90-7-бап. Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің құқықтары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару, оның ішінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы өтініштерді қарау, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық туралы істерді тергеп-тексеру, экономикалық шоғырлануды реттеу және бәсекелестік деңгейінің жай-күйін айқындау кезінде, өздеріне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын және монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімін көрсеткен кезде:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік органдар мен нарық субъектілерінің үй-жайлары мен аумақтарына кедергісіз кіруге;
2) монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімдерде мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардан, нарық субъектілерінен, лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан жазбаша ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының жол берілген бұзушылық фактілері бойынша жазбаша және (немесе) ауызша түсініктемелер сұратуға және алуға құқығы бар.
Қосымша уақыт шығындары қажет болған жағдайда, осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған тұлғалар монополияға қарсы органға сұрау салу бойынша ақпарат беру мерзімін ұзарту туралы уәжді өтінішпен жүгінуге құқылы.
Сұрау салу бойынша ақпарат беру мерзімін ұзарту туралы немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім уәжді өтініш алынған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде қабылданады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы