуды салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешектің шекті мөлшерінен асатын сомада салықтық берешекті өтемеген кезде салық органы мәжбүрлеу тәртібімен жүзеге асырады.
2. Инкассолық өкімді салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) барлық банктік шоттарына шығарады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банктік шоттарға қолданылмайды.
Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешек сомасы туралы деректер инкассолық өкім жасалған күні ескеріледі.
3. Салық органы салықтық берешек толық өтелген кезде инкассолық өкімдерді кері қайтарып алады.
4. Инкассолық өкімнің және инкассолық өкімді кері қайтарып алудың нысандарын Ұлттық Банк белгілейді.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
185-бап. Уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) берудің салдары Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
Уәкілетті органға немесе сотқа салық төлеушінің (салық агентінің) шағым (арыз) беруі тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуын тоқтата тұрады.
Уәкілетті органға шағым берілген кезде тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы шағым бойынша шешімі шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Салық төлеуші (салық агенті) сотқа арыз берген жағдайда тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалатын бөлігінде орындалуы соттың арызды іс жүргізуге қабылдаған күнінен бастап сот актісі заңды күшіне енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы