40-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілі Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілі – салық органымен және осы Кодекспен реттелетін қатынастарға өзге де қатысушылармен қарым-қатынастарда:
1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген, нотариат куәландырған немесе оған теңестірілген, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін сенімхаттың негізінде – жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам;
2) құрылтай құжаттарының және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін сенімхаттың негізінде – заңды тұлға не оның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын салық төлеушінің (салық агентінің) мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген тұлға.
Салық төлеуші (салық агенті) салық органының ақпараттандыру объектісі арқылы өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін салық төлеушінің (салық агентінің) электрондық құжатын ресімдеу жолымен уәкілетті өкілді айқындауға құқылы.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілінің салық төлеушінің (салық агентінің) атынан жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) салық төлеушінің (салық агентінің) әрекеттері (әрекетсіздігі) деп танылады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
40-бап. Мүлікті сенімгерлік басқаруға беру кезінде салықтық міндеттемені орындау Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін мүлікті сенімгерлік басқаруды құру нәтижесінде, оны жүзеге асыру және (немесе) тоқтату процесінде туындайтын салықтық міндеттеме сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша салықтық міндеттеме деп түсініледі.
Сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық міндеттемені орындауды:
1) мүлікті сенімгерлік басқару шарты, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы акт бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысы немесе мүлікті сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайларда пайда алушы (бұдан әрі осы Кодекстің мәтіні бойынша – сенімгерлік басқару құрылтайшысы):
сенімгерлік басқаруға берілген қатысу үлесі және (немесе) акциялар;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға берілген мүлік;
мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы акті бойынша сенімгерлік басқаруға берілген мүлік;
заңды тұлға, дара кәсіпкер сенімгерлік операциялар бойынша екінші деңгейдегі банктен алған кіріс;
егер сенімгерлік басқару құрылтайшысы осындай міндет жүктелген жеке тұлға болып табылса, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларацияны жасау және тапсыру бойынша жүзеге асырады.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы акт деп мүлікті сенімгерлік басқарудың туындауына негіз болатын, қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асырмайтын бейрезидент-жеке тұлға немесе бейрезидент-заңды тұлға сенімгерлік басқарушы болып табылатын құжат түсініледі;
2) өзге жағдайларда – сенімгерлік басқарушы жүзеге асырады. Бұл ретте дара кәсіпкерден басқа, жеке тұлғаның және тұрақты мекеме құрмай, қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның салық агенті болып табылатын екінші деңгейдегі банк жүзеге асыратын сенімгерлік операциялардан алған кірісі бойынша салықтық міндеттемені осындай екінші деңгейдегі банк салық агентінің міндеттерін атқару түрінде орындайды.
Сенімгерлік басқарушы мынадай:
егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүлікті сенімгерлік басқару құқығы мемлекеттік тіркеуге жататын болса – мұндай құқық мемлекеттік тіркелген;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлік басқару құқығы мемлекеттік тіркеуге жатпайтын болса – мүлікті сенімгерлік басқару шарты немесе мүлікті сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайдың басталғанын растайтын құжат жасалған күннен бастап туындайтын салықтық міндеттемелерді орындайды.
2. Сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша қосылған құн салығы бойынша туындайтын салықтық міндеттемені орындауды осы Кодекстің 10-бөлімі мен 82 және 83-баптарында айқындалған тәртіппен сенімгерлік басқарушы жүзеге асырады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілмеген салықтар және бюджетке төленетін төлемдер бойынша туындайтын салықтық міндеттемені орындауды, егер осы Кодекстің 41-бабында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекске сәйкес осындай салықты, бюджетке төленетін төлемді төлеуші деп танылған тұлға жүзеге асырады.
4. Резидент болып табылатын сенімгерлік басқарушы – жеке тұлға, қатысу үлесі мен акциялар түрінде мүлікті сенімгерлік басқаруға алған жағдайлардан басқа, осы Кодекстің 79-бабында айқындалған тәртіппен дара кәсіпкер ретінде салық органында тіркеу есебіне тұруға тиіс.
5. Осы Кодекстің осы бабының және 41 – 45-баптарының ережелері Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық қордың активтерін сенімгерлік басқаруды басқарушы компанияның құруы, жүзеге асыруы және (немесе) тоқтатуы нәтижесінде туындайтын салықтық міндеттемелерге қолданылмайды.
Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы