Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 25-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу процесінің жариялылығы Табиғи монополиялар туралы Заңы

25-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу процесінің жариялылығы Табиғи монополиялар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

25-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу процесінің жариялылығы Табиғи монополиялар туралы Заңы 

      1. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу процесінің жариялылығы: 

      1) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеуге қатысты ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырумен; 

      2) жария тыңдаулар өткізумен; 

      3) табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есептер беруін өткізумен; 

      4) тұтынушылар мен уәкілетті органға тарифті қолданысқа енгізу туралы хабарлаумен; 

      5) бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуына және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге қоғамдық мониторинг және техникалық сараптама жүргізумен қамтамасыз етіледі. 

       2. Табиғи монополия субъектісі осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзімдерде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) өзінің интернет-ресурсында тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және негіздемелермен бірге табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерін, оның ішінде қаржылық есептілікті орналастырады. 

      3. Уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында: 

      1) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін; 

      2) уәкілетті органның құқықтық актілерін; 

       3) осы баптың 7-тармағында белгіленген талаптарды ескере отырып, электрондық жеткізгіште ұсынылған қоса берілетін құжаттармен бірге өтінімді; 

      4) бекітілген, белгіленген және айқындалған тарифтерді; 

      5) бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаларды; 

      6) табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерін; 

       7) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісінің жекелеген әрекеттерді жасауына берілген келісімдердің, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыру туралы қабылданған хабарламалардың тізілімін;  

      8) табиғи монополиялар субъектілерін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулыларды; 

      9) уәкілетті органның қатысуымен өткен талқылаулардың қорытындысы бойынша соттардың шешімдерін; 

      10) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін; 

      11) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштерін; 

      12) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға қатысты өзге де ақпаратты орналастырады. 

      4. Тарифтің жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар Қазақстан Республикасы Құрылтайының, мәслихаттардың депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар шақырыла отырып өткізіледі. 

      5. Уәкiлеттi орган мерзімді баспасөз басылымында – тарифтің жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулардың өткізілетін күнi мен орны туралы ақпаратты олар өткізілетін күннен күнтізбелік отыз күн бұрын, ал өзінің интернет-ресурсында тарифтің жобасын талқылау бойынша өткізілген жария тыңдаулардың нәтижелерін, оның ішінде талқылаулардың стенограммаларын, қаралатын мәселелер бойынша қабылданған шешімдерімен бірге отырыстардың хаттамаларын олар өткізілген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде орналастырады. 

      Егер жария тыңдаулар табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерге, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді белгілеуге өтінімдер қаралатын кезде өткізілсе, уәкілетті орган тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы ақпаратты қосымша жариялайды. 

      Тариф индекстеу әдісімен белгіленген кезде және жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде тариф айқындалған кезде табиғи монополия субъектісі жария тыңдаулар өткізілерден күнтізбелік отыз күн бұрын олардың өткізілетін күні мен орны туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында не тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырады.

      6. Табиғи монополия субъектісі ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептер беруді өткізеді. 

      6-1. Табиғи монополия субъектілері уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бизнес-әріптестер тізілімін құру, жүргізу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ақпарат береді. 

      6-2. Табиғи монополиялар субъектілері сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде: 

      1) мыналар: 

      резерв; 

      белгіленген қуат және (немесе) сыйымдылық; 

      бос және қолжетімді қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың бар-жоғы; 

      желілердің өткізу қабілеттілігі; 

      орналасқан жері (елді мекен көшелерінің атауын көрсете отырып); 

      ұзындығы; 

      брондалған қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың саны және олардың брондау мерзімдері; 

       көрсетілетін қызметтерді түпкі тұтынушыларға ұсыну үшін технологиялық процесте пайдаланылатын бос емес қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың саны туралы ақпаратты;  

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді немесе өзге де мүлікті орналастыру схемаларын машинамен оқылатын түрде орналастырады және (немесе) жаңартып отырады. 

      7. Табиғи монополия субъектісі тарифті бекіту үшін және осы Заңда көзделген міндеттерін орындаған кезде ұсынған кез келген ақпарат коммерциялық деп танылмайды. 

      8. Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп беру жария тыңдау нысанында өткізіледі. 

      9. Алда есеп беруді өткізу туралы хабарландыруды Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісі – аптасына бір реттен сиретпей шығарылатын және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында, ал Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісі аптасына бір реттен сиретпей шығарылатын және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында және (немесе) өзінің интернет-ресурсында ол өткізілгенге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жариялайды және ол мынадай мәліметтерді қамтиды: 

      1) табиғи монополия субъектісінің атауы және орналасқан жері; 

      2) есеп берудің өткізілетін күні мен орны; 

      3) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрі. 

       10. Есеп беру өткізілуден бір ай бұрын табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға хабарлайды.  

       11. Алдағы есеп беруді өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін табиғи монополия субъектісі осы баптың 13-тармағында көзделген ақпаратты есеп беру өткізілуден бес жұмыс күні бұрын өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал ол болмаған жағдайда, уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсынады. 

      12. Табиғи монополия субъектісі есеп беруге қатысуға ниет білдіргендердің барлығына өткізілетін орынға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. 

      Жария тыңдаулар, табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы есептері онлайн-трансляция ұйымдастыру арқылы да жария тыңдауларға қатысушылардың кедергісіз қол жеткізуі қамтамасыз етіле отырып өткізіледі. 

      Елде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері, табиғи монополиялар субъектілері жария тыңдауларды, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы есептерді онлайн-трансляциялар арқылы өткізеді. 

      Жария тыңдаулар онлайн-трансляциялар арқылы өткізілген кезде уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі жария тыңдаулар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурста жария тыңдаулардың күнін, уақытын және онлайн-трансляцияға сілтемені көрсете отырып, алдағы жария тыңдау туралы хабарландыруды орналастырады. 

      Егер табиғи монополия субъектісінің қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндетті аудитке жататын болса, оны бұқаралық ақпарат құралдарында осы баптың 2-тармағында көзделген орналастыру аудит аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады. 

      13. Табиғи монополия субъектісінің сөйлейтін сөзі табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес негіздемелері бар ақпаратты қамтуға тиіс. 

       14. Табиғи монополия субъектісі тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы өз сөйлейтін сөзінде ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы туралы толық түсіндірме береді.  

       15. Осы баптың 2-тармағында, 5-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде және 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтарында көзделген талаптар қуаты аз табиғи монополиялар субъектілеріне және жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

90-3-бап. Монополияға қарсы органға басшылық Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-3-бап. Монополияға қарсы органға басшылық Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Монополияға қарсы органға басшылықты оның бірінші басшысы жүзеге асырады.Қазақс...

Толық оқу »

Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану және монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер

Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану және монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер КК-нің 172-бабына сәйкес тиісті тауар нарығындағы нарық...

Толық оқу »

90-4-бап. Монополияға қарсы органның басқа мемлекеттердiң монополияға қарсы органдарымен өзара iс-қимылы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-4-бап. Монополияға қарсы органның басқа мемлекеттердiң монополияға қарсы органдарымен өзара iс-қимылы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Еуразиялық эконо...

Толық оқу »

209-бап. Монополияға қарсы органның жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама бойынша шешiм қабылдауы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

209-бап. Монополияға қарсы органның жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама бойынша шешiм қабылдауы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Егер жасалға...

Толық оқу »

174-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

174-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тиiс...

Толық оқу »

231-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланған жағдайларда мәжбүрлеп бөлу немесе бөліп шығару Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

231-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланған жағдайларда мәжбүрлеп бөлу немесе бөліп шығару Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Егер үстем...

Толық оқу »

29-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау саласындағы мемлекеттік монополия Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы Заңы

29-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау саласындағы мемлекеттік монополияЖеке басты куәландыратын құжаттар туралы Заңы      Осы Заңның 6-бабының 1-тармағы бірінші...

Толық оқу »

90-2-бап. Монополияға қарсы органның міндеттері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-2-бап. Монополияға қарсы органның міндеттері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Монополияға қарсы органның міндеттері:      1) адал бәсекелестікті дамытуға...

Толық оқу »

Монополияға қарсы органның қызметін жүзеге асыру шеңберінде ақпаратты талап ету монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер

Монополияға қарсы органның қызметін жүзеге асыру шеңберінде ақпаратты талап ету монополияға қарсы заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істер КК-нің 90-6-бабының 21)-тармақша...

Толық оқу »

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы тексерулер мен нұсқамаларды тағайындау туралы актілерді заңсыз деп тану және олардың күшін жою

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы тексерулер мен нұсқамаларды тағайындау туралы актілерді заңсыз деп тану және олардың күшін жою№ 6...

Толық оқу »

Тарифті қалыптастыру, белгілеу, бекіту және тарифтік реттеу әдістерін айқындау заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істе

Тарифті қалыптастыру, белгілеу, бекіту және тарифтік реттеу әдістерін айқындау заңнаманы бұзумен байланысты әкімшілік істе Табиғи монополияларды реттеу нарықтың экономикалық н...

Толық оқу »

714-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган

714-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган 1. Та...

Толық оқу »

Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу жөніндегі іс-қимылдарға шағымдану

Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу жөніндегі іс-қимылдарға шағымдануЗаңның 11-бабына сәйкес уәкілетті орган қалыптастыратын реттеліп көрсетілетін...

Толық оқу »

124-6-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

124-6-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлі...

Толық оқу »

Табиғи монополия субъектісі-заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, сондай-ақ оның қызметін тоқтатуды тіркеу

Табиғи монополия субъектісі-заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, сондай-ақ оның қызметін тоқтатуды тіркеуӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес табиғи монополиялар салалар...

Толық оқу »

195-1-бап. Монополияға қарсы комплаенс Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

195-1-бап. Монополияға қарсы комплаенс Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықта...

Толық оқу »

23-1-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия  Мемлекеттік статистика туралы Заңы

23-1-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополияМемлекеттік статистика туралы Заңы      1. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополияға мынада...

Толық оқу »

23-бап. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүзеге асыруы Табиғи монополиялар туралы Заңы

23-бап. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүзеге асыруыТабиғи монополиялар туралы Заңы      1. Осы бап және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру...

Толық оқу »

2-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы  Табиғи монополиялар туралы Заңы

2-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасыТабиғи монополиялар туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы Қаз...

Толық оқу »

12-бап. Табиғи монополиялар салаларының тарифтік реттеу әдістері Табиғи монополиялар туралы Заңы

12-бап. Табиғи монополиялар салаларының тарифтік реттеу әдістеріТабиғи монополиялар туралы Заңы      1. Тарифті қалыптастыру кезінде табиғи монополиялар салаларының мынадай та...

Толық оқу »

Кіріс сомасының есебін, монополиялық кірістің егжей-тегжейлі есебін ұсыну міндетін жүктеу туралы

Кіріс сомасының есебін, монополиялық кірістің егжей-тегжейлі есебін ұсыну міндетін жүктеу туралы07.12.2023 ж. № 6001-23-00-6ап / 1428Талапкер: "А" ЖШС (бұдан әрі - Серіктестік...

Толық оқу »

6-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу  Табиғи монополиялар туралы Заңы

6-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеуТабиғи монополиялар туралы Заңы      Табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу:      1)...

Толық оқу »

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 2 шілдеде...

Толық оқу »

713-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің монополияға қарсы органы

713-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің монополияға қарсы органы 1. Монополияға қарсы орган 160-баптарда (бірінші бөлікт...

Толық оқу »

173-бап. Реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

173-бап. Реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлі...

Толық оқу »

164-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы Заңнамасын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу

164-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы Заңнамасын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін бұзу 1. Табиғи мон...

Толық оқу »

24-бап. Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі Табиғи монополиялар туралы Заңы

24-бап. Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігіТабиғи монополиялар туралы Заңы      1. Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі:     ...

Толық оқу »

11-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру  Табиғи монополиялар туралы Заңы

11-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыруТабиғи монополиялар туралы Заңы      1. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкер...

Толық оқу »

175-бап. Тауардың монополиялық жоғары және монополиялық төмен бағасы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

175-бап. Тауардың монополиялық жоғары және монополиялық төмен бағасы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъект...

Толық оқу »

9-2-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия Байланыс туралы Заңы

9-2-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополияБайланыс туралы Заңы      1. Мемлекеттік техникалық қызмет киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласы...

Толық оқу »

Табиғи монополиялар салаларында әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтердің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Табиғи монополиялар салаларында әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтердің үлгілік қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары...

Толық оқу »

10-бап. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардыңжергілікті атқарушы органдарының құзыреті Табиғи монополиялар туралы Заңы

10-бап. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіТабиғи монополиялар туралы Заңы      Астананың, облыстардың, респу...

Толық оқу »

21-бап. Инвестициялық бағдарламаны бекіту және оны өзгерту Табиғи монополиялар туралы Заңы

21-бап. Инвестициялық бағдарламаны бекіту және оны өзгертуТабиғи монополиялар туралы Заңы      1. Инвестициялық бағдарлама Қазақстан Республикасының даму басымдықтары және әле...

Толық оқу »

90-5-бап. Монополияға қарсы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-5-бап. Монополияға қарсы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Монополияға қарсы орган өз өкілеттіктері шегі...

Толық оқу »

31-1-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің кәбілдік кәрізді беруі Байланыс туралы Заңы

31-1-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің кәбілдік кәрізді беруіБайланыс туралы Заңы      Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қоспағанда, кәбілдік кәрізді мүліктік...

Толық оқу »

11-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

11-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополияЖануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы      1...

Толық оқу »

166-бап. Метеорологиялық, гидрологиялық мониторинг пен қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы мемлекеттік монополия Қазақстан Республикасының Экология кодексі

166-бап. Метеорологиялық, гидрологиялық мониторинг пен қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы мемлекеттік монополия Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Ұл...

Толық оқу »

Монополияға қарсы органның тарифтерді (шекті деңгей, уақытша өтемдік) және тарифтік сметаны бекіту туралы бұйрықтарына шағымдану

Монополияға қарсы органның тарифтерді (шекті деңгей, уақытша өтемдік) және тарифтік сметаны бекіту туралы бұйрықтарына шағымдану2018 жылғы 27 желтоқсандағы Заңның 15-бабына сә...

Толық оқу »

197-бап. Реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері қызметінің мониторингі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

197-бап. Реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері қызметінің мониторингі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Қазақстан...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттіктің) кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттіктің) кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 шілдедегі...

Толық оқу »