30-бап. Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) адалдығы қағидаты Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені орындау жөніндегі әрекеттерді (әрекетсіздікті) жүзеге асыру адалдығы көзделеді.
2. Салық төлеушінің:
салықтық және (немесе) бухгалтерлік есепке алуда не салық төлеушінің салықтық есептілігінде көрсетілуге жататын шаруашылық қызмет фактілері (осындай фактілер жиынтығы) туралы, салық салу объектілері туралы мәліметтерді бұрмалау;
салық сомасын төлемеу (толық төлемеу) мақсатында мәмілелер жасау;
шарт тарапы болып табылмайтын тұлғаның мәміле (операция) бойынша міндеттемені орындауы нәтижесінде салықтық міндеттемені азайтуына жол берілмейді.
Салықтық есептілікте салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің сомаларын төмендету және (немесе) өнім берушінің оларды төлемеуі осы өнім берушімен өзара есеп айырысулар фактісін растамауға бірден-бір негіз бола алмайды.
3. Егер уәкілетті органның алдын ала алынған жазбаша жеке-дара түсіндірмесіне сәйкес салық төлеуші (салық агенті) орындаған салықтық міндеттеме кейіннен кері қайтарып алынса, қате деп танылса немесе жаңа, мағынасы жағынан өзге түсіндірме жіберілсе, онда салық төлеушінің есебіне айыппұлдар мен өсімпұлдар жазылмай, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау кезінде салықтық міндеттеме түзетілуге (түзеуге) жатады.
4. Салық төлеуші (салық агенті) жол берген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын салықтық міндеттемені орындауға байланысты бұзушылық салықтық тексерулер жүргізу барысында сипатталуға тиіс.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын бұзу фактісін айғақтайтын дәлелдерді негіздеу және мән-жайларды ашып көрсету салық органдарына жүктеледі.
5. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасының барлық айқын емес тұстары мен реттелмеген мәселелері салық төлеушінің (салық агентінің) пайдасына түсіндіріледі.
6. Салықтық міндеттемелерді айқындаған кезде, заңды күшіне енген сот актісінің немесе қылмыстық істі ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату туралы қаулының негізінде пара және (немесе) өзге де заңсыз материалдық сыйақы деп танылған, қылмыстық құқық бұзушылық (әрекет) нәтижесінде алынған (келтірілген) активтерді, кірістер мен шығыстарды есепке алуға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
30-бап. Салықтық құпия Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Мынадай:
1) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) төлеген (аударған) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің сомасы туралы;
2) есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асып кеткен сомасын салық төлеушіге бюджеттен қайтару сомасы туралы;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегінің сомасы туралы;
4) әрекет етпейтін салық төлеушілер туралы;
5) осы Кодекстің 19 және 29-баптарында көзделген жағдайда, уәкілетті органның интернет-ресурсындағы дерекқорда орналастыруға жататын;
6) салық төлеушінің таратуға (қызметін тоқтатуға) байланысты салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті ұсынуы туралы;
7) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің есепке жазылған сомасы туралы;
8) жеке тұлғаларға мүлік салығының, жер салығының, көлік құралдары салығының есепке жазылған сомасы туралы;
9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылған жауаптылық шаралары туралы;
10) осы Кодекстің 650-бабына сәйкес қызметін тұрақты мекеме, құрылымдық бөлімше арқылы немесе тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеудің бар (жоқ) екендігі туралы;
11) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мынадай тiркеу деректерi:
сәйкестендіру нөмiрi;
жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
дара кәсiпкердiң, заңды тұлғаның атауы;
салық төлеушiнi (салық агентiн) тiркеу есебiне қойған күн, тiркеу есебiнен шығарған күн, тiркеу есебiнен шығарудың себебi;
қызмет түрі;
қызметтi тоқтата тұрудың басталған және аяқталған күнi;
салық төлеушiнiң резиденттiгi;
бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;
бақылау-касса машинасын пайдалану орны;
қолданылатын салық режимі туралы;
11-1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулердің жартыжылдық графигі туралы;
12) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық есептілікті ұсынбауы туралы;
13) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес құпия ақпарат болып табылмайтын;
14) салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептелетін, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициенті туралы;
15) жеке тұлғалар декларациясын тапсырған жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі туралы;
16) кірістер мен мүлік туралы декларацияда жеке табыс салығының артық төленген сомасын қайтару жөніндегі талаптардың бар (жоқ) екендігі туралы;
17) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жариялануға жататын;
18) салық төлеушілерді тәуекел дәрежесіне қарай санаттау нәтижелері туралы;
19) салықтық есептілікте көрсетілген жалдамалы жұмыскерлердің саны туралы мәліметтерді қоспағанда, салық органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез келген мәліметтер салықтық құпияны құрайды.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпия болып табылатын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатынсыз басқа тұлғаға бере алмайды.
3. Салық органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан мынадай жағдайларда:
1) тергеу судьясы, прокурор санкциялаған қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы уәжді сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттері шегінде құқық қорғау органдарына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне ұсынады. Мұндай мәліметтерді тергеу судьясы, прокурор сұратқан жағдайда, санкция талап етілмейді;
2) егер салық төлеуші қаралатын істің тарапы болып табылған жағдайларда, сот төрелігін іске асыру кезінде жіберілген жолданымдары (өкімдер, талаптар, тапсырмалар, сұрау салу) негізінде сотқа және судьяларға;
3) жеке сот орындаушысының не аумақтық бөлімнің мөрімен расталған қаулының негізінде іс жүргізуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде сот орындаушысына;
3-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рәсімдер жүргізілетін борышкерге қатысты өз құзыреті шегінде қаржы басқарушысына;
4) осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау, мемлекеттік статистика, сауда қызметін реттеу, сыртқы сауда қызметі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы, мұнай-газ, мұнай-газ-химия өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау саласындағы, көмірсутектер, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыржолдар бөлігінде жер қойнауын пайдалану саласындағы, халықты әлеуметтік қорғау, ақпараттандыру саласындағы орталық мемлекеттік органдарына, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына, монополияға қарсы органға және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
Қазақстан Республикасының осы тармақшада көрсетілген мемлекеттік органдары салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді.
Салықтық құпияны құрайтын, ұсынылатын мәліметтердің тәртібі мен тізбесі уәкілетті органмен бірлескен актілерде белгіленеді;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық мемлекеттік органға, қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкiлетті мемлекеттік органға және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкiлетті органға және активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органдар салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;
5-1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде мемлекеттік органдардың кадр қызметтеріне ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген уәкілетті мемлекеттік орган мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;
6) салықтық тексеру жүргізуге маман ретінде тартылған адамға;
7) Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға;
8) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтер бөлігінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен мемлекеттік органдарға;
9) мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы бойынша, сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы және жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы бойынша жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтер бөлігінде жергілікті атқарушы органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген органдар салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;
10) есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді беру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік органдарға және (немесе) тұлғаларға;
11) валюталық бақылауды жүзеге асыру және оларды кейіннен валюталық бақылау агенттері болып табылатын уәкілетті банктерге беру үшін қажет мәліметтер бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.
Салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесі және оларды ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен уәкілетті органның бірлескен актісінде айқындалады;
11-1) осы Кодекстің 779-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шетелдік компаниялардың пайдасына жеке тұлғалар жүзеге асырған төлемдер мен аударымдардың сомаларына қатысты ақпаратты уәкілетті органның алуы мақсатында осы Кодекстің 778-бабында көрсетілген мәліметтер бөлігінде екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, төлем ұйымдарына;
12) салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау кезінде апелляциялық комиссияның мүшелеріне;
13) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарын қарау кезінде қажетті мәліметтер бөлігінде бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарауды жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне;
14) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен салық органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтер бөлігінде уәкілетті мемлекеттік органдарға;
Көрсетілген мәліметтерді ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
15) "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына ұсынады.
4. Салық органдары "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етуді жүргізу процесінде алған салық төлеуші туралы мәліметтер мен ақпаратқа осы баптың 3-тармағының нормалары қолданылмайды.
5. Салықтық құпияға қол жеткізе алатын адамдар өздерінің міндеттерін атқару кезеңінде де, сондай-ақ оларды атқаруды аяқтағаннан кейін де салықтық құпияны жария етпеуге тиіс.
6. Салықтық құпияны құрайтын мәліметтері бар құжаттарды жоғалту не осындай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
7. Мыналар:
1) электрондық ақпараттық ресурстың резервтік көшірмесін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына сақтауға беру салықтық құпияны жария ету болып табылмайды.
Бұл ретте сақтауға берілген мұндай деректерді пайдалануды уәкілетті орган ғана жүзеге асырады.
Электрондық ақпараттық ресурстың резервтік көшірмесін беру және сақтау уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті органдар айқындайтын тәртіпке және мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеуінің дұрыстығын, аударуының толықтығын және уақтылығын бақылауды жүзеге асыру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық мемлекеттік орган алған мәліметтерді беру;
3) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган алған мәліметтерді:
Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарларға қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы тергеп-тексерулерін жүргізу кезінде үшінші елдің және (немесе) үшінші елдер одағының құзыретті органына;
Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарларға қатысты өтемақы тергеп-тексеруі жүргізілген жағдайда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссияның құзыретті органына;
Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасына сәйкес тергеп-тексеру мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға беру салықтық құпияны жария ету болып табылмайды.
Мұндай ақпаратты беру Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу және үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
4) жеке тұлғаның көлік құралы салығын төлеуі үшін көлік құралының сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктерге беру;
5) осы Кодексте көзделген салықтық міндеттемелерді орындау үшін дара кәсіпкердің заңды мекенжайы туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктерге беру;
6) ақпараттандыру саласындағы орталық мемлекеттік органның "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру үшін алынған мәліметтерді мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу мақсатында беруі салықтық құпияны жария ету болып табылмайды.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ.
Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы