41-бап. Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды банктік қаржыландыру Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды банктік қаржыландыруға осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның 40-бабының ережелері қолданылады.
Осы баптың мақсаттары үшін исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалынан тауарды сатып алатын және оны кейіннен үшінші тұлғаға сататын жеке немесе заңды тұлға исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын көрсетілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының клиенті деп аталады.
2. Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру деп мынадай талаптар сақтала отырып, коммерциялық кредит туралы шарт бойынша жүзеге асырылатын мәміле танылады:
1) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын көрсетілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының клиенті коммерциялық кредит туралы шарттың тараптары болып табылады. Коммерциялық кредит туралы шартта исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының клиенті тауарды кейіннен сатуды жүзеге асыратын үшінші тұлға (осы баптың мақсаттары үшін – үшінші тарап) көрсетіледі;
2) коммерциялық кредит туралы шарт бойынша исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы клиентінің тауарды сатып алуы, сондай-ақ көрсетілген клиенттің тауарды үшінші тарапқа кейіннен сатуы исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қатысуымен жүргізіледі;
3) коммерциялық кредит исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының клиенті исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалынан клиент сатып алған тауарды үшінші тарапқа өткізуі шарттарымен беріледі.
Коммерциялық кредит туралы шарт бойынша өткізілген тауарға меншік құқығы коммерциялық кредит туралы шарт жасалғаннан кейін дереу үшінші тарапқа өтеді. Үшінші тараптың тауардың ақысын төлеуі тауар мен тауардың құжаттары өзіне берілгеннен кейін кідіртілместен, мұндай тауарды исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тауар берушіден сатып алу бағасы бойынша жүргізіледі;
4) коммерциялық кредит туралы шартта тауар ретінде халықаралық тауар биржаларында өткізілетін және исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы халықаралық тауар биржаларында не Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі биржадан тыс нарықта сатып алатын тауар айқындалады. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және олардың клиенті сол бір тауарды коммерциялық кредит туралы бірнеше шарт бойынша бір мезгілде сатуды жүзеге асыруға құқылы емес;
5) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының клиенті коммерциялық кредит туралы шартта көрсетілген тауарды исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының үстемақысын есепке алмастан, коммерциялық кредит туралы шартта көрсетілген көлемде және баға бойынша үшінші тарапқа кейіннен сатуды жүзеге асырады;
6) тауарды исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына сатуды жүзеге асыратын тауар сатушы тауарды кейіннен сату жүргізілетін үшінші тарап бола алмайды;
7) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, олардың клиенті және үшінші тарап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзара байланысты тараптар болып табылмайды.
3. Осы баптың 2-тармағы 4) тармақшасының мақсаттары үшін мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін тауар биржасы халықаралық тауар биржасы деп танылады:
тауар биржасы тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асырады;
тауар биржасында жасалған биржалық мәмілелердің көлемі мен саны жөніндегі ақпарат Дүниежүзілік биржалар федерациясының интернет-ресурсында орналастырылған статистикалық есептерде жарияланады.
Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу және сату жүргізілетін халықаралық тауар биржаларының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Банктер және банк қызметі туралы Заңы күші жойылды Қабылданған 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы Заңымен.
41-бап. Банктерге және олардың лауазымды адамдарына қолданылатын шаралар. Банктiк реттеу тәсiлдерi 4-тарау. Банктердің қызметін реттеу Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
Банкiлердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкiлеттi орган банкiлердiң қызметiн реттеудi, соның iшiнде:
күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкiлер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 41-баптың бірінші бөлігінің үшінші абзацы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
осы Заңның 1-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктердің қызметін реттеу саласында банктердің орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау арқылы реттеудi жүзеге асырады. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады;
банкiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып шығару;
банкiлердiң қызметiн тексеру;
қадағалап ден қою шараларын қолдану;
санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.
Банктердің қызметін реттеу жекелеген банктерге қатысты да, шоғырландырылған негізде де, яғни банк конгломератына қатысты да жүзеге асырылады. Шоғырландырылған қадағалау ережелерін уәкiлеттi орган белгілейді.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы