Діни араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.
Түркістан облысы Мақтаарал АПБ-нің өнідірісіндегі №255143031000056 санды қылмыстық ісін тергеу барысында, 15.03.2025 жылы «Атакент бауырлар» және «Бауырлар» тобына тасталған аудио және бейне жазбаларға біржолғы тәртіппен сот-дінтанушылық сараптамасы тағайындалған. 21.04.2025 жылы №61 санды біржолғы тәртіппен сот-дінтанушылық сараптамасынның қорытындысында 22.01.1999ж.т.
ЭШЧ «Атакент бауырлар» және «Бауырлар» тобына тастаған аудио және бейнежазбасында әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыратын белгісі бар қорытындыға сәйкес аудио бейнежазбалар жібергендігі анықталды.
Аталған жәйіт бойынша 14.05.2025ж. Мақтаарал АПБ-мен ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігімен №255143031000127 санды сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Мақтаарал АПБ-мен 08.07.2025ж. Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мақтаарал а/о, Е.. е/м, Б... көшесі №48 үй тұрғыны 22.01.1999ж.т.
Э ШЧ ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігінде көзделген «дiни алауыздықты қоздыру» қылмысын қасақана жасаған деп күдікті ретінде танылған. 08.07.2025ж.
Ш.Э осы қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылып, 08.07.2025ж. оған қатысты ҚР ҚК-тің 174-бабы 1-бөлігі бойынша күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылды.
Алайда, Ш.Этың қайда екендігі анықталмауына байланысты 08.07.2025ж. күдіктіге іздеу жарияланған.
08.07.2025ж. Мақтаарал АПБ-мен Ш.Эты күзетпеу ұстауға Мақтаарал аудандық сотына өтінішхат жолданып, санкцияланған болатын.
Сонымен қатар, 28.07.2025ж. күдіктіні халықаралық іздестіруді жариялау туралы өтінішхат Мақтаарал аудандық сотымен қанағаттандырылған болатын. 21.04.2025 жылы №61 санды сот-дінтанушылық сараптамасының қорытындысына келесідей тұжырымдалған:
1. Зерттелетін материалдардың мәтіндеріндегі идеялар ислам дінінің салафизм ағымына тиесілі екенін көрсетті.
2. Зерттеуге ұсынылған материалдарда бір діни топтың (салафизмді жақтаушылар) екінші топқа (иудейлер мен христиандар, ахлю бидда, шииттер, рафидиттер, суфилер) діни араздығын, алауыздығын уағыздайтын идеялар бар.
3. Зерттеуге ұсынылған материалдарда діни уәждер бойынша жиһад жасау, өзін-өзі құрбан ету, соғыс және зорлық-зомбылық идеялары жоқ.
4. Зерттеуге ұсынылған материалдарда ҚР аумағында теократиялық құрылысты орнатуды насихаттайтын идеялар жоқ.
5. Зерттеуге ұсынылған материалдарда терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға шақыру белгілері жоқ.
6. Зерттеуге ұсынылған материалдарда терористтік не экстриемистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыруға бағытталған сөздер жоқ.
7. Зерттеуге ұсынылған материалдарда Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билікті күшпен басып алуды немесе билікті күшпен ұстап тұруды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау белгілері жоқ.- деп көрсетілген.
29.04.2026ж. Мақтаарал АПБ-не Ш.Этың қорғаушысы Ғ.Саржановтан №35 сот-дінтанушылық сараптама қорытындысын осы қылмыстық іске қоса тіркеу туралы өтінішхаты келіп түскен. №35 сот сот-дінтанушылық сараптама қорытындысында келесідей тұжырымдалған:
1. Ұсынылған зерттеу материалдарының мәтіндік мазмұнында; (Screenshot_20250313_115239_WhatsApp,Screenshot_20250313_133530_WhatsAp p, Screenshot_20250313_133534_WhatsApp, VID-20250201-WA0068, VID 20250217-WA0070) ислам дінінің салафиттік бағытына (сунниттік діни ілім аясындағы) тән идеялар насихатталады.
2. Ұсынылған зерттеу материалдарының мазмұнында (Screenshot_20250313_115239_WhatsApp,Screenshot_20250313_133530_WhatsAp p, Screenshot_20250313_133534_WhatsApp, VID-20250201-WA0068, VID 20250217-WA0070), яғни флеш-картада қамтылған материалдарда бір діни топтың екіншісіне қатысты жаулық, діни өшпенділік немесе алауыздық идеялары насихатталмайды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 08.05.2026ж. ҚР ҚПК-нің 287 бабы 3-бөлігіне сай, Сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткiлiктi түрде негiздi болмағанда не оның түйіндері күмән туғызған не сараптаманы тағайындау мен жүргізу туралы процестік нормалар елеулi түрде бұзылған жағдайларда, дәл сол объектiлердi зерттеу және дәл сол мәселелердi шешу үшiн қайталама сот-дінтанушылық сарапатамасы тағайындалған болатын.
03.06.2026ж. №Э/26/4/3127 санды қайталама сот-дінтанушылық сараптама қорытындысына сай:
1. Э ШЧтің «Whatsapp» әлеуметтік желісі арқылы «Атакент бауырлар» және «БАуырлар» тобына жіберген (Screenshot_20250313_115239_WhatsApp,Screenshot_20250313_133530_Whats App, Screenshot_20250313_133534_ WhatsApp, VID-20250201-WA0068, VID 20250217-WA0070) скриншот, аудио және бейнежазбасында бір діни топтың басқасына қарсы діни араздықтың идеялары жоқ. –деп көрсетілген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 19-бабының 3 бөлігінде күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күмән олардың пайдасына түсiндiрiледi - деп көрсетілген.
02.07.2026ж. күдікті ретінде танылған Ш.Э. іс-әрекеті расталмауына байланысты оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жою қажеттілігі туындап отыр.
Баяндалғанның негізінде, ҚР ҚПК 153, 198-баптарын басшылыққа ала отырып, Мақтаарал АПБ ТБ тергеушісі ҚАУЛЫ ЕТТІ: 1. Күдікті Э.Ш.Ч. қатысты алынған бұлтартпау шарасының халықаралық iздестiрудi жариялау туралы күшін жоюды.
Сонымен қатар Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде Ш.Этың іс-әрекетінде Қазақстан Республикасы ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы жоқ болуына байланысты тергеп-тексеру ісін ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігі 2 тармағын, 198, 288, 289-баптарын басшылыққа ала отырып, Мақтаарал АПБ ТБ тергеушісі ҚАУЛЫ ЕТТІ: 1. №255143031000127 қылмыстық істі ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігі 2 тармағына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты, тоқтатылсын.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау