⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 21-бап. Инвестициялық бағдарламаны бекіту және оны өзгерту Табиғи монополиялар туралы Заңы

21-бап. Инвестициялық бағдарламаны бекіту және оны өзгерту Табиғи монополиялар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

21-бап. Инвестициялық бағдарламаны бекіту және оны өзгерту Табиғи монополиялар туралы Заңы 

      1. Инвестициялық бағдарлама Қазақстан Республикасының даму басымдықтары және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері ескеріле отырып әзірленеді және: 

       1) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың технологиялық циклінде тікелей пайдаланылатын қолданыстағы активтерді кеңейтуге, жаңғыртуға, реконструкциялауға, жаңартуға, жаңа активтерді жасауға;  

       2) энергия үнемдеуді қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға;  

       3) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды көздейді.  

      2. Инвестициялық бағдарламаны: 

      1) уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін сақтау және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуі тұрғысынан; 

       2) құзыреті осы Заңның 9 және 10-баптарында көзделген өзге мемлекеттік орган не жергілікті атқарушы орган, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыру мақсатында технологиялық негізділік және реттеліп көрсетілетін қызметтерге тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру тұрғысынан қарайды. 

       3. Инвестициялық бағдарламаның жобасын қараған кезде:  

       1) осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін; 

      2) қаржыландыру көзімен қамтамасыз етілмеген; 

       3) негіздейтін құжаттармен расталмаған іс-шаралар алып тасталады.  

       Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес инвестициялық бағдарламаның барлық іс-шараларын алып тастау инвестициялық бағдарламаны бекітуден бас тартуға негіз болып табылады.  

       4. Құзыреті осы Заңның 8, 9 және 10-баптарында көзделген уәкілетті органның, өзге мемлекеттік органның не жергілікті атқарушы органның инвестициялық бағдарламаны бекітуден бас тартуы тарифті бекітуден бас тартуға негіз болып табылады. 

      4-1. Уәкілетті органның және тиісті салада басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның не жергілікті атқарушы органның бірлескен шешімімен инвестициялық бағдарламаны бекітуден бас тарту қабылданады. 

      5. Инвестициялық бағдарлама тарифтің қолданылу мерзіміне бекітіледі. 

      6. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы және оны іске асыру үшін тартылған қарыз қаражатының қайтарылуы, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру үшін тартылған қаражаттың қайтарылуы: 

      тарифте есепке алынған пайданың және амортизациялық аударымдардың есебінен; 

      Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады. 

       7. Табиғи монополия субъектісі құзыреті осы Заңның 8, 9 және 10-баптарында көзделген уәкілетті органға және (немесе) өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға бекітілген инвестициялық бағдарламаны тарифті жоғарылатпай өзгерту туралы өтінішпен ағымдағы жылғы 1 қарашаға дейін бір мезгілде жүгінуге құқылы.  

      Мемлекеттік бағдарламалар және (немесе) ұлттық жобалар, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары іске асырылған жағдайда, табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға және (немесе) өзге мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. 

      8. Табиғи монополия субъектісі бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер (шарттың екінші тарапы міндеттемелерін орындамауы, конкурсты (тендерді) өткізілмеді деп тану, еңсерілмейтін күштің мән-жайлары салдары) бойынша орындамаған жағдайда, бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау мерзімдері олар іске асырылатын жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін келесі күнтізбелік жылға ауыстырылуы мүмкін. 

      Бекітілген ивестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау мерзімдерін қайта ауыстыруға жол берілмейді. 

      Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.06.2022 № 130-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы