1108-бап. Заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Мүлiкке заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, заттық құқықтың пайда болуы не тоқтатылуы үшiн негiз болған iс-әрекет немесе өзге де мән-жайлар орын алған кезде сол мүлiк болған елдiң құқығы бойынша анықталады.
2. Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, мәмiленiң нысанасы болып табылатын мүлiкке заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы, елдiң осы мәмiле бағындырылған құқығы бойынша анықталады.
3. Алыну мерзiмiнiң ескiруi салдарынан мүлiкке меншiк құқығының пайда болуы аяқталған алу мерзiмiнiң ескiрген кезiнде болған елдiң құқығымен анықталады.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы