Монополияға қарсы заңнаманы бұзуға байланысты әкімшілік істер
Тарифті қалыптастыру, белгілеу, бекіту және тарифтік реттеу әдістерін айқындау.Заңның 6-бабының 2), 3) тармақшаларына сәйкес табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу тарифті қалыптастыру, белгілеу және бекіту, сондай-ақ тарифтік реттеу әдістерін айқындау арқылы жүзеге асырылады.
Заңның 4-бабының 6) тармақшасында жария тыңдаулар – тұтынушыларда есепке алу аспаптары болмаған жағдайда табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын, тариф жобасын талқылау, сондай-ақ тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп беру рәсімі екені айқындалған.
Заңның 8-бабының 9) тармақшасында уәкілетті орган жария тыңдауларды өткізу күні мен орны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жариялау арқылы өткізетіні бекітілген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының (Қағидалар) 403-тармағына сәйкес жария тыңдаулар тарифті айқындау кезінде уәкілетті орган ведомствосымен өткізіледі.
Заңның 25-бабы 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган мерзімді баспасөз басылымында тариф жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы ақпаратты, ал өзінің интернет-ресурсында өткізілген жария тыңдаулардың нәтижелерін, оның ішінде талқылаулар стенограммаларын, қаралған мәселелер бойынша қабылданған шешімдері бар отырыстар хаттамаларын орналастырады.
Осы санаттағы істер бойынша кассациялық сатыда 17 дау қаралған.
Осы санаттағы даулар бойынша мынадай кейстер үлгілік болып табылады:АҚ-ның талабы бойынша (№6001-23-00-6ап/1563), ЖШС-нің талабы бойынша (№6001-23-00-6ап/1079).
Жергілікті соттар талап қоюдан бас тарта отырып, табиғи монополияларды реттеу жөніндегі орталық уәкілетті органның ішкі бақылау нәтижелері бойынша аумақтық органның әрекеттерінде табиғи монополиялар туралы заңнама талаптарының бұзылуы анықталғандықтан, №135-ОД 2021 жылғы 29 қарашадағы бұйрыққа тариф пен тарифтік смета бөлігінде тауарлық газдың бөлшек бағасын белгілеу арқылы өзгерістер енгізу қажеттігі туындағанын негізге алып, жауапкер әрекеттерінің заңдылығы туралы қорытындыға келген.
Жоғарғы Соттың Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы (ЖС ӘІСА) сот актілерінің күшін жоя отырып, өтінімді қарау, оның ішінде тарифті көтеру бойынша есептеулер, өзгертілген тарифті бекіту және қолданысқа енгізу жария тыңдаулар барысында қаралуға тиіс деген қорытындыға келген. Демек, табиғи монополияларды реттеу жөніндегі аумақтық органның тарифті бекіту процесінде рәсімдік әрекеттерді, оның ішінде тиісті құжаттарды дайындау талаптарын сақтамауы бекітілген тарифтік сметаға өзгерістер енгізудің рәсімдік тәртібін бұзуға алып келген, өйткені өзгертілген тарифті бекіту мен қолданысқа енгізу жария тыңдаулар барысында қаралуы тиіс. Осылайша, аумақтық орган АППК-нің 100-бабының бірінші бөлігіне сәйкес жаңа әкімшілік рәсім жүргізуі қажет болған, ал қолданыстағы бұйрыққа өзгерістер енгізбеуі тиіс еді.
ЖШС-нің талабы бойынша (№6001-22-00-6ап/1726) жергілікті соттар аумақтық орган тарапынан заңсыз бас тарту фактісін анықтағанымен, жауапкерді 2021 жылғы 19 мамырдағы өтінім бойынша талапкерге тарифті бекітуге міндеттеу бөлігінде талаптарды қанағаттандыру үшін құқықтық негіздер жоқ деген негізсіз қорытындыға келген.
ЖС ӘІСА тарифті бекіру бөлігіндегі сот актілерінің күшін жоя отырып, жаңа тарифті бекіту туралы өтінім берген сәтте талапкер табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің жергілікті бөлімінде тұрғанын, осыған байланысты тарифті бекіту туралы талап қанағаттандырылуға жататынын көрсеткен.
АҚ-ның талабы бойынша (№6001-23-00-6ап/128) талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, жергілікті соттар даулы бұйрық заңды күші бар нұсқаманы және осы іс үшін преюдициялық маңызы бар сот қаулысын орындау мақсатында шығарылған деген қорытындыға келген. Сот заңды күшіне енген сот актісімен анықталған мән-жайларды қайта қарауға құқылы емес. Бұйрық Заңның 8-бабымен Комитетке берілген құзырет пен өкілеттіктер шегінде және қолда бар әкімшілік қалауына (АППК-нің 11-бабы) сәйкес шығарылған.
ЖС ӘІСА жергілікті соттардың шешімдерінің күшін жойып, істі жаңадан қарауға жібере отырып, Есеп комитеті нұсқамасының заңдылығына құқықтық баға берілмегенін көрсетті, өйткені нұсқамада талапкердің қандай қызмет түрлеріне уақытша өтемдік тариф (УӨТ) енгізу қажет екені көрсетілмеген, алайда табиғи монополияларды реттеу жөніндегі аумақтық орган барлық үш реттелетін қызметке УӨТ енгізген. Бұл мән-жай қаражаттың негізсіз түрде энергия өндіруші ұйымдарға қайтарылуына әкелуі мүмкін, соның салдарынан электр энергиясын түпкілікті тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделері қозғалады.
Осылайша, әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаттарын бұзу оның сипаты мен елеулілігіне қарай әкімшілік актілерді, әкімшілік әрекеттерді (әрекетсіздікті) заңсыз деп тануға, сондай-ақ шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады (АППК-нің 6-бабының төртінші бөлігі).
НОРМАТИВТІК ДЕРЕККӨЗДЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Монополияға қарсы заңнаманы қолдануға байланысты істерді қарау кезінде соттар басшылыққа алуға тиіс негізгі нормативтік құқықтық актілер:
- 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (КК);
- 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘАППК);
- 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (ӘҚБтК);
- 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №204-VІ ҚРЗ «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (Заң);
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы (ЖС ӘІСА);
- Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және оның аумақтық органдары (монополияға қарсы орган);
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық органдары (табиғи монополияларды реттеу жөніндегі уәкілетті орган).
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы