Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Тарифті қалыптастыру, белгілеу, бекіту және тарифтік реттеу әдістерін айқындау заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істе

Тарифті қалыптастыру, белгілеу, бекіту және тарифтік реттеу әдістерін айқындау заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істе

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Тарифті қалыптастыру, белгілеу, бекіту және тарифтік реттеу әдістерін айқындау заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істе

           Табиғи монополияларды реттеу нарықтың экономикалық немесе техникалық ерекшеліктеріне байланысты табиғи монополия бар секторларда әділ бағаны қамтамасыз етуге, теріс пайдаланудың алдын алуға және тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған экономикалық саясаттың маңызды аспектісі болып табылады.

           Соттар табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың бұзылуына байланысты істердің әртүрлі санаттарын, оның ішінде:

           тарифті қалыптастыру, белгілеу, бекіту және тарифтік реттеу әдістерін айқындау;

           тексеру нәтижелерінің актілеріне және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқамаға шағым жасау бөлігін қарайды.

           Заңның 6-бабының 2), 3) тармақшаларына сәйкес табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу тарифті қалыптастыру, белгілеу және бекіту және табиғи монополиялар салаларының тарифтік реттеу әдістерін айқындау арқылы жүзеге асырылады..

           Заңның 4-бабының 6) тармақшасында жария тыңдаулар – тариф жобасын, есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын талқылау және тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есептер беруді өткізу рәсімі болып айқындалған.

           Заңның 8-бабының 9) тармақшасында уәкiлеттi орган өткізілетін күні мен орны туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, жария тыңдаулар өткізетіні бекітілген.

           Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының (Қағидалар) 403-тармағымен жария тыңдаулар уәкілетті орган ведомствосының тарифті айқындауы кезінде өткізілетіндігі регламенттелген.

           Заңның 25-бабы 5-тармағына сәйкес уәкiлеттi орган мерзімді баспасөз басылымында – тарифтің жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулардың өткізілетін күнi мен орны туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында тарифтің жобасын талқылау бойынша өткізілген жария тыңдаулардың нәтижелерін, оның ішінде талқылаулардың стенограммаларын, қаралатын мәселелер бойынша қабылданған шешімдерімен бірге отырыстардың хаттамаларын орналастырады.

           Мәселен, істердің осы санаты бойынша кассациялық сатыда 17 дау қаралды. Даулардың осы санаты бойынша көрсеткіш кейстер АҚ (№ 6001-23-00 6ап/1563), ЖШС (№ 6001-23-00-6ап/1079) талап қоюлары болып табылады.

           Жергілікті соттар талап қоюдан бас тарта отырып, жауапкердің 2021 жылғы 29 қарашадағы №135-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу жөніндегі әрекеттерінің заңдылығы туралы қорытындыға келді, себебі ішкі бақылау нәтижелері бойынша Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық органның әрекеттерінде табиғи монополиялар туралы заңнама талаптарын бұзушылықтарды анықтады, осыған байланысты көрсетілген бұйрыққа тауарлық газдың бөлшек бағасын белгілей отырып, тариф пен тарифтік смета бөлігіне өзгеріс енгізу қажет болған.

           ЖС ӘІЖСА шешімнің күшін жоя отырып, өтінімді, оның ішінде тарифті көтеру бойынша есептерді қарау, өзгертілген тарифті бекіту және қолданысқа енгізу жария тыңдаулар барысында қаралуы тиіс деген қорытындыға келді.

           Демек, табиғи монополияларды реттеу жөніндегі аумақтық органның тарифті бекіту процесінде рәсімдік әрекеттерді, оның ішінде тиісті құжаттарды дайындау рәсімін сақтамауы бекітілген тарифтік сметаға өзгерістер енгізудің рәсімдік тәртібінің бұзылуына алып келді, өйткені өзгертілген тарифті бекіту мен қолданысқа енгізуді жария тыңдаулар барысында қарауға болады.

           Осылайша, аумақтық органға ӘРПК-нің 100-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қолданыстағы бұйрыққа өзгерістер енгізбей, жаңа әкімшілік рәсім жүргізу қажет болды. ЖШС талап қоюы бойынша (№ 6001-22-00-6ап/1726) жергілікті соттар аумақтық орган тарапынан заңсыз бас тарту фактісін анықтады, алайда жауапкерді талап 2021 жылғы қоюшыға 19 мамырдағы өтінім бойынша тарифті бекітуге мәжбүрлеу бөлігінде талаптарды қанағаттандыру үшін құқықтық негіздер жоқ деген дәрменсіз қорытындыға келді.

           ЖС ӘІЖСА тарифті бекіту бөлігіндегі шешімдердің күшін жоя отырып, жаңа тарифті бекіту туралы өтінім беру кезінде талап қоюшы Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімінде тұрды деген қорытындыға келді, осыған байланысты тарифті бекіту жөніндегі талап қанағаттандырылуға жатады.

           АҚ-ның талап қоюы бойынша (№6001-23-00-6 ап/128) талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, жергілікті соттар даулы бұйрық заңды күші бар нұсқаманы және осы іс үшін преюдициялық маңызы бар сот қаулысын орындау үшін шығарылды деген қорытындыға келді.

           Сот заңды күшіне енген сот актісінде белгіленген мән-жайларды қайта қарауға құқылы емес. Бұйрық Комитетке Заңның 8-бабында берілген құзыреті мен өкілеттігі шегінде және қолда бар әкімшілік қалауына сәйкес шығарылды (ӘРПК-нің 11-бабы).

           ЖС ӘІЖСА жергілікті соттардың шешімдерінің күшін жоя отырып, нұсқама шығару үшін негіздердің заңдылығына құқықтық баға берілмегендіктен істі жаңадан қарауға жіберді, өйткені Есеп комитетінің нұсқамасында талап қоюшының қандай қызмет түрлеріне уақытша өтемдік тариф (УӨТ) енгізу қажеттігі көрсетілмеген, бұл ретте Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі аумақтық орган УӨТ-нің барлық үш реттелетін қызметіне енгізген, бұл мән-жай қаражаттың энергия өндіруші ұйымдарға негізсіз қайтарылуына әкеледі, нәтижесінде электр энергиясын түпкілікті тұтынушылардың белгісіз шеңберінің құқықтары мен заңды мүдделері қозғалады.

           Осылайша, Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаттарын оның сипаты мен маңыздылығына қарай бұзу әкімшілік актілерді, әкімшілік әрекеттерді (әрекетсіздікті) заңсыз деп тануға, сондай-ақ шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады (ӘРПК-нің 6-бабының төртінші бөлігі).

Әкімшілік істерді қайтару.

        Қайтарулардың ең көп саны «талап қоюшы талап қоюды кері қайтарып алды» ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 6) тармақшасына, сондай ақ «іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды» ӘРПК нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасына келеді.

          Негізі (ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігі бойынша)

         1) талап қоюшы істердің осы санаты үшін заңда белгіленген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамаған және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаған

       4) өтінішке қол қоюға немесе оны ұсынуға өкілеттігі жоқ адам қол қояды

        5) осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде сол тараптар арасындағы дау бойынша іс бар

    6) талап қоюшы берілген талап қоюды кері қайтарып алды

    11) іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды

     15) сот өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруден бас тартты

    17) іс осы сотта қаралмайды

      ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасы негізінде қайтарулардың көп саны әкімшілік талап қою кезінде талап қоюшылардың жіберген қателіктерімен байланысты екенін көрсетті.

      ӘРПК-нің 5-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті болып жеке тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың жария-құқықтық қатынастардағы құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу табылады.

      Жария-құқықтық қатынастар құқық субъектілері арасында қатысушылардың бірінің басқаға қатысты өзінің билік өкілеттіктерін жүргізуіне байланысты туындайтынын атап өту маңызды.

      ӘРПК-нің 138-бабының бесінші бөлігінің тәртібімен жазбаша пікірді, уәжді ұстанымды ұсынбау ақшалай өндіріп алуды қолдануға негіз болып табылуы мүмкін екендігіне және әкімшілік істі мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейтініне назар аударған жөн.

            Нормативтік құқықтық актілер

Соттар монополияға қарсы заңнаманы қолдануға байланысты істерді қарау кезінде басшылыққа алуы тиіс негізгі нормативтік құқықтық актілер:

1) 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексі (КК);

3) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК);

4) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ (ӘҚБтК) кодексі;

5) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ ҚРЗ Заңы (Заң);

6) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы (ЖС ӘІЖСА);

7) Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және оның аумақтық органдары (монополияға қарсы орган);

8) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық органдары (Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі уәкілетті орган).

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

 

Монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер практикасы

Монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер практикасы Монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты істердің әртүрлі санаттарын, оның ішінде: әрекеттерінд...

Толық оқу »

4-3-бап. Монополияға қарсы органның тауар биржалары саласындағы құзыреті Тауар биржалары туралы Заңы

4-3-бап. Монополияға қарсы органның тауар биржалары саласындағы құзыретіТауар биржалары туралы Заңы      Монополияға қарсы орган:      1) тауар биржаларының қызметін реттеу са...

Толық оқу »

Монополияға қарсы органның тарифтерді (шекті деңгей, уақытша өтемдік) және тарифтік сметаны бекіту туралы бұйрықтарына шағымдану

Монополияға қарсы органның тарифтерді (шекті деңгей, уақытша өтемдік) және тарифтік сметаны бекіту туралы бұйрықтарына шағымдану2018 жылғы 27 желтоқсандағы Заңның 15-бабына сә...

Толық оқу »

228-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамаларын қайта қарау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

228-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамаларын қайта қарау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Монополияға қарсы орган нұсқаманы (өзінің немесе аумақтық б...

Толық оқу »

162-бапқа түсініктеме. Монополияға қарсы органның нұсқамасын орындамау. Ақпарат беру жөніндегі міндеттемелерді бұзу және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің үй-жайларына және аумағына кіруге кедергілер жасау

162-бапқа түсініктеме. Монополияға қарсы органның нұсқамасын орындамау. Ақпарат беру жөніндегі міндеттемелерді бұзу және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық ту...

Толық оқу »

90-2-бап. Монополияға қарсы органның міндеттері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-2-бап. Монополияға қарсы органның міндеттері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Монополияға қарсы органның міндеттері:      1) адал бәсекелестікті дамытуға...

Толық оқу »

Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер

Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер Істердің осы санаты бойынша өсім бөлігінде ең көп таралға...

Толық оқу »

90-3-бап. Монополияға қарсы органға басшылық Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-3-бап. Монополияға қарсы органға басшылық Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Монополияға қарсы органға басшылықты оның бірінші басшысы жүзеге асырады.Қазақс...

Толық оқу »

224-бап. Монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шешімдері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

224-бап. Монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шешімдері Қазақстан Ре...

Толық оқу »

229-бап. Монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерінің нұсқамаларын тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

229-бап. Монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерінің нұсқамаларын тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Монополияға қарсы органның аумақтық бөлімше...

Толық оқу »

206-бап. Жасалған экономикалық шоғырлану туралы монополияға қарсы органды хабардар ету тәртiбi Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

206-бап. Жасалған экономикалық шоғырлану туралы монополияға қарсы органды хабардар ету тәртiбi Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Осы Кодекстің 201-бабы 1-тар...

Толық оқу »

Нарық субъектісін монополияға қарсы органның нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу туралы

Нарық субъектісін монополияға қарсы органның нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу туралыӨК нормалары бұзылған кезде нарық субъектілері, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы орг...

Толық оқу »

162-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамасын орындамау. Ақпарат беру жөнiндегi мiндеттемелердi бұзу және үй-жайлар мен аумаққа кiруге кедергi жасау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

162-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамасын орындамау. Ақпарат беру жөнiндегi мiндеттемелердi бұзу және үй-жайлар мен аумаққа кiруге кедергi жасау Әкімшілік құқық бұзушылық...

Толық оқу »

28-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамалары Тауар биржалары туралы Заңы

28-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамаларыТауар биржалары туралы Заңы      Монополияға қарсы органның нұсқамаларын тауар биржалары нұсқамаларда көзделген мерзімде, бірақ о...

Толық оқу »

Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану және монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер

Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану және монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер КК-нің 172-бабына сәйкес тиісті тауар нарығындағы нарық...

Толық оқу »

Монополияға қарсы органның қызметін жүзеге асыру шеңберінде ақпаратты талап ету монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер

Монополияға қарсы органның қызметін жүзеге асыру шеңберінде ақпаратты талап ету монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер КК-нің 90-6-бабының 21)-тармақша...

Толық оқу »

90-5-бап. Монополияға қарсы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-5-бап. Монополияға қарсы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Монополияға қарсы орган өз өкілеттіктері шегі...

Толық оқу »

90-4-бап. Монополияға қарсы органның басқа мемлекеттердiң монополияға қарсы органдарымен өзара iс-қимылы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-4-бап. Монополияға қарсы органның басқа мемлекеттердiң монополияға қарсы органдарымен өзара iс-қимылы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Еуразиялық эконо...

Толық оқу »

90-1-бап. Монополияға қарсы органның жүйесі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-1-бап. Монополияға қарсы органның жүйесі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Монополияға қарсы органның біртұтас жүйесін орталық мемлекеттік орган және оғ...

Толық оқу »

90-6-бап. Монополияға қарсы органның құзыреті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-6-бап. Монополияға қарсы органның құзыреті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Монополияға қарсы орган:      1) бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызме...

Толық оқу »

90-7-бап. Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің құқықтары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-7-бап. Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің құқықтары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін...

Толық оқу »

221-бап. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тергеп-тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

221-бап. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тергеп-тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Монополияға қарсы орг...

Толық оқу »

209-бап. Монополияға қарсы органның жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама бойынша шешiм қабылдауы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

209-бап. Монополияға қарсы органның жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама бойынша шешiм қабылдауы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Егер жасалға...

Толық оқу »

207-бап. Монополияға қарсы органға жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаға (өтінішхатқа) қоса берілетін құжаттама Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

207-бап. Монополияға қарсы органға жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаға (өтінішхатқа) қоса берілетін құжаттама Қазақстан Республикасының Кә...

Толық оқу »

226-бап. Монополияға қарсы ден қою шаралары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

226-бап. Монополияға қарсы ден қою шаралары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Монополияға қарсы орган белгіленген өкілеттіктеріне сәйкес:      1) нарық су...

Толық оқу »